Италия Республикасындағы қиратушы жер сілкінісінің салдарынан болған төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Италия Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 1700000 (бір миллион жеті жүз мың) евроға (EUR) баламалы сомада қаражат бөлсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты арнайы банктік шотқа аударуды қамтамасыз етсін: "Алушының банкі: UNICREDIT BANCA DI ROMA Agenzia Roma Cavour B", "Алушы: Protezione Civile Nazionale - Emergenza Terremoto Abruzzo", "Алушының шоты: IBAN IT72U0300205207000401124180", "Банктің коды: Swift code BROMITR1708".
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов