Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнын әзірлеуге инвестициялар көлемінің 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімде (бұдан әрі - ӨБТК) көзделген бастапқы сомалармен салыстырғанда ұлғаюына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің:
1) ӨБТК-нің 5-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылатын әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға жыл сайынғы шығындарды 2009 жылдан бастап 10 млн. АҚШ долларынан 20 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайту туралы;
2) жоғарыда аталған шығындарды ӨБТК шарттарында көзделген өтелетін шығындарға жатқызу туралы ұсыныстарымен келісілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов