Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2009 — 2012 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 маусымдағы N 927 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2009 — 2012 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жарты жылдықтың қорытындылары бойынша, 20 қаңтардан және 20 шілдеден кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жарты жылдықтың қорытындылары бойынша, 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.Н. Ахметовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 17 маусымдағы
N 927 қаулысымен  
бекітілген     

Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық
дамытудың 2009 - 2012 жылдарға арналған кешенді жоспары

Р/с
N

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімдері

Болжалды шығыстар (млн.теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1. Көлік кешені

1.1.

"Семей - Қайнар" автомобиль жолының 0 - 8 км учаскесін реконструкциялауды қамтамасыз ету

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ақпарат

ККМ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2011 жылғы 3-тоқсан

2010 жылы - 57,1* 2011 жылы - 576,0*

Республикалық бюджет

1.2.

Жаңа аялдама пункттерін салу және қолданыстағыларын жайластыру

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2010-2012 жылдар 3-тоқсан

2010 жылы - 12,0 2011 жылы - 15,0 2012 жылы - 17,0

Жергілікті бюджет

1.3.

Семей қаласы көшелерінің көлік жүретін бөлігіне орташа және ағымдағы жөндеу жүргізу

Экономика және бюджеттік  жоспарлау министрлігіне ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2010-2012 жылдар 3-тоқсан

2010 жылы - 208,0 2011 жылы - 224,0 2012 жылы - 258,0

Жергілікті бюджет

1.4.

Семей қаласы көшелерінің жүру бөлігін қайта салуды қамтамасыз ету

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2010-2012 жылдар 3-тоқсан

2010 жылы - 357,0 2011 жылы - 231,0 2012 жылы - 500,0

Жергілікті бюджет

2. Сумен жабдықтау

2.1.

Смычка аралындағы бұдан бұрын барланған жер асты су көздерінің қорларын қайта бағалау үшін іздеу-барлау жұмыстарын, Свобода аралында және қаланың Затонская бөлігіндегі, сондай-ақ Жазық және Новобаженова ауылдарындағы жер асты су көздерін барлауды жүргізу

Экономика және бюджеттік жоспарлау  министрлігіне ақпарат

ЭМРМ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2010, 2011 жылдар 3-тоқсан

2010 жылы - 73,5* 2011 жылы - 31,5*

Республикалық бюджет

2.2.

Семей қаласының сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялаудың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2011 жылғы 3-тоқсан

2011 жылы - 24,0

Жергілікті бюджет

2.3.

Свобода, Смычка, Большой аралдарында су жинағыш құрылыстарды реконструкциялауға, қала аудандарында 3-ші көтергіш сорғы станцияларын және су құбыры жүйелерін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2011, 2012 жылдар 3-тоқсан

2011 жыл - 63,0 2012 жыл - 104,0

Жергілікті бюджет

2.4.

Семей қаласындағы және Семей қаласына әкімшілік бағыныстағы ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау жөнінде ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ұсыныстар

ИСМ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2009 жылғы тамыз

Талап етілмейді


3. Су бұру

3.1.

Семей қаласының су бұру жүйелерін реконструкциялаудың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2011 жылғы 4-тоқсан

2011 жыл - 14,0

Жергілікті бюджет

3.2.

Семей қаласының су бұру жүйелерін реконструкциялауға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2012 жылғы 4-тоқсан

2012 жыл - 99,0

Жергілікті бюджет

3.3.

Семей қаласында ағынды суды биологиялық тазартатын тазарту құрылыстарын реконструкциялауды және кеңейтуді қамтамасыз ету

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ақпарат

Қоршағанортамині, Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2010-2012 жылдар 4-тоқсан

2010 жылы - 650,0* 2011 жылы - 2000,0* 2012 жылы - 2342,0*

Республикалық бюджет

3.4.

Семей қаласының жолдарында дренаж-нөсер кәрізін салу

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2010-2012 жылдар 4-тоқсан

2010 жылы - 12,0 2011 жылы - 65,0 2012 жылы - 65,0

Жергілікті бюджет

3.5.

Семей қаласында Ертіс өзені арқылы өтетін кәріз дюкерін реконструкциялауды қамтамасыз ету

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне  ақпарат

Қоршағанортамині, Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2010 жылғы 4-тоқсан

2010 жылы - 442,9*

Республикалық бюджет

3.6.

Семей қаласының Холодный ключ кентіне кәріз желілерін салу:

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының әкімі




а) жобаға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;

2011 жылғы 3-тоқсан

2011 жылы - 9,0

Жергілікті бюджет

б) кәріз желілерін салу

2012 жылғы 4-тоқсан

2012 жылы - 120,0

Жергілікті бюджет

4. Энергиямен жабдықтау

4.1.

Семей қаласын жылумен жабдықтаудың қолданыстағы жүйесін жаңғыртуды және реконструкциялауды қамтамасыз ету

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ақпарат

ЭМРМ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2009-2011 жылдар 4-тоқсан

2009 жылы - 2257,3 2010 жылы - 3500,0* 2011 жылы - 7500,0*

Республикалық бюджет

4.2.

Семей қаласын жылумен жабдықтаудың бар схемасын түзетуді аяқтау, нәтижелері бойынша Семей қаласының жылумен жабдықтау жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар

Шығыс Қазақстан облысының әкімі, ЭМРМ

2009 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді


5. Денсаулық сақтау

5.1.

Семей қаласында облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығын салуды (3-кезек) аяқтау:

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ақпарат





а) жобаға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2010 жылғы 3-тоқсан

2010 жылы - 150,0

Жергілікті бюджет

б) объектіні салуды аяқтау және медициналық жабдықты орнатуды қамтамасыз ету

ДСМ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2010, 2011 жылдар 4-тоқсан

2011 жылы- 800,0* 2012 жылы - 11140,8*

Республикалық бюджет

5.2.

Семей қаласында 80 төсектік туберкулезге қарсы балалар ауруханасын салу:

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ақпарат

ДСМ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі




а) жобаға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;

2010 жылғы 3-тоқсан

2010 жылы - 58,0

Жергілікті бюджет

б) туберкулезге қарсы балалар ауруханасын салу

2011, 2012 жылдар 4-тоқсан

2011 жылы - 400,0* 2012 жылы - 317,0*

Республикалық бюджет

5.3.

Семей қаласында жедел медициналық көмек станциясын салу:

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ақпарат

ДСМ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі




а) жобаға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;

2010 жылғы 3-тоқсан

2010 жылы - 133,0

Жергілікті бюджет

б) жедел медициналық көмек станциясын салу

2011, 2012 жылдар 4-тоқсан

2011 жылы - 650,0* 2012 жылы - 673,0*

Республикалық бюджет

6. Білім беру

6.1.

Семей қаласында 320 орындық балабақша салу

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ақпарат

БҒМ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2009 жылғы 4-тоқсан

2009 жылы - 220,0

Республикалық бюджет

6.2.

Семей қаласының Холодный ключ кентінде 400 орындық орта мектеп салу

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ақпарат

БҒМ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2009 жылғы 2-тоқсан

2009 жылы - 178,3

Республикалық бюджет

6.3.

Семей қаласының Холодный ключ кентінде 230 орындық балабақша салу

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ақпарат

БҒМ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2010 жылғы 4-тоқсан

2010 жылы - 310,0*

Республикалық бюджет

6.4.

Семей қаласында ұлдар лицей-интернатына акт және спорт залдарын жалғап салу

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2011 жылғы 4-тоқсан

2011 жылы - 85,0

Жергілікті бюджет

6.5.

N 26 орта мектепке спорт залын жалғап салу

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2010 жылғы 4-тоқсан

2010 жылы - 54,5

Жергілікті бюджет

6.6.

N 5 мектеп-интернатқа шеберхана жалғап салу

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2011 жылғы 4-тоқсан

2011 жылы - 75,0

Жергілікті бюджет

6.7.

Новобаженово, Чекоман, Прииртышское ауылдарындағы мектептерге қазандықтар салу

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2011 жылғы 4-тоқсан

2010 жылы - 31,8 2011 жылы - 59,7

Жергілікті бюджет

      * - республикалық бюджеттен көзделген қаражат 2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға және бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес анықталады;
      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ККМ              - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
                   министрлігі
ЭМРМ             - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
                   ресурстар министрлігі
БҒМ              - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                   министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
                   министрлігі
ДСМ              - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                   министрлігі
ИСМ              - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                   министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады