Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорымен ынтымақтастығының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 мамырдағы N 790 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне мүшелігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ұлттық валютадағы 247500000 (екі жүз қырық жеті миллион бес жүз мың) СДР (арнайы қарыз алу құқығы) барабар сомаға Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорының жарғылық капиталына жазылуы есебіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығарған 1995 жылғы 27 ақпандағы N 1 қазынашылық Вексельді қайтарып алсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қазынашылық Вексельді қайтарып алған күннен бастап екі ай мерзімде ұлттық валютадағы 247500000 (екі жүз қырық жеті миллион бес жүз мың) СДР (қарыз алудың арнайы құқықтары) барабар сомаға Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорының жарғылық капиталына жазылуы есебіне Қазақстан Республикасының атынан вексель шығаруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады