1997 жылғы 17 қаңтардағы Білімді тарату және ересектерге білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттаманы бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қыркүйектегі N 1465 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2008 жылғы 14 қарашада Кишинев қаласында қол қойылған 1997 жылғы 17 қаңтардағы Білімді тарату және ересектерге білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттама бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2009 жылғы 29 қыркүйектегі
N 1465 қаулысымен   
бекітілген      

1997 жылғы 17 қаңтардағы Білімді тарату және ересектерге білім
беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге
өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      1997 жылғы 17 қаңтардағы Білімді тарату және ересектерге білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттердің атынан олардың үкіметтері (бұдан әрі - Тараптар),
      Келісімде көзделген мақсаттарға қол жеткізуге өзінің адалдығын растай отырып,
      1997 жылғы 17 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бірыңғай (ортақ) білім беру кеңістігін қалыптастыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісіммен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің құрылғанын ескере отырып,
      Келісімнің 11-бабын басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 9-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Келісімді іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді 1997 жылғы 17 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бірыңғай (ортақ) білім беру кеңістігін қалыптастыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес құрылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесі жүзеге асырады".

2-бап

      Осы Хаттаманы іске асыру үшін Тараптар келісіп, 1997 жылғы 17 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бірыңғай (ортақ) білім беру кеңістігін қалыптастыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

3-бап

      Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Білімді тарату және ересектерге білім беру жөніндегі мемлекетаралық комитет туралы ереже осы Хаттама күшіне енген күнінен бастап өзінің қолданылуын тоқтатады.

4-бап

      Білімді тарату және ересектерге білім беру жөніндегі мемлекетаралық комитеттің қызметін тоқтатуымен негізделген мүліктік және өзге де мәселелерді Тараптар консультациялар мен келіссөздер жолымен шешеді.

5-бап

      Осы Хаттама оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарлама депозитарийге сақтауға тапсырылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Көрсетілген рәсімдерді кешіктіріп орындаған Тараптар үшін осы Хаттама тиісті құжаттар депозитарийге сақтауға тапсырылған күнінен бастап күшіне енеді.
      2008 жылғы 14 қарашада Кишинев қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа данада жасалады. Түпнұсқа данасы оның расталған көшірмесін осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке жіберетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.

      Әзірбайжан Республикасының       Молдова Республикасының
      Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

      Армения Республикасының          Беларусь Республикасының
      Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

      Грузия                           Қазақстан Республикасының
      Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

      Ресей Федерациясының             Тәжікстан Республикасының
      Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

      Түрікменстан                     Өзбекстан Республикасының
      Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

      Қырғыз Республикасының           Украина
      Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады