Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі N 1355 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      12 "Көлік және коммуникация" деген функционалдық топта:
      215 "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" деген әкімші бойынша:
      002 "Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту" деген бағдарламада:
      016 "Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен" деген кіші бағдарламада:
      3-бағанда:
      "Атырау-Ақтау автожолының "Қарабатан-Бейнеу" учаскесін қайта жаңарту" деген жолда "5 976 800" деген сандар "5 967 327" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Астана-Алматы" автожолын қайта жаңарту" деген жолда "93 000" деген сандар "102 473" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады