Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 171 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 маусымдағы N 812 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 171 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат беру ережесінде:
      4-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Республикалық бюджеттен берілетін субсидиялар (бұдан әрі - субсидиялар) қаржы институттары ұлттық валютада беретін кредиттер (қарыздар, лизинг) бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті қаржы жылында кредит шарты (қарыз шарты, қаржы лизингі шарты) бойынша өтеу күнгі қолданыстағы қайта қаржыландыру ставкасы мөлшерінде ұсынылады. Қаржы институттары шетелдік валютада беретін кредиттер бойынша субсидиялар сыйақы (мүдде) ставкасының 50 %-ы (елу пайызы) мөлшерінде ұсынылады. Қаржы институттары меншікті және/немесе тартылған қаражат есебінен беретін кредит (қарыз, лизинг) сомасы 500000000 (бес жүз миллион) теңгеден немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кредит (қарыз, лизинг) берілетін күнгі қолданыстағы ресми бағамы бойынша шетелдік валютадағы баламасынан аспауы тиіс.";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қаржы институты шетелдік валютада берген кредит (қарыз, лизинг) бойынша субсидиялар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кредит шарты (қарыз шарты, қаржы лизингі шарты) бойынша өтеу күнгі қолданыстағы бағамы бойынша теңгемен төленеді, бұл ретте шекті пайыздық ставка жылдық 17 %-дай (он жеті пайыздан) аспауы тиіс.";
      11-тармақтың 4) тармақшасы "теңгеден" деген сөзден кейін "немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кредит (қарыз, лизинг) берілетін күнгі қолданыстағы ресми бағамы бойынша шетелдік валютадағы баламасынан" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады