Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 және 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2309 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:
      «Қаржы секторын тұрақтандыру» деген бөлімде:
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Біріншіден, бұл жай және/немесе ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу және экономиканың нақты секторын қаржыландыру үшін қаражатты депозиттерге орналастыру түрінде төрт жүйе құраушы банкті қосымша капиталдандыру және қаржыландыру.»;
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банктерді қосымша капиталдандырудың жалпы сомасы 487,5 млрд. теңгені құрайды, ол жай және/немесе ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу және экономиканың нақты секторын қаржыландыру үшін депозиттерге орналастырылатын болады.»;
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      «Самұрық-Қазына» коры банктер акцияларының бақылау пакетін иеленуі мүмкін.»;
      оныншы абзац алынып тасталсын;
      он бірінші абзацтағы «Банктердің акционерлері 5 жыл ішінде акциялардың мемлекеттік пакетін қайта сатып алатын құқыққа ие болады.» деген сөйлем алынып тасталсын;
      он екінші абзац алынып тасталсын;
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      «II. Қаржы секторын тұрақтандыру» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

2

Жүйе құраушы екінші деңгейдегі банктерді жай және артықшылығы баракцияларды сатып алу және/немесе депозиттерге орналастыру арқылы қосымша капиталдандыру


Тетіктері:
Жүйе құраушы төрт банкті жай және/немесе артықшылығы бар акцияларды сатып алу және/немесе депозиттерге орналастыру арқылы қосымша капиталдандыру және қаржыландыру. Банктерді қосымша капиталдандырудың жалпы сомасы 487,5 млрд. теңгені құрайды, оның бір бөлігі банктерге жай және/немесе артықшылығы бар акцияларды сатып алуға жіберілетін болады, екінші бөлігі экономиканың нақты секторын қаржыландыруға жіберілетін болады.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ банктер акцияларының бақылау пакетін иеленуі мүмкін.Берілген қаражатты банктер резервтердің (провизиялардың) барабар деңгейін қалыптастыруға және ел ішінде қарыз алушыларға кредиттер беруге жіберілген.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ капиталдандырылған банктердің ұзақ мерзімді қатысушысы болып қалмайды. Әлемдік қаржы дағдарысының әлсіреуіне және халықаралық капитал нарықтарына қол жеткізудің ашылуына карай «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ нарықтық қағидаттарымен, бірақ акцияларды сату бағасы сатып алу бағасынан төмен болмайды деген шартпен банктерге қатысушылардың құрамынан шығуы мүмкін

»;

      реттік нөмірі 2.5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

2.5

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында банктерді жай және артықшылығы бар акцияларды сатып алу және/немесе депозиттерге орналастыру арқылы ЕДБ-ні қолдау туралы шешім қабылдау

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Үкіметке ақпарат

2009 жылғы 25 наурызға

»;

      реттік нөмірі 2.9-жолдағы «25% дейін» деген сөздер алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 2.13-жол алынып тасталсын:
      «III. Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

10

Ипотеканы қайта қаржыландыру:
Екінші деңгейдегі банктер қаражатының бір бөлігі қарыз алушының басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда өткен кезеңдерде тұрғын ауданы 120 шаршы метрден аспайтын үй-жайды сатып алуға және салуға ипотекалық қарыз алған және осы ипотекалық қарыздарға қызмет көрсету жөніндегі өз міндеттемелерін адал орындаған қарыз алушылар үшін ипотекалық қарыздар бойынша пайыздық ставкаларды 9 % (мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, зейнеткерлер мен мүгедектерге) - 11 %-ға дейін (қалған барлық қарыз алушыларға) төмендетуге жібереді. Бағдарламаның жалпы сомасы - 120 млрд. теңге.

»;

      реттік нөмірі 10.2-жолда:
      2-бағандағы «ҚИК» АҚ мен» деген сөздер алынып тасталсын;
      3-бағандағы «ҚИК» АҚ» деген аббревиатура алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 10.3-жолдың 2 және 4-бағандарында «ҚИК және», «АҚ-ға» деген сөздер алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 15-жолдың 3-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ҚжТКШІА» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      «IV. Шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарын қолдау» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 4.6-жолдың 3-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ЭБЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      «Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы» мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «ҚжТКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады