Халықаралық стандарттарға сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын білім беру ұйымы ретінде «Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институты» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - ҚМЭБИ) одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен ҚМЭБИ-дің орналастырылған акцияларының жалпы санының 40 (қырық) пайызын құрайтын, саны 234012 (екі жүз отыз төрт мың он екі) дана ҚМЭБИ акцияларының мемлекеттік пакетін үш жыл мерзімге кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов