Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жерінің жекелеген мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы N 1667 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Алматы облысы Талдықорған қаласының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "18404 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тұрақты жер пайдалану құқығындағы жалпы алаңы 2 гектар жер учаскесі алып қойылсын және ол өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер санатынан елді мекен жері санатына ауыстырылсын.
      2. Алматы облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен ғимараттарды қайта жаңарту және велосипед трекін салу үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 26 қазандағы
N 1667 қаулысына  
қосымша      

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл
шаруашылығы мақсатына арналмаған жер санатынан елді мекен жері
санатына ауыстырылатын жер учаскесінің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жалпы алаңы (га)

Оның ішінде құрылысқа арналған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "18404 әскери бөлімі" ММ

Алматы облысының Талдықорған қаласы

2,0

2,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады