Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 711 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 маусымдағы N 939 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 711 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесінде:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттен қайтарымды негізде бөлінетін қаражат, оның ішінде облыстар, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының 2006 - 2007 жылдары бөлінген бюджеттік кредиттерді қайта пайдалануы есебінен салынған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алынған тұрғын үйлерді, сондай-ақ сатып алу-сату шарттарына қол қойылмаған, бірақ Комиссияның шешімі негізінде тұрғын үйді сату туралы уәкілетті органның шешімі қабылданған не қарыз алу шарттарына қол қойылмаған тұрғын үйлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған және сатылмаған қол жетімді тұрғын үйді (бұдан әрі - сатылмаған тұрғын үй) Қазақстан Республикасының азаматтарына сату тәртібін анықтайды.";
      2-тармақта:
      9) тармақшада:
      "салған" деген сөзден кейін "және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алған" деген сөздермен толықтырылсын;
      "үйді" деген сөзден кейін "және сатылмаған тұрғын үйді" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) және 12) тармақшаларда:
      "салған" деген сөзден кейін "және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алған" деген сөздермен толықтырылсын;
      "үйді" деген сөзден кейін "және сатылмаған тұрғын үйді" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта "бұрын" деген сөзден кейін "және (немесе) сатылмаған тұрғын үй болған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған және сатылмаған қол жетімді, сатып алу-сату шарттарына қол қойылмаған, бірақ Комиссияның шешімі негізінде тұрғын үйді сату туралы уәкілетті органның шешімі қабылданған не қарыз шарттарына қол қойылмаған тұрғын үйлерді сатып алу Мемлекеттік бағдарламаның 5.5-кіші бөліміне сәйкес бюджеттік кредит қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Көрсетілген тұрғын үйді сатып алу үшін азаматтар арыз берген кезде жергілікті атқарушы органдар төлем қабілетін бағалауды жүзеге асыру және қарыз алушының талаптарына сәйкес банктік қарыз беру үшін қарыз берушіге жолдама беретін болады. Қарыз беруші жергілікті атқарушы органдар берген жолдаманың негізінде, бірақ 15 жұмыс күнінен кешіктірмей банктің ішкі ережелеріне сәйкес, банктік қарыз беру не оны беруден бас тарту туралы шешім шығарады.";
      5-тармақта:
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "жүктілігі туралы анықтама (қажет болған жағдайда);
      мүгедектігі туралы анықтама (қажет болған жағдайда);
      сот орындау парақтары және банктік қарыздар бойынша міндеттемелері болған кезде қарыз шартының және (немесе) сот шешімінің көшірмелері беріледі.
      Осы құжаттар тізбесі жеткілікті болып табылады.";
      6-тармақта:
      екінші, үшінші, төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "жалпы алаңы 40 шаршы метрден аспайтын есеппен алғанда кемінде 37678 теңге;
      жалпы алаңы 60 шаршы метрден аспайтын есеппен алғанда кемінде 56515 теңге;
      жалпы алаңы 80 шаршы метрден аспайтын есеппен алғанда кемінде 75354 теңге";
      мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші абзацтармен толықтырылсын:
      "жалпы алаңы 100 шаршы метрден аспайтын есеппен алғанда кемінде 90810 теңге;
      жалпы алаңы 120 шаршы метрден аспайтын есеппен алғанда кемінде 107800 теңге болуға тиіс.
      Осы тармақта келтірілген тұрғын үй алаңы тек қана өтініш берушілердің төлем қабілеттілігін анықтау мақсатында қолданылады.";
      11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алынған тұрғын үй және сатылмаған тұрғын үй ең алдымен "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтардың басым санаттарына сатылатын болады. Халықтың басым санаттарына мыналар жатқызылады:";
      13-тармақта:
      бірінші абзацта:
      "салынған" деген сөзден кейін "және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алынған" деген сөздермен толықтырылсын;
      "үйді" деген сөзден кейін "және сатылмаған тұрғын үйді" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшасының жетінші абзацында ", әр хабарланған кезеңіне" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алынған тұрғын үйлерді сатып алған азаматтар тұрғылықты жері мен жұмыс орнына қарамастан, оны аукциондарда сатып алуды қоспағанда, осындай тұрғын үйді екінші рет сатып алуға жіберілмейді.";
      13-1-тармақтың екінші абзацында "салынған" деген сөзден кейін "және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алынған" деген сөздермен толықтырылсын;
      14-тармақтың бірінші абзацында "органның" деген сөзден кейін "тұрғын үйді сату туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      15-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бұл ретте облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алынған тұрғын үймен жасалатын алып-сатарлықты болдырмау мақсатында мәжбүрлі соттан тыс тәртіппен немесе соттың шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен кепілдікке алынған тұрғын үйді сату жағдайларын қоспағанда, сатып алу-сату шарттарында тұрғын үйді сатып алған күннен бастап үш жыл ішінде оны сатуға шектеу көздеу қажет.";
      18, 19 және 20-тармақтарда "салған" деген сөзден кейін "және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алған" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 22-тармақпен толықтырылсын:
      "22. Азаматтардың басым құқық берілген санаттары алмаған тұрғын үй заңнамада белгіленген тәртіппен аукциондар өткізу арқылы нарықтық, бірақ құрылыс құнынан төмен емес құны бойынша Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына және өз қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін заңды тұлғаларға сатылатын болады. Бұл ретте аукциондар тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін жүргізіледі және Мемлекеттік бағдарламада көзделген тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі арқылы жеңілдікпен кредит беру бұл жағдайда қолданылмайды.".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады