"Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы әкімінің теңгерімдік құны 21999798 (жиырма бір миллион тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың жеті жүз тоқсан сегіз) теңге тұратын ТП-994 трансформаторлық кіші станциясының ғимаратын жабдықтарымен бірге (Астана қаласы Промышленный кенті Шалкөде көшесіндегі N 9 тұрғын үйді электрмен жабдықтау желісі) Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы "0112 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Республикалық ұланымен (келісім бойынша) және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын заңнамада белгіленген тәртіппен іске асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов