1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісім (бұдан әрі - ӨБТК) шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің:
1) ӨБТК шеңберінде 2009 жылы Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданы Ақсай қаласының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларына қосымша 10 миллион АҚШ долларын бөлу туралы;
2) жоғарыда аталған шығындарды ӨБТК шарттарында көзделген өтелетін шығындарға жатқызу туралы ұсынысымен келісілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов