"Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі N 1465 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның халық ақыны, дәстүрлі музыканың көрнекті өкілі, композитор, әнші Кенен Әзірбаевтың туғанына 125 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 5 маусымдағы
N 824 қаулысымен
бекітілген
Қазақстанның халық ақыны, дәстүрлі музыканың көрнекті өкілі, композитор, әнші Кенен Әзірбаевтың туғанына 125 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с |
Іс-шараның атауы |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу мерзімі |
Қаржыландыру көздері |
Болжамды шығыстар (мың теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Қордай ауданының Кенен ауылында мәдени іс-шаралар өткізу |
Жамбыл облысының әкімі |
2009 жылғы маусым |
Жергілікті бюджет |
1150,0 |
2 |
Кенен Әзірбаевтың 125 жылдығына арналған айтыс өткізу |
Жамбыл облысының әкімі |
2009 жылғы маусым |
Жергілікті бюджет |
10000,0 |
3 |
Өнер шеберлерінің Кенен Әзірбаевтың 125 жылдығына арналған салтанатты жиналыс-концертін өткізу |
Алматы қаласының әкімі |
2009 жылғы қыркүйек |
Жергілікті бюджет |
1471,0 |
4 |
Кенен Әзірбаев атындағы "Шырқа даусым!" атты V конкурсын өткізу, конкурс лауреаттары туралы буклет шығару |
Жамбыл облысының әкімі |
2009 жылғы қазан |
Жергілікті бюджет |
11000,0 |
5 |
Кенен Әзірбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған салтанатты концерт өткізу |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
2009 жылғы қазан |
011 "Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шаралар өткізу" республикалық бюджеттік бағдарламасы |
4050,5 |
Жиыны: |
Республикалық бюджет |
4050,5 |