Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы N 972 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы N 2064 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 458 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 458 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы N 972 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" деген 6-бөлім мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:
      "29-1. Қазақстан-эстон экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады