Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 шілдедегі N 1108 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы N 1085 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:
      "Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу" деген бөлімде:
      бірінші абзацтағы "Алматы қалалары және Алматы облысында" және "Астана қалаларында және Алматы облысында" деген сөздер тиісінше "Алматы қалаларында, Ақмола және Алматы облыстарында" және "Астана қалаларында, Алматы және Ақмола облыстарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он үшінші абзацта:
      бірінші сөйлемдегі "және Алматы қалаларындағы" деген сөздер ", Алматы қалаларындағы және Алматы облысындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      "Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу" деген III бөлімде:
      "Қосымша шаралар" деген кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 13-1-жолдың 2-бағанындағы "және Алматы қалаларындағы" деген сөздер ", Алматы қалаларындағы және Алматы облысындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) "Астана және Алматы қалаларындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысын аяқтаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 519 қаулысында :
      тақырыбында және 2-тармақта "және Алматы қалаларындағы" деген сөздер ", Алматы қалаларындағы және Алматы облысындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен мақұлданған Астана және Алматы қалаларындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысын аяқтау үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы өтеусіз уақытша пайдалануға ақша беретін құрылыс салушылардың тізбесінде:
      тақырыбындағы "және Алматы қалаларындағы" деген сөздер ", Алматы қалаларындағы және Алматы облысындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44-жолдармен толықтырылсын:

"

16

"Мереке Сервис-6" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласындағы "Сармат" тұрғын үй кешені

660 072 000 (алты жүз алпыс миллион жетпіс екі мың)

17

"Мереке Сервис НС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласындағы "Көкшіл орам 1" тұрғын үй кешені

344 076 000 (үш жүз қырық төрт миллион жетпіс алты мың)

18

"Мереке Сервис НС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласындағы "Көкшіл орам 2" тұрғын үй кешені

383 424 000 (үш жүз сексен үш миллион төрт жүз жиырма төрт мың)

19

"Мереке Сервис-7" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласындағы "Шуақты қала" тұрғын үй кешені

111 112 808 (бір жүз он бір миллион бір жүз он екі мың сегіз жүз сегіз)

20

"Прайс Астана Құрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласындағы "Ақ шаңырақ" тұрғын үй кешені

178 464 000 (бір жүз жетпіс сегіз миллион төрт жүз алпыс терт мың)

21

"ROMUL" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласындағы "Тамаша 1, 2, 3" тұрғын үй кешені

170 937 600 (бір жүз жетпіс миллион тоғыз жүз отыз жеті мың алты жүз)

22

"Мереке Сервис-4" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласындағы "Достар 3" тұрғын үй кешені

420 120 000 (төрт жүз жиырма миллион бір жүз жиырма мың)

23

"Мереке Сервис-2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласындағы "Гүлдер" тұрғын үй кешені

102 072 000 (бір жүз екі миллион жетпіс екі мың)

24

"Мереке Сервис-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласындағы "Байқоныс" тұрғын үй кешені

182 244 000 (бір жүз сексен екі миллион екі жүз қырық төрт мың)

25

"Мереке Сервис-5" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласындағы "Зерде" тұрғын үй кешені

155 172 000 (бір жүз елу бес миллион бір жүз жетпіс екі мың)

26

"Мереке Сервис-3" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласындағы "Мереке 2" тұрғын үй кешені

84 288 000 (сексен төрт миллион екі жүз сексен сегіз мың)

27

"ROMUL" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласындағы "Тілендиев 1, 2 кезек" тұрғын үй кешені

747 984 000 (жеті жүз  қырық жеті миллион тоғыз жүз сексен төрт мың)

28

"Эксклюзив" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласындағы "Ертегі әлемі, 6-белгі" тұрғын үй кешені

74 844 000 (жетпіс төрт миллион сегіз жүз қырық төрт мың)

29

"Шар құрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласындағы "Ертегі әлемі, 1, 2-белгілер" тұрғын үй кешені

185 966 000(бір жүз сексен бес миллион тоғыз жүз алпыс алты мың)

30

"Аруана ЛТД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласындағы "Монблан, А, Б, В, Г блоктары" тұрғын үй кешені

226 345 000 (екі жүз жиырма алты миллион үш жүз қырық бес мың)

31

"ТехнэҚұрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласындағы "Бөгенбай батыр" тұрғын үй кешені

137 496 000 (бір жүз отыз жеті миллион төрт жүз тоқсан алты мың)

32

"Айкен ҚК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласындағы "Әл-арқа" тұрғын үй кешені

130 752 000 (бір жүз отыз миллион жеті жүз елу екі мың)

33

"Астана Гюнель Арман" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласындағы "Әйгерім" тұрғын үй кешені

86 700 000 (сексен алты миллион жеті жүз мың)

34

"Азия" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласындағы "Нұр Қанат" тұрғын үй кешені

106 080 000 (бір жүз алты миллион сексен мың)

35

"Капиталқұрылыссервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласындағы "Гранитті" тұрғын үй кешені

155 271 000 (бір жүз елу бес миллион екі жүз жетпіс бір мың)

36

"АИЯ жобалау компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласындағы "Айя, 7, 8-үйлер" тұрғын үй кешені

45 120 000 (қырық бес миллион бір жүз жиырма мың)

37

"АстанаҚұрылысинвест корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласындағы "Абылайхан, 2-кезек" тұрғын үй кешені

300 852 000 (үш жүз миллион сегіз жүз елу екі мың)

38

"ГражданПромстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласындағы "Сана, 3-кезек" тұрғын үй кешені

68 731 000 (алпыс сегіз миллион жеті жүз отыз бір мың)

39

"Азбука Жилья Новостройки" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласындағы "Жар-жар" тұрғын үй кешені

150 000 000 (бір жүз елу миллион)

40

"Өмірұзақ & Ко" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Алматы облысындағы "Өмірұзақ" тұрғын үй кешені

270 000 000 (екі жүз жетпіс миллион)

41

"Үй-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Алматы облысындағы "Өркен" тұрғын үй кешені

25 000 000 (жиырма бес миллион)

42

"Элит Құрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Алматы облысындағы "Хан Тәңірі" тұрғын үй кешені

1 000 000 000 (бір миллиард)

43

"Премьера" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Алматы облысындағы "Премьера" тұрғын үй кешені

1 170 000 000 (бір миллиард бір жүз жетпіс миллион)

44

"Эталон" РСП жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Алматы қаласындағы "Эталон" тұрғын үй кешені

73 000 000 (жетпіс үш миллион)

"

      "ЖИЫНЫ" деген жолдың 4-бағанындағы "25 383 804 711 (жиырма бес миллиард үш жүз сексен үш миллион сегіз жүз төрт мың жеті жүз он бір) теңге" деген сөздер "33 129 928 119 (отыз үш миллиард бір жүз жиырма тоғыз миллион тоғыз жүз жиырма сегіз мың бір жүз он тоғыз) теңге" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады