Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 1188 Қаулысы

      "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына , "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне осы қаулыға қосымшаға сәйкес сот актілерін орындау үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттар шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервінен 124345,50 (бір жүз жиырма төрт мың үш жүз қырық бес теңге елу тиын) бөлінсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 6 тамыздағы
N 1188 қаулысына  
қосымша      

Орындауға жататын сот шешімдерінің тізбесі

Р/с
N

Сот органының атауы мен шешімнің шығарылған күні

Талапкер

Мемлекеттің кірісіне түсетін мемлекеттік баж шегерілген сома (теңге)

Мемлекеттің кірісіне түсетін мемлекетік баж (теңге)

1

2

3

4

5

1

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 1997 жылғы 14.08. шешімі, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2002 жылғы 08.03. ұйғарымы, Алматы қалалық сотының қадағалау алқасының 2004 жылғы 23.02. қаулысы, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2007 жылғы 14.09. ұйғарымы

Е.И. Пак

2009 жылғы қаңтардан бастап наурызды қоса алғандағы кезең ішінде - 17280


2

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 1997 жылғы 10.09. шешімі, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2002 жылғы 11.04. ұйғарымы, Астана қаласы Алматы аудандық сотының 2003 жылғы 24.12. ұйғарымы, Астана қаласы Алматы аудандық сотының 2005 жылғы 10.06. ұйғарымы.

Ю.И. Литвиненко

2009 жылғы қаңтардан бастап наурызды қоса алғандағы кезең ішінде - 13333,50


3

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2003 жылғы 15.09. шешімі, Астана қалалық сотының азаматтық істер алқасының 2003 жылғы 09.12. қаулысы, Астана қалалық сотының қадағалау алқасының 2005 жылғы 30.06. қаулысы.

Ф.М. Кәрімов

2009 жылғы қаңтардан бастап наурызды қоса алғандағы кезең ішінде - 93732


Жалпы сомасы:                                 124345,50

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады