Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 1482 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2227 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.01 № 1420 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 1482 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаудың (қосымша жалдаудың) үлгі шартында:
      2-тармақ алынып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Тұрғын үйді жалдағаны (жалға алғаны) үшін төлем айына ____ теңгені құрайды.
      Мемлекеттік тұрғын үйді (бөлмені, пәтерді) жалдағаны (жалға алғаны) үшін төлем шоттарын Жалға беруші Жалға алушыға береді.
      Тұтынылған коммуналдық қызметтер және байланыс қызметі үшін төлем шоттарын Жалға алушыға осы қызметтерді көрсетушілер береді.
      Тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар үшін төлемді Жалға алушы кондоминиум объектісін басқару органының немесе тұрғын үй (ғимарат) меншік иесінің шоттары бойынша жүргізеді.».
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады