Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы банктің аффилиирленген тұлғалары болып табылмайтын ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 шілдедегі N 1063 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 1028 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2022 № 1028 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 2-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы банктің аффилиирленген тұлғалары болып табылмайтын ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 шілдедегі
N 1063 қаулысымен
бекітілген

Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы банктің аффилиирленген тұлғалары болып табылмайтын ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.05.2013 N 516 қаулысымен.

Р/с

N

Компаниялардың атауы

1.

"Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы

2.

"Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамы

3.

"Қазақстан инвестициялық қоры" акционерлік қоғамы

4.

"Каzуnа Саріtаl Маnаgеmеnt" акционерлік қоғамы

5.

"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" акционерлік қоғамы

6.

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

7.

"Павлодар әуежайы" акционерлік қоғамы

8.

"Ақтөбе халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамы

9.

"Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания "КЕGОС" акционерлік қоғамы

10.

"Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

11.

"Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы" акционерлік қоғамы

12.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

13.

"Қазпочта" акционерлік қоғамы

14.

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы

15.

"Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы

16.

"Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамы

17.

"Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

18.

"Қамқор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

19.

"Самұрық-Қазына Келісім-шарт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20.

"Самұрық-Қазына Инвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

21.

"Біріккен химия компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

22.

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.05.2013 N 516 қаулысымен.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады