Қазақстан Республикасының теңіз көлігін дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009-2012 жылдарға арналған (II кезең) іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қазандағы N 1587 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 1006 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 N 1006 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының теңіз көлігін дамытудың 2006 - 2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі N 916 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының теңіз көлігін дамытудың 2006 - 2012 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009 - 2012 жылдарға арналған (II кезең) іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының теңіз көлігін дамытудың 2006 - 2012 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты орталық атқарушы органдар мен мүдделі ұйымдар:
      1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) жыл сайын, 10 қаңтарға және 10 шілдеге Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 13 қазандағы
N 1587 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасының теңіз көлігін дамытудың 2006 - 2012
жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі
2009 - 2012 жылдарға арналған (II кезең) іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Орындауға  (іске асыруға) жауаптылар

Орындау (іске асыру) мерзімі

Болжамды шығыстар млн. теңге

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1.

Теңіз сауда флотын дамыту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ, "ҚТКФ" ҰТКК" АҚ (келісім бойынша)

Жыл сайын 25 қаңтарға, 25 шілдеге

2006 - 2012 жж. - 14839,0
соның ішінде:
2009 ж. - 4671,0
2010 ж. - 6633,0

Бюджеттен тыс қаражат

2.

Теңіз операцияларын қолдау флоттарын салу және сатып aлу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ, "ҚТКФ" ҰТКК" АҚ (келісім бойынша)

Жыл сайын 25 қаңтарға, 25 шілдеге

2006 - 2012 жж. - 8587,0
соның ішінде:
2011 ж. - 7036,0

Бюджеттен тыс қаражат

3.

Кеме жөндеу өндірісін құру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ, "ҚТКФ" ҰТКК" АҚ (келісім бойынша)

Жыл сайын 25 қаңтарға, 25 шілдеге

2009 - 2010 жж. - 624,0
соның ішінде:
2009 ж. - 465,0

Бюджеттен тыс қаражат

4.

Теңіз көлігі қажеттілігінің кадрлық қамтамасыз ету жүйесін құру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ, БҒМ, "ҚТКФ" ӨТКК" АҚ (келісім бойынша)

Жыл сайын 25 қаңтарға, 25 шілдеге

2006 - 2012 жж. - 238,39
соның ішінде:
2009 ж.- 33,6
2010 ж.- 57,0
2011 ж.- 57,0
2012 ж.- 57,0

Бюджеттен тыс қаражат

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      БҒМ               - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                          министрлігі
      ККМ               - Қазақстан Республикасы Көлік және
                          коммуникация министрлігі
      "АХТСП" РМК       - "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты"
                          республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      "ҚТКФ" ҰТКК" АҚ   - "Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме
                          қатынасы компаниясы" акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады