Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі N 1169 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006 - 2014 жылдарға арналған стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1678 Жарлығын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2009 жылғы 27 мамырдағы N 784 және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 4630096150 (төрт миллиард алты жүз отыз миллион тоқсан алты мың бір жүз елу) теңге сомасында қаражат, оның ішінде:
      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне - 1168079400 (бір миллиард бір жүз алпыс сегіз миллион жетпіс тоғыз мың төрт жүз) теңге, оның ішінде: техникалық құралдар сатып алуға - 732433700 (жеті жүз отыз екі миллион төрт жүз отыз үш мың жеті жүз) теңге, "Көкнәр" жедел алдын алу іс-шараларын өткізуге - 27660700 (жиырма жеті миллион алты жүз алпыс мың жеті жүз) теңге, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын орналастыруға арналған Алматы қаласындағы Абай көшесі, 52 үй ғимаратына жөндеу жүргізуге - 407985000 (төрт жүз жеті миллион тоғыз жүз сексен бес мың) теңге;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне - 3143770000 (үш миллиард бір жүз қырық үш миллион жеті жүз жетпіс мың) теңге, оның ішінде: техникалық құралдар сатып алуға - 2768248000 (екі миллиард жеті жүз алпыс сегіз миллион екі жүз қырық сегіз мың) теңге, "Қордай" шекаралық жасағы әскери қалашығын салуға арналған жобалау сметалық құжаттамаға - 36000000 (отыз алты миллион) теңге, азық-түлік өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сатып алуға - 317831000 (үш жүз он жеті миллион сегіз жүз отыз бір мың) теңге, құқық белгілейтін және құқық растайтын құжаттарға - 21691000 (жиырма бір миллион алты жүз тоқсан бір мың) теңге;
      3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне - техникалық құралдар сатып алуға 178560300 (бір жүз жетпіс сегіз миллион бес жүз алпыс мың үш жүз) теңге;
      4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне - есірткіге қарсы ақпараттық-насихат қызметіне - 123158950 (бір жүз жиырма үш миллион бір жүз елу сегіз мың тоғыз жүз елу) теңге;
      5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне - 13620000 (он үш миллион алты жүз жиырма мың) теңге, оның ішінде: оқу-әдістемелік материалдарын әзірлеуге және таратуға - 3280000 (үш миллион екі жүз сексен мың) теңге, нашақорлықтың алдын алу, есірткіге тәуелді адамдарды емдеу және оңалту саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға - 7440000 (жеті миллион төрт жүз қырық мың) теңге, "Оқу орындарында есірткі тұтыну ахуалын зерттеу" мониторингін жүргізуге - 2900000 (екі миллион тоғыз жүз мың) теңге;
      6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне - оқу орындарына психикалық белсенді заттарға тәуелділікке тартылу қауіптерін психологиялық тестілеудің диагностикалық компьютерлік бағдарламаларын енгізуге - 2907500 (екі миллион тоғыз жүз жеті мың бес жүз) теңге қаражат бөлінсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.30 N 1961, 2009.12.30 № 2261 Қаулыларымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады