Орындаушылар мен фонограмма шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі N 1337 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қазандағы N 1585 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.13 N 1585 Қаулысымен.

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының 40-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған орындаушылар мен фонограмма шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бір ай мерзімде осы каулымен бекітілген Орындаушылар мен фонограмма шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты әзірлесін және бекітсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 9 қыркүйектегі
N 1337 қаулысымен   
бекітілген      

Орындаушылар мен фонограмма шығарушыларға берілетін сыйақының
ең төменгі ставкалары

Р/с
N

Пайдалану түрі

Сыйақының ең төменгі ставкалары

1

2

3

1. Көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу арқылы орындаулар мен фонограммаларды пайдаланғаны үшін орындаушылар мен фонограмма шығарушыларға сыйақының ең төменгі ставкалары

1.

Ақысын төлеп кіретін қоғамдық тамақтану орындарында, кәсіпорындарында, би алаңдарында, дискотекаларда, дәмханаларда, мейрамханаларда, казиноларда, түнгі клубтарда, мәдени ойын-сауық және спорттық-сауықтыру орталықтарында (кешендерінде), көрмелерде және басқа да ұқсас қоғамдық орындарда орындаулар мен фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу

2,0 % (кірістің жалпы сомасының)

2.

Тегін кіретін қоғамдық тамақтану орындарында, кәсіпорындарында, би алаңдарында, дискотекаларда, дәмханаларда, мейрамханаларда, казиноларда, түнгі клубтарда, мәдени ойын-сауық және спорттық-сауықтыру орталықтарында (кешендерінде), көрмелерде және басқа да ұқсас қоғамдық орындарда орындаулар мен фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу

5 АЕК (айына)

3.

Қонақ үйлердің, санаторийлердің, демалыс үйлерінің және пансионаттардың нөмірлерінде орындаулар мен фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу

0,1 % (нөмірлерде тұрғаны үшін түсетін ай сайынғы кірістің)

4.

Жолаушылар көлігі құралдарында орындаулар мен фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу

0,001 % (билеттерді сату нәтижесінде алынған кірістің)

5.

Спорттық жарыстарды, спортшылардың көрсетілімдік орындауларын, конькимен, роликпен жаппай сырғанауларды және соларға ұқсас арнайы бөлінген орындарда, сән көрсетуді, сұлулық және кәсіби шеберлік  конкурстарын сүйемелдеу ретіндегі орындаулар мен фонограммаларды көпшілік алдында, орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу

1,0 % (әр іс-шараны өткізу кезінде түскен кірістің)

6.

Ақысын төлеп кіретін театрлардың, кинотеатрлардың, клубтардың, мәдениет үйлерінің фойелерінде, көрмелерде және жәрмеңкелерде, бақша, саябақ және басқа да ұқсас қоғамдық орындардың аумақтарында орындаулар мен фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу

1,5 % (билеттерді сату нәтижесінде түскен кірістің)

7.

Тегін кіретін театрлардың, кинотеатрлардың, клубтардың, мәдениет үйлерінің фойелерінде, көрмелерде және жәрмеңкелерде, бақша, саябақ және басқа да ұқсас қоғамдық орындардың аумақтарында орындаулар мен фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу

3 АЕК (айына)

8.

Спорттық жарыстар, сондай-ақ спорттық-сауықтыру клубтарында және кешендерінде жаттығулар өткізу кезінде орындаулар мен фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу

3 АЕК (айына)

9.

Саябақ аттракциондарында, луна-парктердің, аквапарктердің және соларға ұқсас орындардың аумақтарында орындаулар мен фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу

4 АЕК (айына)

10.

Супермаркеттерде, сауда үйлерінде, вокзал және өзге де сауда-әкімшілік алаңдарында орындаулар мен фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу

3 АЕК (айына)

11.

Ақысын төлеп кіретін ойын-сауық іс-шараларын (оның ішінде театрландырылған, концерттік, цирктік бағдарламалар және т.б.) өткізу кезінде орындаулар мен фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу

3,0 % (билеттерді сату нәтижесінде түскен кірістің)

12.

Тегін кіретін ойын-сауық іс-шараларын (оның ішінде театрландырылған, концерттік, цирктік бағдарламалар және т.б.) өткізу кезінде орындаулар мен фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу

1,0 % (іс-шараны өткізуге жұмсалған қаражаттың жалпы сомасының)

13.

Көпшілік іс-шаралары (қала күні, мейрамдар, фестивальдар және соларға ұқсас) кезінде орындаулар мен фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу

0,1 % (іс-шараны өткізуге жұмсалған қаражаттың жалпы сомасының)

14.

Әуендік автомат, караоке және авто жауап беру жүйелері арқылы орындаулар мен фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету және пайдаланудың өзге түрі

4 АЕК (айына)

15.

Орындаулар мен фонограммаларды эфирлік телевизия арқылы беру

1,0 % (кірістің жалпы сомасының)

16.

Орындаулар мен фонограммаларды эфирлік радио хабарларын тарату арқылы беру

2,0 % (кірістің жалпы сомасының)

17.

Орындаулар мен фонограммаларды кәбілдік (сымды) телерадио хабарларын тарату және жерсеріктік телевизия арқылы хабарлау

3,0 % (кірістің жалпы сомасының)

2. Қайта шығару және (немесе) тарату арқылы орындаулар мен фонограммаларды пайдаланғаны үшін орындаушылар мен фонограмма шығарушыларға сыйақының ең төменгі ставкалары

18.

Орындауларды дыбыс және дыбыстау-бейнелеу жазбаларында қайта шығару (көбейту) және (немесе) тарату

3 % (орындаулардың санына қарамастан, әрбір шығарылған данасын өткізу бағасының)

19.

Орындаулар мен фонограммаларды ұялы (ұтқыр, смартфон, айфон, қжк) телефондар, музыкалық аппараттар, автоматтар мен караоке жүйелері үшін әуен, мелодия (рингтондар, реалтондар, рингбэктондар) және қоңыраулар ретінде қайта шығару және (немесе) тарату

10 % (туындыны пайдаланғаны үшін кірістің)

20.

Орындаулардың дыбыс жазбалары және (немесе) дыбыстау-бейнелеу түріндегі даналарын прокатқа (жалға) беру

1 АЕК (айына)

3. Туындыларды құқық иеленушінің келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығаруға пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық тасығыштарды дайындау және (немесе) импорттау үшін орындаушылар мен фонограмма шығарушыларға сыйақының ең төменгі ставкалары

21.

Дыбыстау-бейнелеу туындыларын немесе дыбыс жазбалардың туындыларын жеке мақсатта қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтарды дайындау

0,33 % (әрбір жабдықты өткізу бағасының)

22.

Дыбыстау-бейнелеу туындыларын немесе дыбыс жазбалардың туындыларын жеке мақсатта қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтарды әкелу

1,0 % (әрбір жабдықты өткізу бағасының)

23.

Дыбыстау-бейнелеу туындыларын және (немесе) фонограммаларды (дыбыс жазбаларды) жеке мақсатта қайта шығару үшін пайдаланылатын аналогты және цифрлық материалдық жеткізгіштерді дайындау

1,0 % (әрбір материалдық жеткізгішті өткізу бағасының)

24.

Дыбыстау-бейнелеу туындыларын және (немесе) фонограммаларды (дыбыс жазбаларды) жеке мақсатта қайта шығару үшін пайдаланылатын аналогты және цифрлық материалдық жеткізгіштерді әкелу

3,0 % (әрбір материалдық жеткізгіштің өткізу бағасының)

Ескертпе: Орындаушылар мен фонограмма шығарушыларға берілетін ең төменгі сыйақы ставкалары орындаулар мен фонограммаларды оларда белгіленген пайдалану түрлері үшін ең төменгі болып табылады. Сыйақының мөлшерін, оны төлеудің тәртібі мен мерзімдерін тараптар фонограмма шығарушылармен, орындаушылармен, олардың құқықтық мирасқорларымен не мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйыммен жасалатын лицензиялық шартта белгілейді.

Аббревиатураның толық жазылуы:
АЕК - айлық есептік көрсеткіші

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады