"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 маусымдағы N 1008 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж, N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж, N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж, N 6, 141-құжат; 2001 ж, N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж, N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж, N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж, N 5 ,22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23,139-құжат; 2005 ж, N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж, N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж, N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат; 2008 ж, N 12, 48-құжат; N 13-14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 126-құжат; 2009 ж., N 6-7, 32-құжат):
      300-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "1-1. Әуе кемесінде отырған жолаушының кеме командирінің немесе экипаж мүшесінің командирдің атынан берген заңды талаптарын орындамауы, егер бұл адамның іс-әрекеті ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, -
      жеті жүзден сегіз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      екінші бөлікте "дәл сол әрекет" деген сөздер ", осы баптың бірінші немесе 1-1-бөліктерінде көзделген әрекеттер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлікте "бірінші бөлігінде", "әрекет" деген сөздер "бірінші немесе 1-1-бөліктерінде", "әрекеттер" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1997 ж, N 23, 335-құжат; 1998 ж, N 23, 416-құжат; 2000 ж, N 3-4, 66-құжат;  N 6, 141-құжат; 2001 ж, N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж, N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж, N 18, 142-құжат; 2004 ж, N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж, N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж, N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 12, 72-құжат; 2007 ж, N 1, 2-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 10, 69-құжат, N 13, 99-құжат; 2008 ж, N 12, 48-құжат; N 15-16, 62, 63-құжаттар; N 23, 114-құжат; 2009 ж, N 6-7, 32-құжат):
      285-баптың екінші бөлігі "300-бабында (бірінші бөліктерінде)" деген сөздерді "300-бабында (бірінші немесе 1-1-бөліктерінде)," деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 186-құжат; 1998 ж.,  N 24, 447-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат, 321; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 18, 110-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 15, 63-құжат):
      бесінші бөліктегі 13-бап келесі мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Әуе кемесінің салонына кіргізілетін және оның шекті көлемін тасымалдаушы белгілейді.".

       2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады