Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 қарашадағы N 1909 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 12, 86-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 158-1-тармақпен толықтырылсын:
      "158-1. Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен экспортқа қазақстандық астықты тасымалдау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 100 пайызы мөлшерінде біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.".
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне "Көліктік қызмет көрсету орталығы" акционерлік қоғамынан Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен экспортқа қазақстандық астықты тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алуға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 5000000000 (бес миллиард) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінсін.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі біржолғы төлем қаражатын бөле отырып, "Көліктік қызмет көрсету орталығы" акционерлік қоғамының қызметтеріне ақы төлеуді қамтамасыз етсін.
      4. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен "Көліктік қызмет көрсету орталығы" акционерлік қоғамының экспедиторлық компаниялармен жылжымалы құраммен астық тасымалдауды қамтамасыз етуге шарттар жасасуын қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады