Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 273 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 273 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 273 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 1, 5-құжат; 2008 ж., N 2, 22-құжат; 2009 ж., N 35, 330-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Тәжин - Қазақстан Республикасы Президентінің
Марат Мұханбетқазыұлы көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы
Нұрпейісов - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Қайрат Айтмұхамбетұлы қызмет істері агенттігінің төрағасы
көрсетілген құрамнан А.А. Орсариев шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев