Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін жүргізуге арналған шарт туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы N 2063 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін жүргізуге арналған шарттың жобасы (бұдан әрі - Шарт) мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Шартқа қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2009 жылғы 10 желтоқсандағы
N 2063 қаулысымен     
мақұлданған       

Жоба

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін
жүргізуге арналған
N ________ шарт

Астана қаласы                            2009 жылғы "__" ___________
      Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 шілдедегі N 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау ережесінің 63-тармағына және "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін жүргізуге арналған шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы "__" _________ N ___ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішев бір тараптан және бұдан әрі "Аудитор" деп аталатын, 2009 жылғы 8 қазандағы N 3 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөніндегі конкурстық комиссияның шешімімен конкурс жеңімпазы деп танылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудиторлық ұйым болып табылатын, аудиторлық қызметпен айналысуға арналған N 0000021 лицензиясы бар және "Қазақстан Республикасының Аудиторлар палатасы" КАҰ-ның мүшесі болып табылатын "КПМГ Аудит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атынан 2007 жылғы 31 қазандағы N ПА-1 сенімхаттың негізінде әрекет ететін аудит бойынша серіктес Эльвира Шапағатқызы Абибуллаева екінші тараптан төмендегілер туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін жүргізуге арналған шарт (бұдан әрі - Шарт) жасасты.

1. Шарттың мәні

      1. Аудитор Шарттың және халықаралық аудит стандарттарының ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Қор) 2009 және 2010 жылдардағы жылдық қаржылық есептілігінің аудитін (бұдан әрі - Аудит) жүргізуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші Аудит нәтижелерін қабылдауға және оларға Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде ақы төлеуге міндеттенеді.
      Аудиттің нәтижелері Аудитордың тәуелсіз пікірін білдіретін аудиторлық есеп түрінде ресімделеді.
      Аудиттің мақсаттары мен міндеттері Аудитордың аудиторлық есептілікте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес Қордың қаржылық есептілігін жасаудың дұрыстығы мен объективтілігі туралы кәсіби қорытынды беруден тұрады.
      2. Мыналар:
      1) Қорды пайдалану мен түсімдер туралы есеп;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық қорды сенімді басқаруы туралы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық қорды сенімді басқару нәтижелері туралы жылдық есебі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық қорды сенімді басқару жөніндегі қаржылық есептілігі;
      3) Қорды басқаруға байланысты өзге де деректер аудиттелуге жатады.
      Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес аудитке жататын құжаттар аудиторлық есепке қоса берілуі тиіс.
      Аудит халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргізіледі және өзіне мыналарды:
      қаржылық есептілікте қамтылған соманы және өзге ақпаратты растайтын деректерді іріктеп тестілеу;
      бухгалтерлік есеп қағидаттарын және Тапсырыс берушінің басшылығы жасаған негізгі рұқсат етулерді, сондай-ақ қаржылық есептілікті берудің жалпы нысанын бағалауды қамтиды.
      Бұдан басқа, Аудитор мынадай мәселелерге ерекше көңіл бөлуі және мынадай:
      1) алдыңғы кезеңмен салыстырғанда есептің құндық және пайыздық мәнінде активтер мен міндеттемелер туралы баптарының өзгерістерін қоса алғанда, Қор активтерінің сақталуын бағалау;
      2) қаржы активтерінің әрбір түрі бойынша табыстылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ету мәселесі бойынша талдау;
      3) өтімділік көрсеткіштерін есептеуді қоса алғанда активтердің өтімділігін қамтамасыз етуді талдау;
      4) тәуекелдер көрсеткіштерін есептеуді қоса алғанда, активтердің нарықтық құны өзгерістерінің тәуекелдерін басқару тиімділігі;
      5) Қорды басқару тиімділігі, оның ішінде алдыңғы кезеңмен салыстырғанда құндық және пайыздық мәндегі табыстар мен шығындар туралы есепке талдау, таза активтер табыстылығының, кірістілігінің, жиынтық активтер кірістілігінің коэффициенттерін есептеу жолымен Қордың рентабельділігіне талдау жүргізу;
      6) Қордың тұрақтандыру және жинақтаушы портфельдерінің құрамы, оның ішінде елдер және қаржы активтерінің түрлері бойынша портфельдің нарықтық құнының пайыздық ара қатынасын анықтай отырып, Қордың географиялық шоғырландыру жөніндегі портфельдік инвестицияларының теңгерімдік құнына талдау жүргізу;
      7) активтер мен міндеттемелердің әрбір түрі бойынша бағамдық айырмашылықтардан алынатын кірістерді немесе шығындарды көрсете отырып, портфельдің нарықтық құнының айырбас бағамының өзгерістерінен тәуелсіздігінің қамтамасыз етілуін талдау;
      8) сырттан басқарушылар қызметінің тиімділігін бағалау, оның ішінде қызмет тиімділігінің коэффициенттерін көрсете отырып, басқарушылардың тиімділігіне талдау жүргізу, олар мыналарды көрсетеді:
      әрбір басқарушы генерациялаған жалпы кірістің әрбір басқарушы гонорарына қатынасын есептеу, сондай-ақ әрбір басқарушы генерациялаған таза кірістің (әрбір басқарушыға төленген басқарғаны үшін гонорарды шегергенде жалпы генерацияланған кіріс) осы басқарушының басқаруындагы активтердің орташа мәніне қатынасы;
      әрбір сырттан басқарушының басқаруындағы қаржы активтерінің түрі бойынша кірістілікті есепке алу;
      9) әрбір басқарушыдағы активтердің пайыздық ара қатынасын және портфельдік инвестициялардың жалпы құнын анықтай отырып, активтердің басқарушыларға шоғырлануын талдауды қоса алғанда, іріктелген кастодиандардың жұмысын бағалау;
      10) қаржы құралдарының түрлері бойынша кірістілікті көрсете отырып, құрылымдық өнімдерді пайдаланудың тиімділігін бағалау;
      11) Қордың орташа айлық нарықтық құнын және сенімді басқаруға арналған аударымдарды есептеудің дұрыстығын тексеру;
      12) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қорды сенімді басқару жөніндегі қызметін мұнай қорларын талдауды - рентабельдік пен табысты таза активтерге бөлетін түйінді коэффициенттерді есептеуді қоса алғанда, басқа елдердің ұқсас қорларының қызметімен салыстыра талдау;
      13) Қордың эталондық портфелінің индекстерін қолдану тиімділігін басқа эталондық портфельдердің индекстерімен салыстыра бағалау;
      14) Ұлттық қорды басқарушылар қызметінің Ұлттық қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесіне сәйкестігіне тексеру мәселелері бойынша аудит нәтижелері жөнінде талдамалық есеп беруге міндетті.
      3. Аудитор, сондай-ақ Тапсырыс берушіге Аудит нәтижелері бойынша Аудитті орындау процесінде көрсетілетін кез келген кемшіліктерді және өзге жұмыс нәтижелерін және бухгалтерлік есеп, инвестициялық операцияларды жүзеге асыру, ішкі бақылау тетіктері жөніндегі нұсқаулықтарды көрсететін аудиттелуге тиіс құжаттарға негізделген хат дайындайды.

2. Шарт бойынша құны және оны төлеу

      1. Шарттың жалпы құны 21 728 000 (жиырма бір миллион жеті жүз жиырма сегіз мың) теңгені құрайды.
      2. Осы Шарттың 2-тарауының 1-тармағында көрсетілген Шарттың жалпы құны Аудитордың қызметкерлері іс жүзінде жұмсаған уақытқа және олардың ставкаларына негізделген Аудитор көрсететін қызметтердің жалпы құнын, ҚҚС және басқа да салықтарды қоса алғанда, Аудитордың Тапсырыс берушіге қызмет көрсетуге байланысты барлық шығыстарын қамтиды.
      3. Аудитке ақы төлеу жөніндегі бюджет мынадай мөлшерде шектеледі:
      2009 жыл - 10 864 000 (он миллион сегіз жүз алпыс төрт мың) теңге;
      2010 жыл - 10 864 000 (он миллион сегіз жүз алпыс төрт мың) теңге.
      4. Тараптар арасындағы есеп айырысу жыл сайын қол қойылған көрсетілген қызметтерді өткізу-қабылдап алу актілерінің және ол берілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Аудитор берген шот-фактуралардың негізінде жүзеге асырылады. Ақы төлеу Қор қаражаты есебінен жүргізіледі.

3. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету

      1. Аудитор Шарттың орындалуын қамтамасыз ету түрінде Шарттың 2-тарауының 1-тармағында көрсетілген Шарттың жалпы сомасының 5 (бес) пайызы мөлшерінде 1 086 400 (бір миллион сексен алты мың төрт жүз) теңгеге тең кепіл ақшаны Тапсырыс берушінің шотына енгізеді.
      2. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету түрінде Тапсырыс берушінің шотына Аудитор енгізген ақшаны қайтару Аудитор Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
      3. Егер Аудитор Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаса немесе тиісінше түрде орындамаса, онда Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарттың орындалуына енгізілген қамтамасыз етуді ұстап қалады.

4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      1. Тапсырыс берушінің:
      1)Аудитордан Аудит жүргізуге қатысты заңнама талаптары туралы толық ақпаратты алуға;
      2) Аудитордың ескертулері мен қорытындылары негізделіп жасалатын нормативтік құқықтық актілермен танысуға;
      3) осы Шарттың талаптарына сәйкес Аудитордың міндеттемелерін орындауын талап етуге;
      4) Аудитор Шарттың талаптарын бұзған немесе орындамаған жағдайда Шартты орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға;
      5) Осы Шарт бойынша Аудитор өз міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау салдарынан Тапсырыс берушіде пайда болған залалдарды Аудитордан өтеп беруді талап етуге құқығы бар.
      2. Тапсырыс беруші:
      1) қол қойылған таныстыру хаты мен ҚЕХС талаптарына сәйкес қаржылық есептілікті қоса алғанда, Аудитке қажетті ақпарат пен құжаттаманы уақтылы және толық көлемде беруге. Қол қойылуға тиіс таныстыру хаты Шартқа 1-қосымшада келтірілген;
      2) Аудитке тиісті мәселелердің шеңберін шектеу мақсатында Аудитордың қызметіне араласпауға;
      3) Қордың активтеріне қатысты іс жүзіндегі, ықтимал немесе танымал сот қуынымдары, талап-арыздары, өзге де талаптары немесе ықтимал міндеттемелері болған кезде осы мәселелер туралы Аудиторға егжей-тегжейлі хабарлауға. Мұндай мәселелер болған кезде және Тапсырыс беруші осы мәселелерде жәрдем көрсету, консультация алу немесе Қорды қорғау үшін кәсіби заңгерлерді тартқан жағдайда, Аудитордың өтініші бойынша немесе Тапсырыс беруші өзінің бастамасы бойынша көрсетілген сот қуынымдарына, талап-арыздарына, талаптарына немесе ықтимал міндеттемелерге қатысты жазбаша түсіндірулерді Аудиторға тікелей беруін өтінген тиісті хатты мұндай заңгерлерге жібере алады, сондай-ақ мұндай міндеттемелердің сомасын және олардың қолайсыз аяқталу ықтималдығын бағалай алады;
      4) Аудиторға жеке келісілген мерзімде Аудитордың сұрауы бойынша Қордың қаржылық есептілігіне, бастапқы тізімдемесіне және талдамалы деректеріне қол жетімділікті қамтамасыз етуге;
      5) Шарттың 2-тарауының 4-тармағында көрсетілген мерзімде Аудитор қойған шот-фактура негізінде Аудитор көрсеткен қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асыруға міндеттенеді.
      3. Аудитордың:
      1) қолданыстағы Қазақстан заңнамасына қайшы келмейтін Аудитордың аудиторлық әдістемесі мен халықаралық аудит стандарттары шеңберінде Аудит жүргізудің әдістерін дербес анықтауға;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте әртүрлі бейіндегі мамандарды Аудит жүргізуге қатыстыруға шарт негізінде тартуға;
      3) Қор бойынша оның қаржылық қызметі, ақша сомасының, бағалы қағаздарының болуы туралы құжаттаманы толық көлемде тексеруге, туындаған мәселелер бойынша түсіндірулер және аудиторлық тексеру үшін қажетті қосымша мәліметтер алуға;
      4) осы тармақтың 3) тармақшасына қатысты және атап айтқанда, бухгалтерлік есеп тіркелімдерін және оларға қатысты деректерді, жетекшілік ететін және қадағалаушы органдар отырыстарының хаттамаларын, салықтық тексерулердің нәтижелері туралы актілерді, шарттарды және несие келісімдерін, нотариалдық актілерді және капиталға қатысты құжаттарды қамтитын құжаттарды алуға және тексеруге құқығы бар.
      4. Аудитор:
      1) аудиторлық қызмет туралы заңнамаға және халықаралық аудит стандарттарына сәйкес Аудит жүргізуге;
      2) Аудит жүргізу кезінде халықаралық аудит стандарттарының талаптарын орындауды қамтамасыз етуге;
      3) Аудит барысында алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қордың келісімінсіз олардың мазмұнын жарияламауға;
      4) Аудит нәтижелерінің, сондай-ақ Аудит жүргізу кезінде алынған  және коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтердің құпиялылығын оның қызметкерлерінің сақтауын қамтамасыз етуге;
      5) қаржылық есептіліктің және өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына анықталған сәйкес келмеуі туралы Тапсырыс берушіге хабарлауға;
      6) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының (бұдан әрі - қаржылық есептілік) талаптарына сәйкес жасалған қаржылық есептіліктің жобаларын, халықаралық аудит стандарттарының талаптарына сәйкес жасалған аудиторлық есепті (бұдан әрі - аудиторлық есеп) және қол қойылған таныстыру хатын Аудитордың көрсетілген мерзімге дейін алуы шартымен осы Шарттың 5-тарауының 6-тармағында көрсетілген мерзімде түпкілікті қаржылық есептілік пен аудиторлық есепті беруге міндеттенеді.

5. Қызметтер көрсету

      1. Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауға жауапкершілік Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүктеледі. Бұл бухгалтерлік есептің тіркелімдерін тиісінше жүргізуді, операциялардың, есептің және есептіліктің Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуді, ішкі бақылауды жүзеге асыруды, есеп саясатын тізбекті қолдану мен Қор қаражатының сақталуын қамтамасыз етуді қамтиды.
      2. Қаржылық есептілік аудитін Аудитор халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргізетін болады, бұл ретте операциялардың жеке шоттары, шоттарының топтары бойынша және тұтастай қаржылық есептілік бойынша мәнді және ықтимал қателігі қағидатын қоса алғанда, Аудитордың аудиторлық әдістемесі қолданылатын болады.
      3. Егер қажетті ақпарат жасырылса немесе қарапайым аудит барысында мұндай қателіктерді анықтауға мүмкіндік бермейтін Аудитордың иелігіне берілмесе, Аудит жүргізу процесінің ерекшелігіне байланысты, Аудитор Аудиттелуге тиісті қаржылық есептілікте халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес дайындалған мәнді қателіктің болмауына кепілдік бермейді.
      4. Аудитор Қордың бастапқы құжаттарының негізінде өз жұмысын жүзеге асырады және олардың растығына және жарамдылығына, сондай-ақ Тапсырыс беруші берген басқа ақпараттың растығына жауап бермейді. Тапсырыс беруші Аудиторға Аудит процесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Аудиторға берген барлық ақпарат дұрыс және бухгалтерлік есептілікте көрініс тапқан болып табылатындығы үшін жауапты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшысы да қол қойған жазбаша растауды жібереді. Осы Шартты іске асыру процесінде Аудитордың қызметкерлері дайындайтын барлық жұмыс құжаттары (есеп айырысулар, сондай-ақ аудиторлық қорытындыны дайындау кезінде пайдаланылатын өзге де ішкі құжаттар) Аудитордың меншігі болып табылады. Қажет болған жағдайда осы құжаттардың көшірмелері Аудитордың шешімі бойынша Тапсырыс берушіге берілуі мүмкін.
      5. Жобалар мен түпкілікті қаржылық есептілік, аудиторлық есеп пен талдамалық есеп қағаз жеткізгіштерде және тапсырыс беруші анықтайтын электрондық мекен-жайларға жіберіледі.
      6. Қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті беру мерзімі:
      1) 2009 жылы:
      2010 жылғы 15 ақпан - Тапсырыс берушіге Аудитордың қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп жобасын беруі;
      2010 жылғы 1 наурыз — Тапсырыс берушіге Аудитордың қаржылық есептілік бойынша түпкілікті қаржылық есепті беруі.
      2) 2010 жылы:
      2011 жылғы 15 ақпан - Тапсырыс берушіге Аудитордың қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп жобасын беруі;
      2011 жылғы 1 наурыз — Тапсырыс берушіге Аудитордың қаржылық есептілік бойынша түпкілікті қаржылық есепті беруі.

6. Қызметтерді беру-қабылдап алу тәртібі

      1. Аудит аяқталғаннан кейін Аудитор Тапсырыс берушіге көрсетілген қызметтерді беру-қабылдап алу актісін ұсынады.
      2. Тапсырыс беруші қаржылық есептілік бойынша түпкілікті аудиторлық есепті және талдамалық есепті қарауға, қарсы пікірі болмаған кезде қол қоюға және Аудиторға қол қойылған көрсетілген қызметтерді беру-қабылдап алу актісін немесе қызметтерді қабылдап алудан уәжді бас тартуды жіберуге міндеттенеді.
      3. Тапсырыс беруші уәжді бас тартқан жағдайда, тараптар қажетті пысықтаулардың және оларды орындау мерзімдерінің тізбесі бар екі жақты актіні жасайды.
      4. Тараптар көрсетілген қызметтерді беру-қабылдап алу актісіне қол қойғаннан кейін Аудитор Тапсырыс берушіге көрсетілген қызметтерге шот-фактура ұсынады.

7. Тараптардың жауапкершілігі

      1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.
      Осы ретте тараптардың барынша жауапкершілігі Шарттың жалпы құнымен шектеледі.
      2. Тараптар өзара келісім бойынша толығымен немесе ішінара Шарт бойынша жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.
      3. Аудитордың кінәсінен осы Шарттың 5-тарауының 6-тармағында белгіленген мерзімдер бұзылған кезде Аудитор қаржылық есептілік пен аудиторлық есепті берудің мерзімін өткізген әрбір күн үшін Шарттың жалпы құнының 0,1 %-ы мөлшерінде, бірақ Шарттың жалпы құнының 10 %-ынан аспайтын өсімақы есептеледі.

8. Форс-мажор

      1. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін ішінара немесе толығымен орындамағаны үшін, егер ол форс-мажор жағдайының нәтижесі болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
      Осы тармақтың мақсаттары үшін "форс-мажор" тараптардың бақылауына көнбейтін және күтпеген сипаттағы жағдайды білдіреді. Мұндай жағдайлар мыналарды қамтуы мүмкін, алайда: әскери қимылдар, табиғи немесе дүлей апаттар, эпидемия, карантин, мемлекеттік органдардың тыйым салынған актілері және басқалар ғана емес.
      2. Форс-мажор жағдайының іс-қимылына тап болған және осының салдарынан Шарт бойынша міндеттемелерді орындай алмайтын тарап осы туралы екінші тарапты осындай жағдайлар басталған сәттен бастап үш күннен кешіктірмей жазбаша хабарлауға міндетті. Форс-мажор жағдайлары туралы уақтылы хабарламау тарапты ақталу ретінде оларға жүгіну құқығынан айырады.
      3. Егер Шарттың 8-тарауының 1-тармағында көрсетілген жағдайлар екі айдан ұзақ жалғасса, әрбір тарап Шартты толығымен немесе ішінара бұзуға құқылы. Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда Тапсырыс беруші Шарттың 2 және 6-тарауларында көрсетілген ресімдерге сәйкес Аудиторға нақты жасалған жұмысты төлеуге міндеттенеді.

9. Дауларды шешу

      1. Шарттың ережелерінен даулар немесе келіспеушіліктер туындаған жағдайда бастамашы-тарап даудың немесе келіспеушіліктің мән-жайы туралы екінші тарапқа жазбаша түрде хабар беруі тиіс.
      2. Тараптар дауларды келіссөздер жолымен реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
      3. Тараптар туындаған дауларды немесе келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен реттей алмаған жағдайда, даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен қаралады.

10. Шарттың қолданылу мерзімі

      Шарт Аудитор Шарттың 3-тарауының 1-тармағына сәйкес Шартты орындауды қамтамасыз етуді толық енгізген сәттен бастап күшіне енеді және тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін әрекет етеді.

11. Басқа да шарттар

      1. Тапсырыс беруші және Аудитор Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты құпиялылықты сақтауға міндеттенеді. Құпия болып табылатын ақпараттар мен құжаттамалар тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.
      2. Аудиторға берілген немесе ол Аудитті жүзеге асыруға байланысты алған құпия ақпарат басқа адамдарға ауызша да, жазбаша да нысанда таратыла алмайды. Бұл ақпаратты ашу Тапсырыс берушінің осыған алдын-ала рұқсатын алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Аудитор Шарт бойынша өз міндеттемелерін толығымен де, ішінара да Тапсырыс берушінің алдын-ала жазбаша келісімінсіз әлдекімге бермеуі тиіс.
      4. Осы шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша нысанда ресімделген және екі тарап қол қойған және оларды жасасқан кезде Шартты жасасқан кезде жасалған рәсімдер сақталған кезде ғана жарамды.
      Тиісінше ресімделген өзгерістер мен толықтырулар осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
      5. Осы Шарт тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан, мемлекеттік және орыс тілдерінде төрт данада жасалды, бұл ретте барлық даналардың бірдей заңдық күші бар.
      Шарттың ережелерін әртүрлі түсіндіруден туындайтын келіспеушіліктер болған жағдайда Шарттың орысша мәтіні қолданылады.

12. Тараптардың заңды мекен-жайлары және деректемелері

Қазақстан Республикасы Үкіметі       "КПМГ Аудит" жауапкершілігі
атынан                               шектеулі серіктестігі атынан
______________  Б. Жәмішев           ____________ Э.Ш.Абибуллаева
Қазақстан Республикасы               "КПМГ Аудит" жауапкершілігі
Қаржы министрлігі                    шектеулі серіктестігі
010000, Астана қ.,                   050051, Алматы қ.,
Жеңіс даңғылы, 11,                   Достық даңғылы, 180,
Қазақстан Республикасы               "КазИнвестБанк" АҚ,
Қаржы министрлігінің                 ЖСК 006467639,
Қазынашылық комитетіндегі            СТН 600700072922,
ЖСК 000120200,                       БСК 190501920.
СТН 031400129686,                    теңгедегі шот нөмірі: _________
БСК 195301070

2009 жылғы "__" ________
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық қорының сыртқы 
аудитін жүргізуге арналған
N ___ шартқа     
1-қосымша       

"КПМГ Аудит" ЖШС
Достық даңғылы 180,
Алматы, 050051, Қазақстан
(Күні)

      Құрметті ханымдар мен мырзалар!

      Осы таныстыру хаты (есепті күн) жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы есептен, кірістер мен шығыстар туралы, осы күнге аяқталған бір жылдағы таза активтердің өзгеруі туралы және ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есептерден және көрсетілген қаржылық есептілік қай жағынан да болмасын Қордың қаржылық ахуалын, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық нәтижелерін және ақшалай қаражаттың Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес қозғалысын дұрыс көрсететіні туралы пікірді білдіру мақсатында есепке алу саясатының негізгі ережелерінен және басқа да түсініктемелерден тұратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі мәтін бойынша - Қор) қаржылық есептілігіне сіздердің аудит жүргізуіңізге байланысты жолданып отыр.
      Біз, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі көрсетілген қаржылық есептіліктің ХҚЕС талаптарына сәйкес; дұрыс берілуі үшін, оның ішінде теріс пиғылды іс-әрекеттермен немесе қателермен жасалған айтарлықтай бұрмалаушылықтары жоқ қаржылық есептілікті әзірлеу және дұрыс беру үшін қажетті ішкі бақылау жүйесін әзірлеу, енгізу және қолдау үшін; тиісті; есепке алу саясатын таңдау және қолдану үшін; сондай-ақ мән-жайларға: байланысты негізделген бухгалтерлік: есеп айырысу бағалауларын қолдану үшін жауапкершілікті мойындаймыз. Біз, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаржылық есептілікті бекітеміз.
      Осы хаттағы жекелеген мәлімдемелер қаралып отырған мәселелердің маңыздылығына қатысты шектеулі ескертулерді қамтиды. Біз маңызды болып табылатындарға жеке-жеке немесе жиынтығында осы қаржылық есептіліктің негізінде пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдерге әсер ете алатын түсіп қалған немесе бұрмаланған көрсеткіштер деп түсінеміз. Маңыздылығы ілеспе мән-жайлардың тұрғысынан бағаланатын көрсеткіштердің шамасы және сипаты туралы ақпараттың түсіп қалғандығына немесе бұрмалануына байланысты. Айқындайтын фактор көрсеткіштің шамасы да, сол сияқты сипаты да, не екеуінің үйлесуі де бола алады.
      Біз (жылына) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің кем дегенде бір кездесуі болғандығын растаймыз.
      Біз төмендегіні растаймыз:
      (а) "Теріс пиғылды іс-әрекеттер"; деген термин бұрмаланған есепті деректерден туындаған ақпаратты бұрмалауды, сондай-ақ активтерді заңсыз иемдену нәтижесінде туындаған ақпаратты бұрмалауды түсінетіндігімізді.
      Бұрмаланған есепті деректерден туындаған ақпаратты бұрмалау деректерді қасақана бұрмалауға байланысты, атап айтқанда, қаржылық есепті пайдаланушыларды шатастыру мақсатында көрсеткіштерді қалдырып қою немесе ашылғанын осы қаржылық есептілікке енгізбеу.
      Активтерді заңсыз иемдену нәтижесінде туындаған ақпаратты бұрмалау кәсіпорындағы ұрлауға байланысты, олар көбінесе активтердің жоғалу фактісін жасыру немесе осы активтерді рұқсатсыз кепілдікке қою мақсатында жалған немесе шатастыратын есепке алу тіркелімдерін немесе құжаттарды ресімдеумен ілесіп жүреді.
      (b) Біз теріс пиғылды іс-әрекеттердің және қателіктердің алдын алуға және оларды болдырмауға бағытталған ішкі бақылау жүйесін әзірлеу, енгізу және қолдау үшін жауапкершілігімізді растаймыз.
      (с) Бізге белгілісі, Қорға әсер ететін теріс пиғылды іс-әрекеттер жасау фактілері немесе жосықсыз іс-әрекеттер жасады-ау деген күмән, мыналардың:
      - басшылықтың;
      - ішкі бақылау жүйесіндегі рөлі елеулі болып табылатын қызметкерлердің;
      - теріс пиғылды іс-әрекеттері қаржылық есептілікке айтарлықтай әсер ете алатын басқа да адамдардың қатысуымен болған жоқ.
      Мыналар байқалмады:
      (а) Кез келген басшылықтағы мүшелердің немесе ішкі бақылау жүйесінде елеулі роль атқаратын қызметкерлердің тарапынан бұзушылықтар мен қызметін теріс пайдалану болған жоқ;
      (b) Қаржылық есептілікке айтарлықтай әсер ете алатын басқа да қызметкерлердің тарапынан бұзушылықтар мен қызметін теріс пайдалану болған жоқ.
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі есепке алу саясатына, бағалауға, пайымдауға, ашуға және басқа да бухгалтерлік мәселелерге қатысты шешімдерді қабылдау процесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне берілгендігін мойындайды.
      Мыналар болған жоқ:
      (а)Реттейтін және бақылайтын мемлекеттік органдардан Қордың қаржылық есептілікке елеулі әсер ете алатын қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтамауы немесе ішінара сақтауы туралы хабарламалар түскен жоқ;
      (b) Пайда болған жағдайда қаржылық есептілікке елеулі әсер ете алатын заңнамалық және өзге де нормативтік талаптарды орындамаудың белгілі немесе болуы мүмкін фактілері болған жоқ.
      ХҚЕС-тің 24 "Байланысты тараптар туралы ақпаратты жария ету" деген ұғымға сәйкес Қордың жалғыз байланысты тарабы Мемлекет, мемлекеттік ұйымдар мен ведомстволар және мемлекет бақылайтын заңды тұлғалар болып табылатындығын растаймыз.
      Есепті күннен кейін қаржылық есептілікке түзету енгізуді немесе оған түсініктемеде тиісті ақпаратты ашуды талап ететін ешқандай оқиғалар болған жоқ.
      Осы қаржылық есептілікте елеулі талаптар мен оқиғаларды, сондай-ақ біздің жоспарларымызды және ниетімізді қоса алғанда, Қордың қызметін үздіксіз жүзеге асыру қабілетіне қатысты бүкіл релеванттық ақпарат жария етіледі.
      Салыстырмалы көрсеткіштерді қайта есептеуді талап ететіндей қандай да бір маңызды фактілер жоқ.
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ақшалай түсімдердің Қорға толық аударылуы үшін өзінің жауапкершілігін растайды.
      Біздің пікірімізше осы қаржылық есептілікте айтарлықтай бұрмалаушылықтар жоқ.

      Құрметпен,
      (Аты-жөні)

      (төрағаның орынбасары)
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы
      (Аты-жөні)

      Қазақстан Республикасының Қаржы (вице-)министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады