Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының делегациясын Бамако қаласына (Мали Республикасы) іссапарға жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 сәуірдегі N
535
қаулысына
мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Т.М. Досмұханбетовке қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Вена - Париж - Бамако - Париж - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша, Е.С. Никитинскийге және К.Т. Әбуовке Астана - Вена - Мәскеу - Париж - Бамако - Париж - Санкт-Петербург - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіпте шетелдік валютада қаражат бөлсін.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов