Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының ресми делегациясын Баку және Нахчыван қалаларына (Әзірбайжан Республикасы) іссапарға жіберу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қыркүйектегі № 1451 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 3-тармақтағы «Болат Бидахметұлы Жәмішевке Астана - Стамбул - Баку - Алматы бағыты бойынша, Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевқа Астана - Стамбул - Баку - Астана бағыты бойынша, Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов пен Владимир Карпович Божкоға Атырау - Баку - Алматы бағыты бойынша» деген сөздер «Болат Бидахметұлы Жәмішевке, Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевқа Астана - Стамбул - Баку - Ақтау бағыты бойынша, Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновқа Атырау - Баку - Ақтау бағыты бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-қосымшадағы «Божко * Владимир Карпович - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі» деген жол алып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов