Орман қоры жерінің жекелеген учаскесін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 тамыздағы N 1264 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Арыс ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Арыс орман мекемесі) алаңы 297,98 гектар жер учаскесі мемлекеттік орман қоры жерлерінен босалқы жерлер санатына ауыстырылсын.
      2. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесін Оңтүстік Қазақстан облысында Сырдария өзенінде Көксарай реттеуші су қоймасын салу объектілері үшін "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) беруді қамтамасыз етсін.
      3. Мекеме қолданыстағы заңнамаға сәйкес орман және ауылшаруашылығы алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүректі Арыс орман мекемесінің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 28 тамыздағы
N 1264 қаулысына  
қосымша       

Мемлекеттік орман қорының жерлерінен босалқы жерлер санатына
ауыстырылатын Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Арыс
ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік
мекемесі" мемлекеттік мекемесі жерлерінің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы алаңы, гектар

Оның ішінде:

орман көмкерген

алаңқай жерлер

сирек тоғайлар

жайылым

жол

құмдар және өзге жерлер

"Арыс ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі

297,98

156

-

-

141,98

-

-

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады