Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Бұқпа» орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - мекеме) орман қоры жерінен алаңы 133,1 гектар жер учаскелері елді мекендер жерлері санатына ауыстырылсын.
2. Ақмола облысының әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман және ауыл шаруашылығы алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман және ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтеуді қамтамасыз етсін және алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 20 қаңтардағы
№ 18 қаулысына
қосымша
Орман қоры жерлерінің санатынан елді мекендер жерлері санатына
ауыстырылатын Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасының «Бұқпа» орман шаруашылығы
мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі жерлерінің
экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы алаңы, гектар |
Оның ішінде: |
||||
орман көмкерген |
алаңқай жерлер |
ағашы кесілген |
жайылым |
өзге жерлер |
||
Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Бұқпа» орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі |
133,1 |
16,9 |
73,1 |
4,6 |
20,1 |
18,4 |