Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 қазандағы № 191 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 қазандағы
№ 191 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «А.Е. Бозжігітов туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 қазандағы № 191 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы - Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші», «қызметін қоса атқарушы» және «, жұмыс орны Қазақстан Республикасында деп белгіленсін» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев