Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудитор таңдау жөнінде конкурстық комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі N 1090 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудитор таңдау жөнінде конкурс өткізу үшін мынадай құрамда комиссия құрылсын:

Шолпанқұлов                   - Қазақстан Республикасының
Берік Шолпанқұлұлы              Қаржы вице-министрі, төраға

Тәшенев                       - Қазақстан Республикасы
Бақытбек Хакімұлы               Қаржы министрлігі
                                Мемлекеттік активтерді басқару, ішкі
                                қаржылық бақылау әдіснамасы
                                және бюджеттік кредит беру
                                департаментінің директоры,
                                төрағаның орынбасары

Құсайынов                     - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы                Экономика және бюджеттік
                                жоспарлау вице-министрі

Герасименко                   - Қазақстан Республикасы
Юрий Викторович                 Ұлттық Банкі Монетарлық
                                операциялар департаментінің
                                директоры (келісім бойынша)

Имантаев                      - Республикалық бюджеттің атқарылуын
Ермек Жетпісбайұлы              бақылау жөніндегі есеп
                                комитетінің мүшесі (келісім бойынша)

Ысқақов                       - Қазақстан Республикасының Президенті
Жәнібек Сапарұлы                Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық
                                мониторинг бөлімі меңгерушісінің
                                орынбасары (келісім бойынша)

Ахметов                       - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Рашит Сайранұлы                 Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің
                                мүшесі (келісім бойынша)

Әйімбетов                     - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Сейітсұлтан Сүлейменұлы         Мәжілісі Қаржы және бюджет
                                комитетінің мүшесі (келісім бойынша)

Жолманова                     - Қазақстан Республикасы Қаржы
Сәуле Уәлиханқызы               министрлігінің Қазынашылық комитеті
                                төрағасының орынбасары

      2. Конкурстық комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен 2009 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2009 - 2010 жылдардағы жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудитор таңдау жөніндегі конкурсты өткізсін және оның нәтижелері бойынша конкурс жеңімпазын анықтасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады