Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Ұйымдасқан қылмысқа, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың және оларды өндіруге пайдаланылатын химиялық заттардың заңсыз айналымына, терроризмге және қылмыстың өзге де түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы N 917 қаулысында :
2-тармақта "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжановқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Серік Нұртайұлы Баймағанбетовке" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 83 қаулысында :
2-тармақта "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжановқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Серік Нұртайұлы Баймағанбетовке" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов