Жергілікті атқарушы органдар борышының 2009 жылға арналған лимиттері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы N 1845 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 210-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар борышының 2009 жылға арналған лимиттері белгіленсін.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 16 қарашадағы
N 1845 қаулысына  
қосымша      

Жергілікті атқарушы органдар борышының
2009 жылға арналған лимиттері

мың теңге

Р/с
N

Жергілікті атқарушы орган

Жергілікті атқарушы органдар борышының лимиті

Жергілікті атқарушы органдар борышы лимитінің  жергілікті бюджет кірістеріне қатынасы пайызбен

1

Ақмола облысы

2 578 032

3,06

2

Ақтөбе облысы

2 491 000

2,52

3

Алматы облысы

2 531 728

1,77

4

Атырау облысы

2 388 465

2,15

5

Шығыс Қазақстан облысы

3 254 043

2,45

6

Жамбыл облысы

2 522 168

2,91

7

Батыс Қазақстан облысы

1 942 625

2,47

8

Қарағанды облысы

2 649 022

1,95

9

Қостанай облысы

2 114 807

2,32

10

Қызылорда облысы

1 455 854

1,46

11

Маңғыстау облысы

705 956

1,03

12

Павлодар облысы

2 154 775

2,50

13

Солтүстік Қазақстан облысы

3 319 449

4,69

14

Оңтүстік Қазақстан облысы

4 407 170

2,00

15

Алматы қаласы

9 863 332

3,88*

16

Астана қаласы

22 861 623

7,71*

      Ескертпе:
      * жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі нарықта несие капиталын қарызға ала алған жағдайда лимиттің есебі бюджеттік алымдарды шегергендегі салықтық және салықтық емес түсімдер мен негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің көлеміне сәйкес келетін жергілікті атқарушы органдар кірістеріне арақатынаспен белгіленеді. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган борышының ең жоғары лимиті меншікті кіріс көлемінің 45 %-нан аспауы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады