Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі N 407 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі N 1359 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі N 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 18, 185-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақтың 5) тармақшасындағы "республикалық" деген сөз алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Алдын алуы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың ерекше қауіпті ауруларының тізбесінде:
      тақырыбындағы "республикалық бюджет" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацтағы "африка обасы (экзотикалық ауру)" деген сөздерден кейін ", тұмау" деген сөзбен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады