Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 тамыздағы N 1174 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын және тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 4 тамыздағы
N 1174 қаулысымен  
       бекітілген      

Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау
жүйесін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Болжанатын шығыстар, млн. теңге*

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1.

Жұқпалы, туберкулез, психиатриялық ауруларды қоспағанда, ауруларды стационарлық және стационарды алмастыратын емдеуге облыстық деңгейден республикалық деңгейге берілетін шығыстардың көлемін келісу (2010 - 2012 жылдар)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2009 жылғы 28 шілде

Талап етілмейді

-

2.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұқпалы, туберкулез, психиатриялық ауруларды қоспағанда, ауруларды стационарлық және стационарды алмастыратын емдеуге арналған шығыстарын қаржыландыру мәселесін РБК-ның қарауына енгізу

РБК қорытындысы

ДСМ, ЭБЖМ

2009 жылғы 3 тамыз

Талап етілмейді

-

3.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің оңтайлы штат саны мен құрылымын айқындау жөнінде ұсыныс енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныс

ДСМ, ЭБЖМ

2009 жылғы 27 шілде



-

4.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін іске асыру мақсатында Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ЭБЖМ, ДСМ

2009 жылғы 20 тамыз

Талап етілмейді

-

5.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін іске асыру үшін "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды ВАК-тың қарауына енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы

Қаржымині, ДСМ, Әділетмині

2009 жылдың 3-4-тоқсандары

Талап етілмейді

-

6.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету жөніндегі медициналық қызметтерді сатып алу ережесін әзірлеу және бекіту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ, Әділетмині, ЭБЖМ

2009 жылғы 1 қыркүйек

Талап етілмейді

-

7.

"Бюджет қаражатының есебінен ұсталатын медицина ұйымдарының шығындарын өтеу және денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету ережелері мен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыратын ақылы қызметтерден түсетін қаражатты пайдалану тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы  N 965 қаулысына өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ

2009 жылғы 10 қыркүйек

Талап етілмейді

-

8.

Диагностика мен емдеудің тарифтерін айқындау бойынша ұсыныстарды, кезеңдік хаттамаларын қарау және әзірлеу жөніндегі республикалық Сараптама кеңесін құру

ДСМ-нің бұйрығы

ДСМ

2009 жылғы 1 қыркүйек

Талап етілмейді

-

9.

Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің негізгі ережелерін түсіндіру жөнінде 4 өңірлік кеңес өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСМ

2009 жылғы қыркүйек-қазан

Талап етілмейді

-

10.

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау ұйымдарының шот-тізілімдеріне қызмет көрсету жөніндегі операцияны жүргізу үшін өңірлердегі медициналық ақпараттық-талдамалық орталықтардың дайындығын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2009 жылғы тамыз-қыркүйек

Талап етілмейді

-

11.

"Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру" инвестициялық жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін бекіту

ДСМ-нің бұйрығы

ДСМ

2009 жылғы тамыз

Талап етілмейді

-

12.

Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеуді аяқтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСМ

2009 жылғы 1 қараша

Талап етілмейді

-

13.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде кестеге сәйкес денсаулық сақтау менеджменті мәселелері бойынша стационарлық көмек көрсететін ұйымдардың басшыларын оқытуды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСМ

2009 жылғы 1 желтоқсан

Бөлінген қаражат шегінде

Республикалық бюджет

14.

Денсаулық сақтау ұйымдарын  шаруашылық мемлекеттік кәсіпорындар етіп қайта ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу

ДСМ-нің бұйрығы

ДСМ, Қаржымині

2009 жылғы 15 тамыз

Талап етілмейді

-

15.

Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар етіп кезең-кезеңімен қайта ұйымдастыру кестесін әзірлеу және қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне, ДСМ-ге ақпарат

ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Кестеге сәйкес 2012 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

16.

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс беру шеңберінде Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Мәдениетмині, ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2009 жыл ішінде

Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде

-

Ескертпе:
* іс-шараларды қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады

аббревиатуралардың толық жазылуы:

ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Мәдениетмині - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
ВАК - Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия
РБК - Республикалық бюджет комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады