Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Азаматтық және коммерциялық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы
Азаматтық және коммерциялық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы
Абу-Дабиде 2009 жылғы 16 наурызда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Азаматтық және коммерциялық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті