"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1000 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман
шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53- құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31- құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17,140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; 2010 жылғы 3 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 183-баптың екінші бөлігінің г) тармағының бірінші абзацы алып тасталсын;
      2) 288-баптың бірінші және екінші бөліктеріндегі «не онсыз», «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын;
      3) 290-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «290-бап. Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және
                жойылып кету қаупі төнген түрлерімен және пайдалануға
                тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналым
      1. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін және пайдалануға немесе олар мекендейтін жерлерге тыйым салынған түрлерін заңсыз олжалау, сатып алу, сату, сол сияқты оларды жою -
      үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен немесе сотталушының мүлкін, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектісі, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлік тәркіленіп, дәл сондай мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      4) 291-баптың бірінші және екінші бөліктеріндегі «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын.
      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар;№ 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8,  45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 283-баптың бірінші және үшінші бөліктеріндегі «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын;
      2) 298-баптың екінші және үшінші бөліктеріндегі «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын.
      3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат, № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      1) 13-баптың 6) тармақшасы «тізбесін» деген сөзден кейін «, сондай-ақ орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру қағидаларын» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 41-баптың 4-тармағындағы «шөп шабу және мал жаю» деген сөздер «шөп шабу, мал жаю және бая ара шаруашылығы (омарталарды орналастыру қауіпсіздігі бөлігінде аудандық (қалалық) атқарушы органдармен келісім бойынша)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 43-баптың 7-тармағының мемлекеттік тілдегі мәтінінің үшінші бөлігінде:
      «жергілікті атқарушы органы» деген сөздер алып тасталсын;
      «әкімі жерге орналастыру ісін өз шешімімен бірге жоғары тұрған органға түпкілікті шешім қабылдау үшін жібереді» деген сөздер «жергілікті атқарушы органы, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі жерге орналастыру ісін шешім қабылдау үшін жоғары тұрған органға жібереді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 48-баптың 1-тармағының 14-тармақшасы «бағбандық,» деген сөзден кейін «жекеше орман өсіру,» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 90-баптың 2-абзацы «жол,» деген сөзден кейін «қайта жаңартылатын энергия көздерін - күн және жел энергиясын пайдалану жөніндегі объектілерді,» деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 107-баптың 3-тармағының 8) тармақшасындағы «қаладағы ормандар,» деген сөздер «орман саябақтары,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 122-баптың 2-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік бағдарламаларда көзделген туризм объектілерін салу және олардың жұмыс істеуі үшін және тек шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленген учаскелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы объектілерін салу, оларды жайластыру мен күтіп ұстау үшін оларды ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде босалқы жерлерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін ауыстыруға жол берілмейді.»;
      8) 123-баптың 1-тармағы «ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың айналасына,» деген сөздерден кейін «оның ішінде олардың шекарасында орналасқан меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлерінде,» деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 128-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жеке орман қорының жерлеріне осы Кодекске сәйкес жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға орман өсіру үшін нысаналы мақсатпен жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген:
      1) қолдан өсірілген екпелер;
      2) табиғи, тұқымдық және вегетативтік жолмен өскен екпелер;
      3) жекеше орман тұқымбақтары;
      4) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер;
      5) агроорман-мелиорациялық екпелер;
      6) жеке меншіктегі шаруашылық автомобиль жолдарын болу жолақтарындағы қорғаныштық екпелер отырғызылған жерлер жатады.»;
      10) 138-бап «ауыл шаруашылығының» деген сөздерден кейін «, жекеше орман өсірудің» деген сөздермен толықтырылсын;
      11) 155-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Шоқ ормандар орналасқан есептік орамның шекарасы шегінде жер учаскелерінде есептік орамға кадастрлық нөмір беріліп, бір сәйкестендіру құжаты дайындалады және беріледі.».
      4. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат, № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      1) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) агроорман-мелиорациялық екпе - ауыл шаруашылығы үшін қолайсыз табиғи факторлардың әсерін азайтуға мүмкіндік беретін қорғаныштық орман екпесі;
      2) ағаш және бұта тұқымдарының селекциясы (орман селекциясы) - табиғи таралым арқылы іріктеу немесе шаруашылық және өзге де құндылығы бар орман тұқымдарының түрлері мен сорттарын қолдан өсіру жөніндегі іс-шаралар кешені;
      3) ағашы кесілген жер - екпе ағашы кесіп алынған, ал орманның жаңа түптері әлі көтеріле қоймаған орман алқабы;
      4) алаңқай жерлер - ағашы жоқ, бірақ орман өсімдіктерінің қалдықтары сақталған орман алаңы;
      5) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу - орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу, іріктеп санитарлық мақсатта ағаш кесу, құндылығы төмен орман екпе ағаштарын, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларынан айырылған екпе ағаштарды қайта жаңартуға байланысты кесу, жекелеген талшыбықтарды кесу;
      6) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер - өнеркәсіптік, энергетикалық, азықтық және өзге де мақсаттар үшін қолдан өсірілетін екпелер;
      7) артықшылығы бар ағаш - өзімен бір жастағы және бірдей фенологиялық нысандағы, дәл сондай орман өсіру жағдайында өзімен қатар айналасында өсіп тұрған ағаштардан бір немесе бірнеше шаруашылық-құндылық белгілері және қасиеттері жағынан айтарлықтай асып түсетін ағаш;
      8) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаты - артықшылығы бар ағаштардың гендік қорын сақтау және олардың тұқым қуалау қасиеттерін зерттеу мақсатында артықшылығы бар ағаштардың өсімтал тұқымдарын пайдалану арқылы өсірілген екпелер;
      9) артықшылығы бар екпе - орман өсірудің белгілі бір жағдайында өнімділігі жоғары және тұрақты екпе;
      10) аса бағалы орман алқаптары - тұқымдық құрамы бойынша сирек кездесетін және эндемиктік тұқымдар бар бірегей орман; өнімділігі мен гендік сапасы бойынша бірегей орман; күрделі табиғи жағдайларда маңызды қорғаныштық функцияларын орындайтын орман;
      11) аэрофототүсірілім - жер иелену шекарасын картаға түсіру, анықтау; қоршаған ортаны зерттеу мен оның мониторингі және басқа мақсаттар үшін аэро-фотосуреттерді пайдалану мақсатында ұшу аппаратында (ұшақта, тікұшақта, басқаларда) орнатылған аэрофотоаппараттың көмегімен аумақты фотосуретке түсіру;
      12) басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу - сүрек дайындау үшін толысқан және қураған сүрекдіңдерді кесу;
      13) биоқауымдастық - белгілі бір, салыстырмалы түрде біртекті жер учаскесіне немесе су айдыны учаскесіне орналасқан және өзара қарым-қатынастағы өсімдіктердің, жануарлар мен микроорганизмдердің жиынтығы;
      14) биологиялық әралуандылық - белгілі бір аумаққа тән өсімдіктер мен жануарлар организмдерінің жиынтығы;
      15) гендік қор - дарақтардың бір тобы гендерінің (таралымдардың, таралымдар тобының немесе түрдің) олардың белгілі бір кездесу жиілігімен сипатталатын шектегі жиынтығы;
      16) географиялық дақылдар - жаңа жағдайларда сынақтан өткізу мақсатымен бірнеше экотиптердің (климатиптердің) неғұрлым тән таралымдарының тұқымдық ұрығынан арнаулы әдістемелер бойынша өсірілетін тәжірибелік дақылдар;
      17) ғарыштық түсірілім - жер иелену шекарасын картаға түсіру, анықтау; қоршаған ортаны зерттеу мен оның мониторингі және басқа мақсаттар үшін ғарыштық суреттерді пайдалану мақсатында ғарыш аппаратының көмегімен аумақты фотосуретке түсіру;
      18) зияндылықтың экономикалық шегі - орман зиянкестерінің орман ресурстарына келтірген залал құны бойынша осы зиянкестермен күресуге жұмсалатын шығыннан артып кететін тығыздығы;
      19) кемістігі бар екпе - орман өсірудің белгілі бір жағдайлары үшін шығымдылығы төмен және сапасы нашар екпе;
      20) кесілмеген ағаш - кесуге арналған, бірақ ағаш кесу билетінде көзделген мерзімде кесілмеген ағаштар немесе орман учаскелері;
      21) кеспеағаш аймағы - ағаш кесудің барлық түрлері үшін бөлінген немесе ағаштары кесілу сатысындағы орман учаскесі;
      22) кеспеағаш аймағын бөлу - шекараны нақтылы және кеспеағаштарды мөлшерлей отырып айқындау, кесуге жатқызылған ағаштарға белгі соғу, кеспеағаш алқабында есепке алынған сүректерді заттай және ақшалай бағалау жөніндегі іс-шаралар;
      23) кеспеағаш аймағынан тыс қоқыс - ағаштың (діңдердің және бұтақтардың) кеспеағаш аймағынан тыс жерде жатқан және өнеркәсіптік мақсаттарда дайындалмайтын табиғи құлап түсуі;
      24) кесу жасы - сүрекдіңдердің толыса бастаған санатынан толысқан санатына өтуден басталатын және басты пайдалану мақсатында кесуге болатын жасы;
      25) қала ормандары - қалалық елді мекен шекарасы шегінде орналасқан және орман қорларының жерлері санатына кіретін сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы ормандар;
      26) қалыпты екпе - өнімділігі жоғары және орташа, орман өсірудің белгілі бір жағдайлары үшін сапасы жақсы және орташа екпе;
      27) қосалқы сүрек ресурстары (материалдары) (бұдан әрі - қосалқы сүрек ресурстары) - ағаштар мен бұталардың қабықтары, бұтақтары, томарлары, тамырлары, жапырақтары, бүршіктері;
      28) мемлекеттік орман қорының санаты - мемлекеттік орман қорының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлінген, ерекше қорғалатын, су сақтау, санитарлық-гигиеналық, рекреациялық, ғылыми немесе өзге де арнайы мақсаттағы, аумағында орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдаланудың ерекше режимі белгіленген бір бөлігі;
      29) мемлекеттік орман қоры алқабы - орман орналастыру кезінде орман қорын мемлекеттік есепке алу, арнайы картаға түсіру мен орман шаруашылығы іс-шараларын жоспарлау мақсатында мемлекеттік орман қоры құрамында бөлінетін жер учаскелері;
      30) мемлекеттік орман орналастыру ұйымы - қызметі орман ресурстарын есепке алуды, орман қорын аумақтық орналастыруды, мемлекеттік орман мониторингін, орман шаруашылығын жүргізу ісін жоспарлауды және орман пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталатын орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның қарауында болатын ұйым;
      31) орман - ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да құрамдауыштарының жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешен;
      32) орманшылық - орман иеленушінің өз шекарасында орналасқан, орман шаруашылығы іс-шараларын жоспарлау мен орындауға, орман пайдалану көлемін есептеуге арналған құрылымдық бөлімшесі;
      33) ормандану - ағаш өспеген алқаптарда орманды қолдан өсіріп шығару немесе орманның табиғи түрде өсіп шығуы;
      34) орман ағаштары - орманның сүректі ағаш және бұта тұқымдастарынан қолдан отырғызылған екпелер;
      35) орманның аса қауіпті зиянкестері - жаппай көбейіп, таралуға қабілетті, сөйтіп ормандарға зияндылықтың экономикалық шегінен асып кететін залал келтіретін зиянкес организмдер;
      36) орман аурулары - қоршаған ортаның қолайсыз факторларынан немесе ауру өсімдіктерден сау өсімдіктерге берілетін организмдерден туындайтын және өсімдіктер құрылысының өзгеруіне немесе олардың құрып кетуіне әкеп соқтыратын патологиялық процестер;
      37) орманның гендік резерваты - өсімдіктер түрі, түр тармағы таралымдарының гендік-селекциялық тұрғыдан құнды бөлігі бар орман учаскесі;
      38) орман өсімдіктерінің қоры - орманды қолдан өсіруге арналған орман көмкермеген жерлер (ағашы кесілген орындар, өртеңдер, алаңқайлар, сирек ормандар) және ормансыз жерлер;
      39) орманның жинақталмаған ағаштары - жасанды жолмен өсірілген (себілген немесе отырғызылған), бірақ орманды алқаптарға көшірілмеген ағаштар;
      40) орман зиянкестері - орман екпелерін зақымдайтын организмдер;
      41) орман иелену - орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс істеуі үшін мемлекеттік орман иеленушілерге Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін мемлекеттік орман қоры учаскелерін иелену мен пайдалану құқығы, сондай-ақ жекеше орман иеленушілерге осы Кодексте белгіленген тәртіппен берілетін жекеше орман қорын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы;
      42) орман иеленушілер - мемлекеттік орман қоры учаскелері тұрақты жер пайдалану құқығымен берілген мемлекеттік ұйымдар, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жекеше орман қоры учаскесі меншігінде болатын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
      43) орманды қайта жаңғырту - сүрекдіңдер арасында, сондай-ақ ағашы кесілген, өрт шалған және бұрын орман болған басқа да алаңдарда орманның жаңа түптерінің пайда болуының табиғи процесі;
      44) орман қарау аймағы - орманшылық аумағын күзету үшін бір орманшыға бекітіліп берілетін, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен айқындалатын бір бөлігі;
      45) орманды қорғау - орманды зиянкестерден, аурулардан, антропогендік және табиғи сипаттағы қолайсыз факторлар әсерінен қорғау жөніндегі жер үстінде және авиациялық әдістермен жүзеге асырылатын іс-шаралар жиынтығы;
      46) орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау - уәкілетті органның өз құзыреті шегінде орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;
      47) орманды (кеспеағашты) мөлшерлеу - орман ресурстарының, соның ішінде кесу көзделетін екпе ағаштардың сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау, есепке алу, бағалау жөніндегі іс-шаралар;
      48) орман қорын пайдалану - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне белгіленген орман пайдалану, сондай-ақ орман қоры аумағындағы жерді, суды және кең таралған пайдалы қазбаларды шаруашылық және өзге де мақсаттарда пайдалану құқығы;
      49) орман қорын түгендеу - орман қорының жекелеген учаскелерінің сандық және сапалық көрсеткіштерін сипаттау, картаға түсіру және анықтау жөніндегі жұмыстар кешені;
      50) ормандарды күзету - орман өртінің алдын алу және орман өртіне, ағаштың заңсыз кесілуіне және Қазақстан Республикасының орман заңнамасын басқа да бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
      51) орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу - жоғары өнімді және төзімді екпелерді қалыптастыру мақсатында екпелердің арасынан өспей қалған немесе ағаштардың басты тұқымдарының өсуіне кедергі келтіретін ағаштарды жою жолымен жүзеге асырылатын орманды мерзімдік күтіп-баптау;
      52) орманды молықтыру - орман ағаштарын отырғызуға немесе орманды күтіп-баптау және оны сауықтыру жөніндегі шараларды қоса алғанда, бұрынғы орманды алқаптарды табиғи түрде қайта жаңғыртуға ықпал ететін шаралар жүргізу;
      53) орман орамы - орман шаруашылығын жүргізуді ұйымдастыру үшін қызмет ететін жергілікті жерде орман жолдарымен, табиғи шөптермен (өзен жағалаулары, тау жоталары, жолдар және басқалар) шектелген орман қоры аумағының бір бөлігі;
      54) орманды өңір - қайсыбір аумақта орман өсуінің жердің жалпы алаңына орман өскен жердің қатысы арқылы анықталып, пайызбен белгіленетін дәрежесі;
      55) орман өсіру - бұрын орман болмаған аумақтарда ағаш екпелерін қолдан отырғызу және өсіру;
      56) ормандағы өрт қаупі мол маусым - күнтізбелік жылдың климат және ауа райы факторларын негізге алып, орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган, облыстық атқарушы орган айқындайтын, орман өрті шығу қаупі болуы мүмкін бір бөлігі;
      57) орманның санитарлық жай-күйі - қоқыстанудың, солып қалған және қураған ағаштардың болуы, зиянкестер санының және орман аурулары таралуының серпіні, орманның жай-күйіне кері әсер ететін басқа да жағымсыз факторлар туралы мәліметтерді қамтитын орман жай-күйінің сипаттамасы;
      58) орман пайдалану - орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерін пайдалану жөніндегі заңдық және экономикалық жағынан регламенттелген қызмет;
      59) орман пайдаланушы - осы Кодексте белгіленген тәртіппен уақытша орман пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
      60) орман питомнигі - орман қоры аумағының ағаш және бұта тұқымдас екпе материалдарды өсіруге арналған учаскесі;
      61) орман соқпағы - орман орамдарының шекараларын белгілеу немесе өзге мақсаттар үшін ағаш және бұта өсімдіктерінен тазартылған белдеу;
      62) орман телімі - бастапқы орман шаруашылығы есептік бірлігі болып табылатын, орман орамы аумағының мөлшерлеу сипаттамалары, топырақ-типологиялық жағдайлары бойынша біртекті бөлігі;
      63) орман тұқым шаруашылығы - тұқым қуалаушылық қасиеттері құнды және себу сапасы жоғары тұқым алуға бағытталған орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау және пайдалану, олардың сапасы мен шығу тегін бақылау жөніндегі іс-шаралар кешені;
      64) орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі - мемлекеттік орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, орман пайдалануды реттеу жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған мекеме;
      65) орман шаруашылығы - орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, орман пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі іс-шараларды қамтитын орман қорын зерттеу және оның есебін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын экономика саласы;
      66) орман шаруашылығын жобалау - орман өсімдіктері, агроорман-мелиоративтік, өртке қарсы іс-шараларды, орман және аңшылық шаруашылығы объектілерін салуды жобалау жұмыстарының кешені;
      67) орман шаруашылығы іс-шаралары - орман орналастыру материалдары негізінде жүргізілетін орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, орман пайдалануды реттеу жөніндегі ұйымдық және техникалық іс-шаралар кешені;
      68) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласында басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      69) орман шеберінің учаскесі - орманшылық аумағының құрамында екі және одан да көп орман қарау аймағы бар, бір орман шеберіне бекітілген және орман шаруашылығы іс-шараларын орындауға арналған бір бөлігі;
      70) өртең - екпе ағашын өрт жойып жіберген, ал жаңа түптері әлі көтеріле қоймаған орман алқабы;
      71) өскін - орман арасындағы немесе ағашы кесілген жерде қалған, көтеріліп өсуге немесе аналық сүрекдіңдерді алмастыруға жарамды сүрек ағаштардың жас түптері;
      72) селдіреу - жуандығы 0,1-0,2 мөлшеріндегі жасы бірінші және екінші сыныптағы шыбықтарды қоспағанда, өзі өсіп шыққан сүрекдіңдер;
      73) сүрекдіңдер - орман екпелерінің негізгі құрамдауышы болып табылатын ағаштар жиынтығы;
      74) сел алу - ағаштардың діңдерінен шайыр, шырын алу үшін оларды көктеп-өсу кезеңінде қолдан зақымдау;
      75) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары - өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттар үшін арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер құру үшін өсірудің қарқынды агротехникасы қолданылатын ағаш және бұта тұқымдылар;
      76) тұрақты орман тұқым базасы - тұқым қуалаушылық қасиеті құнды және себу сапасы жоғары тұқым алу үшін Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік орман қорында аумағы жағынан бөлінген, селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілер жиынтығы;
      77) тексеру кезеңі - орман шаруашылығын жүргізу үшін орман орналастыру жобасы немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақты басқару жоспары әзірленетін мерзім;
      78) санитарлық мақсатта ағаш кесу - орманның санитарлық жай-күйін жақсарту мақсатында жүргізілетін ағаш кесу (ішінара, жаппай), оның барысында ауру, зақымданған, солып қалған және қураған ағаштар кесіледі;
      79) усадьба - ағаш өспеген алқаптарға жататын, орман шаруашылығын жүргізумен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс істеуімен байланысты тұрғын және кісі тұрмайтын құрылыстар орналасқан жер учаскелерін білдіретін мемлекеттік орман қоры алқаптарының түрі;
      80) шоқ ормандар - орманды-дала аймағында шағын учаскелерде (0,1-ден 30 га-ға дейін) өсетін табиғи ормандар;
      81) шайыр - қылқан жапырақты ағаштар зақымданған кезде бөлінетін қоймалжын зат.»;
      2) 6-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жекеше орман қорына жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қаражаты есебінен отырғызылған мынадай екпелер:
      1) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатпен жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген олардың жерлерінде қолдан өсірілген және табиғи өскен, сондай-ақ осы жерлерде тұқымдық және (немесе) вегетативтік жолмен пайда болған екпелер;
      2) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер;
      3) жекеше орман питомниктері;
      4) агроорман-мелиорациялық екпелер;
      5) жеке меншіктегі шаруашылық автомобиль жолдарының бөлу жолақтарындағы қорғаныштық екпелер жатады.»;
      5-тармақтың 2) тармақшасындағы «қала ормандары мен орманды саябақтарды» деген сөздер «қала ормандарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 8-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жекеше орман қоры жерлеріне жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатпен жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген:
      1) қолдан өсірілген екпелер;
      2) табиғи тұқымдық және вегетативтік жолмен пайда болған екпелер;
      3) жекеше орман питомниктері;
      4) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер;
      5) агроорман-мелиорациялық екпелер;
      6) жеке меншіктегі шаруашылық автомобиль жолдарының бойындағы бөлу жолақтарындағы қорғаныштық екпелер орналасқан жерлер жатады.»;
      4) 11-баптағы «аумақтық органдары» деген сөздер «аумақтық бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 12-бапта:
      10) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26) және 27) тармақшалармен толықтырылсын:
      «18) ормандарды молықтыру мен орман өсіру қағидаларын бекітеді;
      19) көшет материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттік орман қорының учаскелерін пайдалану қағидаларын бекітеді;
      20) карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның ерекше қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесін және олармен күресу тәртібін бекітеді;
      21) ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру тәртібін бекітеді;
      22) Қазақстан Республикасының орман қорында таңбаларды қолдану қағидаларын бекітеді;
      23) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген орындарды куәландыру қағидаларын бекітеді;
      24) Қазақстан Республикасы орман қорының аумағында өрт келтірген залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидаларын бекітеді;
      25) мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдаланушылар мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар жүргізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілілік нормаларын бекітеді;
      26) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекітеді;
      27) мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының нысанды киім-кешек (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекітеді.»;
      6) 13-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «13-бап. Орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның және
               оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті»;
      1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган:»;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;»;
      4) тармақша «Қазақстан Республикасының» деген сөздердің алдынан «өзінің құзыреті шегінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      8), 11) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) бірыңғай мемлекеттік орман кадастрын, орман қорының бірыңғай мемлекеттік есебін, ормандар мен орман орналастырудың бірыңғай мемлекеттік мониторингін жүргізуді қамтамасыз етеді;»;
      «11) облыстық атқарушы органның орман шаруашылығын қадағалайтын құрылымдық бөлімшесі басшысының, сондай-ақ мемлекеттік орман және табиғат қорғау мекемелері басшыларының орман қорының жай-күйі, оны күзету, қорғау, ормандарды молықтыру, орман өсіру және орман пайдалану мәселелері жөніндегі есебін тыңдайды;»;
      «17) мемлекеттік орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалану үшін (түбірімен босатылатын сүрек үшін, өзге орман ресурстары үшін) төлемақы ставкаларын есептеудің әдістемелік нұсқаулықтары мен қағидаларын бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26) және 27) тармақшалармен толықтырылсын:
      «20) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
      21) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
      22) орман орналастыру жобаларын бекітеді;
      23) күтім жасау мақсатында және басты мақсатта пайдалану үшін ағаш пен бұта тұқымдыларды кесу жасын бекітеді;
      24) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған өсімдіктердің түрлерін әкелуге және әкетуге рұқсаттар береді;
      25) мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемін бекітеді;
      26) орман тұқымдарын аудандастыру қағидаларын бекітеді;
      27) орман шаруашылығы саласында көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, марапаттау белгілері мен құрмет грамоталарын беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
      2-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері:»;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысады;»;
      2) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
      3) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы іс-шараларының орындалу сапасын және олардың орман орналастыру
жобаларына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;»;
      «5) облыстық атқарушы органның орман шаруашылығын қадағалайтын құрылымдық бөлімшесі басшысының, сондай-ақ мемлекеттік орман және табиғат қорғау мекемелері басшыларының орман қорының жай-күйі, оны күзету, қорғау, ормандарды молықтыру, орман өсіру және орман пайдалану мәселелері жөніндегі есебін қарайды;»;
      6) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен» деген сөздер «осы Кодекске сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9), 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9) мыналарды:
      орман қорындағы сандық және сапалық өзгерістерді, оның санитариялық жай-күйін;
      мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібін және ұзақ мерзімді орман пайдалану шарттарының сақталуын;
      ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарының, орман өрттерінің алдын алу жөніндегі, оларды уақытылы байқауды және жоюды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ өртенген алқаптарын есепке алудың және мемлекеттік орман қорына өрт келтірген зиянды анықтаудың дәлдігін, орман өрттерінің зардаптарын жою жөніндегі шаралардың уақтылы қабылдануын;
      ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының алдын алу жөніндегі шаралардың уақтылы қабылдануын, осы ошақтарды, табиғи және антропогендік сипаттағы келеңсіз әсерлерден екпелердің әлсіреуін және қурап-солып қалуын есепке алу мен болжаудың дәлдігін;
      кеспе ағаштардың бөлінуін;
      түбірімен сүрек босату мен ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуын;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарында күзет режимдерінің сақталуын;
      мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман тұқымдарын аудандастыру қағидаларының сақталуын, орман тұқымдарын дайындауды, сақтауды, өңдеуді және олардың сапасын, питомник шаруашылығының жүргізілуін;
      орман қоры жерлерінің олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуын және осы жерлердің қорғалуын;
      құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбалар өндіру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргізумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезінде мемлекеттік орман қорын пайдалану тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      10) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының (түбірімен босатылған сүрек үшін төлемақы ставкаларын қоспағанда) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары әзірлеген жобаларын келіседі;
      11) облыстық атқарушы органдардың функционалдық қарамағындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендерлердің материалдарын және шарттардың талаптарын тексеруді жүзеге асырады;
      12) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеуді жүргізеді.»;
      3-тармақтағы «органдарының» деген сөз «бөлімшелерінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
      7) 15-бап мынадай мазмұндағы 1-1)тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысады;»;
      8) 18-бап мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      «13) өзіне орман иелену құқығымен берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі іс-шараларды орындайды.»;
      9) 19-баптың 2-тармағындағы «аумақтық органдары» деген сөздер «аумақтық бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 20-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «20-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету, қорғау, молықтыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарынан тұрады.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Уәкілетті органның басшысы лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік орман инспекторы болып табылады.»;
      5, 6, 7 және 8-тармақтардағы «Аумақтық органдардың», «Аумақтық органдар» деген сөздер «Аумақтық бөлімшелердің», «Аумақтық бөлімшелер» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 21-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері»;
      1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдарының:»;
      2) тармақша алып тасталсын;
      6) тармақшада «қажет болған жағдайларда құқық қорғау органдарына оларды қылмыстық жауапқа тарту туралы мәселені шешу үшін материалдар беру құқығы беріледі.» деген сөздер «қылмыстық жазаланатын әрекеттерді көздейтін тәртіп бұзушылықтар туралы іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін құқық қорғау органдарына хабарлау;» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) заңсыз олжаланған орман ресурстарын, көлік құралдарын және құқық бұзу әрекетін жасау құралдары болған өзге заттарды алып қою, олардың сот шешімі шығарылғанға дейін сақталуын қамтамасыз ету құқығы бар.»;
      2-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдары:»;
      2) және 5-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібін және шарттардың сақталуын;»;
      «5-1) кеспе ағаштардың бөлінуін;»;
      4) тармақшадағы «су басудан, қоқыстанудан, ақаба сулар мен шаруашылық әсерінің басқа да түрлерінен» деген сөздер «табиғи және техногендік сипаттағы келеңсіз әсерлерден» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақшадағы «режимдердің» деген сөз «күзет режимдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақшадағы «пайдаланылуын және осы жерлердің сақталуын» деген сөздер «күзетілуін және пайдаланылуын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтік қару сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат етіледі.
      4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысанды киім-кешекпен (погонсыз) және қызметтік қарумен қамтамасыз етіледі.»;
      12) 22-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Орман иелену құқығы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган беретін тұрақты жер пайдалану құқығы актісімен куәландырылады.»;
      13) 24-бапта:
      3) тармақшадағы «органдармен» деген сөз «бөлімшелермен» деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) тармақша «өздері» деген сөзден кейін «өсірген және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
      14) 25-баптың 4) тармақшасы «өздері» деген сөзден кейін «өсірген және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
      15) 26-бап 7) тармақшадағы «міндетті» деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6-2), 6-3) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерге куәландыру жүргізуге;
      6-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының орман қорында таңбаларды қолдану қағидаларына сәйкес ағаштарды, сыпталған ағаштарды, сортименттерді және түбірлерді таңбалауды жүзеге асыруға;
      8) Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау және пайдалану қағидалары мен уәкілетті орган бекіткен орман тұқымдарын аудандастыру қағидаларын сақтауға міндетті.»;
      16) 31-баптың 1-тармағындағы «қарауында мемлекеттік орман қоры учаскелері бар уәкілетті орган немесе облыстық атқарушы орган» деген сөздер «мемлекеттік орман иеленуші» деген сөзбен ауыстырылсын;
      17) 32-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) орман телімдері мен орман орамдарының нөмірлері көрсетіліп, орман пайдалану жүзеге асырылатын мемлекеттік орман қоры учаскесінің орман орналастырудың картографиялық материалдарынан алынған көшірме түріндегі шекарасы;»;
      18) 33-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты жазбаша түрде жасалады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде мемлекеттік тіркеуге жатады.»;
      2-тармақ «ол» деген сөзден кейін «уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      19) 36-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік орман қорының аумағында ағаш кесудің, шайыр, ағаш сөлдерін және екінші дәрежелі ағаш ресурстарын дайындаудың жыл сайынғы көлемдерін бекіту туралы уәкілетті органның бұйрығы ағаш кесу билетін беруге негіз болып табылады.»;
      20) 37-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «құқығы бар.» деген сөздер алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалануды жүзеге асыру кезінде орман питомниктері мен арнайы мақсаттағы плантацияларды орналастыруға құқығы бар.»;
      21) 38-бапта:
      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «12-1) мемлекеттік орман иеленушіде орман дақылдары қоры, сондай-ақ орман пайдаланушыға мемлекеттік орман қоры аумағында қосымша учаске беру мүмкіндігі болмаған жағдайда жергілікті бюджетке орман иеленуші әзірлеген есептік-технологиялық картамен айқындалатын орман дақылдарын орман көмкерген алқапқа ауыстырғанға дейін егу және өсіру құны мөлшерінде төлемақы енгізуге;»;
      20) тармақшадағы «аумақтық органдарына» деген сөздер «аумақтық бөлімшелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      22) 39-бапта:
      1-тармақтағы «тоқтатыла тұруы мүмкін» деген сөздер «тоқтатыла тұрады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы «шектелуі мүмкін» деген сөздер «шектеледі» деген сөзбен ауыстырылсын;
      23) 42-баптың 4-тармағындағы «шектеу қойылуы мүмкін» деген сөздер «шектеледі» деген сөзбен ауыстырылсын;
      24) 44-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «мен орманды саябақтар» деген сөздер алып тасталсын;
      25) 47-баптың 3-тармағындағы «қажетіне қарай уәкілетті орган айқындаған тәртіппен белгіленуі мүмкін» деген сөздер «уәкілетті орган айқындаған тәртіппен белгіленеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      26) 49-бапта:
      1-тармақтағы «аумақтық орган» деген сөздер «аумақтық бөлімше» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы «Аумақтық органның» деген сөздер «Аумақтық бөлімшенің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      27) 56-баптың 2-тармағы «ұйымдары» деген сөзден кейін «аэроғарыш түсірілімі мен ғарыш түсірілімінің материалдарын қолдана отырып;» деген сөздермен толықтырылсын;
      28) 57-баптың 1-тармағы «баға беріледі,» деген сөздерден кейін «орман шаруашылығы іс-шаралары жоспарланады,» деген сөздермен толықтырылсын;
      29) 63-баптың 1-тармағындағы «аумақтық органдары» деген сөздер «аумақтық бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      30) 65-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «65-бап. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық
               жұмыстар
      1. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды осы салада маманданған ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
      2. Ормандарды өрттерден күзету жөніндегі авиациялық жұмыстарды орындау үшін осы салада маманданған ұйымдарды мемлекеттік метеорологиялық қызмет қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді ауа райы болжамдарымен қамтамасыз етеді.»;
      31) 67-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесін және олармен күресу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      32) 73-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Мемлекеттік орман қорында орман дақылдарын, питомниктерді, орманның табиғи қалпына келуіне жәрдемдесу шаралары жүргізілген және табиғи өсуге қалдырылған алқаптарды түгендеу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      33) 82-бапта:
      тақырыбындағы «Қала ормандары мен орманды саябақтарда» деген сөздер «Қала ормандарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы «мен орманды саябақтар» деген сөздер алып тасталсын;
      34) 84-баптың 3-тармағындағы «аумақтық органдары» деген сөздер «аумақтық бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      35) 88-баптың 1-тармағы 7) тармақшадағы «түрлері жүзеге асырылуы мүмкін.» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдарының көшеттік материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін пайдалану түрлері жүзеге асырылуы мүмкін.»;
      36) мынадай мазмұндағы 102-1-баппен толықтырылсын:
      «102-1-бап. Мемлекеттік орман қорының учаскелерін ағаш және
                  бұта тұқымдарының көшеттік материалы мен арнайы
                  мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін
                  пайдалану
      1. Мемлекеттік орман қорының учаскелері ағаш және бұта тұқымдарының көшеттік материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзімді орман пайдалануға шарт талаптарымен беріледі.
      2. Арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттік орман қорының тек ормансыз жерлерге жататын учаскелері бөлінеді.»;
      37) 112-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) аралық пайдалану мақсатында және өзге де мақсаттарда ағаш кесу, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін ағаш кесу кезінде алынған сүректі өңдеуден алынған тауарлар мен өнімдерді, сондай-ақ жанама орман пайдалану өнімдерін өткізу және сүрек өңдеу жөнінде қызметтер көрсету;»;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) орман мекемелерінің аумақтары шегінде халыққа жүк тасымалдау жөнінде көлік қызметтерін көрсету есебінен алатын қаражаты болуы мүмкін.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерінен табыс табу мақсатында орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатыса алады.».
      5. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж, № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж, № 1-2, 5-құжат, № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 534-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы «жануарлар мен» деген сөздерден кейін «өсімдіктердің,» деген сөзбен толықтырылсын;
      2) 540-баптың 3) тармақшасы «жануарлар мен» деген сөздерден кейін «өсімдіктердің,» деген сөзбен толықтырылсын;
      3) 547-баптың 2-тармағының 9) тармақшасы «жануарлар мен» деген сөздерден кейін «өсімдіктердің,» деген сөзбен толықтырылсын.
      6. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж. № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      1-бап мынадай мазмұндағы 63) және 64) тармақшалармен толықтырылсын:
      «63) көгалдандыру екпелері - елді мекендердің шекараларында ортақ пайдаланылатын жерлерде орналасқан орманды саябақтар, саябақтар, скверлер, бульварлар, желілік екпелер, үй жанындағы екпелер, көгалдар, гүлзарлар;
      64) орманды саябақ - табиғи орманның барлық элементтері бар орнықты табиғи кешен қалыптастыру үшін іс-шаралар жүргізуді талап ететін, елді мекен шекарасындағы ортақ пайдаланылатын жерлерде орналасқан табиғи және (немесе) жасанды екпе».
      7. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 62), 63), 64), 65), 66), 67) және 68) тармақшалармен толықтырылсын:
      «62) реинтродукция - жануарлар түрлері дарақтарының табиғи мекендеу орындары шегіндегі мекендеу ортасына оларды әдейі тасымалдау;
      63) жабайы құстар өсіру - аңшылық шаруашылығы субъектілерінің аң аулау объектісі болып табылатын жануарларды өсіруі;
      64) аңшылық олжа - ауланған жануарлардың тиісінше өңделген бөліктері: аң аулау жолымен олжаланған және ғылыми, мәдени, білім беру және эстетикалық мақсаттарда пайдаланылатын мүйізді бас сүйек (жоғарғы жақ сүйегі және (немесе) маңдай сүйегі), бас сүйек, азу тістер, сойдақ тістер және терілер;
      65) негізгі орнитологиялық аумақ - қыстау немесе өріс аудару кезінде дамылдау орындарындағы ұя салу, түлеу кезеңінде құстардың бір немесе бірнеше түрлерінің шоғырланып жиналу орны қызметін атқаратын аумақ;
      66) дериват - жануарлардың өнімдері (жұмыртқалар, уылдырық, сүйектер, қабыршықтар, мүйіздер, терілер, тұлыптар) және олардан жасалған өнімдер;
      67) аң аулаудың ұлттық түрі - жыртқыш қыран құстарды және (немесе) иттердің аң аулайтын тұқымдарын пайдалана отырып аң аулау;
      68) тыным алу аймағы - шегінде шаруашылық қызметтің жекелеген түрлері мен нысандары (үнемі немесе уақытша) тыйым салынған немесе регламенттелген жануарлар дүниесін сақтау немесе қалпына келтіру үшін ерекше маңызы бар аумақ (акватория).»;
      2) 8-бапта:
      12) тармақша алып тасталсын;
      15-1) тармақшадағы «интродукциялау» деген сөз «интродукциялауды, реинтродукциялау» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 26), 27), 28) және 29) тармақшалармен толықтырылсын:
      «26) жабайы жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидаларын бекітеді;
      27) аң аулау мақсатында пайдаланылатын қыран құстар мен аң аулайтын иттерді есепке алу және тіркеу тәртібін бекітеді;
      28) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану қағидаларын бекітеді;
      29) жабайы жануарлардың өрісін ауыстыру қағидаларын бекітеді.»;
      3) 9-баптың 1-тармағында:
      13) және 23) тармақшалар алып тасталсын;
      15) тармақшадағы «туынды түрлерін» деген сөздер «дериваттарын» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 53), 54), 55), 56) және 57) тармақшалармен толықтырылсын:
      «53) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, марапаттау белгілері мен құрмет грамоталарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      54) қорықшының омырау белгісінің және айырым белгілері бар арнайы киімнің нысанын бекітеді;
      55) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру және биологиялық-экономикалық тексеру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
      56) Қазақстан Республикасында шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыруды өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      57) Қазақстан Республикасының аумағында жабайы жануарлардың түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді.»;
      4) 12-баптың 3-тармағындағы «мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларын» деген сөздер «бағдарламалық құжаттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 14-баптың 3-тармағының 11) тармақшасындағы «интродукциялау» деген сөз «интродукциялауды, реинтродукциялау» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 15-бапта:
      1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздер «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, оның ішінде олардың жұмыртқалары мен уылдырығын алуға:
      1) арнайы жасалған жағдайларда өсіру және кейіннен мекендеу ортасына шығару;
      2) аң аулаудың ұлттық түрлерін дамыту;
      3) ғылыми зерттеулер;
      4) селекция үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ерекше жағдайларда жол беріледі.»;
      4-тармақтағы «Жануарлардың» деген сөз «Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жануарлардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ «түрлерін» деген сөзден кейін «және олардың дериваттарын» деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 19-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы «интродукциялау» деген сөзден кейін «және реинтродукциялау» деген сөзбен толықтырылсын;
      8) 20-баптың тақырыбы және 1, 2-тармақтары «интродукциялау» деген сөзден кейін «,реинтродукциялау» деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 24-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) өсімін молайту мақсатында.»;
      10) 27-баптың 2-тармағында:
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) аңшылық шаруашылықтарының, өсімін молайту учаскелері мен тыным алу аймақтарының шекараларын, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалау шекараларын белгілермен және аншлагтармен белгілеуге;»;
      16) тармақшадағы «міндетті» деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      «17) қорықшы қызметінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес қызметтік қарумен, байланыс құралдарымен, айырым белгілері бар арнайы киіммен, нөмірлі омырау белгісімен, қызмет куәлігімен қамтамасыз етуге міндетті.»;
      11) 29-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Жануарларды алу лимиті ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап келесі жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңге белгіленеді.»;
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редақцияда жазылсын:
      «2. Жануарларды алу квотасы - аңшылық және балық шаруашылықтарының субъектілері үшін, сондай-ақ жануарлар дүниесін пайдалану түрлерін жүзеге асыру үшін уәкілетті орган белгілейтін жануарлар алу лимитінің бір бөлігі.»;
      12) 33-баптың 2-тармағы «рұқсат» деген сөзден кейін «, сондай-ақ аңшылық атыс қаруы мен оның оқтарын әкелуге және әкетуге ішкі істер органдарынан рұқсат» деген сөздермен толықтырылсын;
      13) 39-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Балық шаруашылығы су тоғандары және (немесе) учаскелері - заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су тоғандарын қоспағанда, балық аулау, балық ресурстарын және басқа су жануарларын өсіру және бағу үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін не олардың қорларының өсімін молайту үшін маңызы бар су тоғандары не олардың бөліктері (өзендер және оларға теңестірілген арналар, көлдер, сулы-батпақты жерлер, су қоймалары, тоғандар және басқа ішкі су тоғандары, аумақтық сулар), сондай-ақ теңіз сулары.
      Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су тоғандарында балық аулау «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.»;
      14) 40-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      «Шарттық міндеттемелерді орындау уәкілетті органның ұсынымын беру үшін негіз болып табылады.»;
      15) 52-баптың 1-тармағының 7-2) тармақшасы «балық шаруашылығы» деген сөздердің алдынан «аңшылық алқаптар мен» деген сөздермен толықтырылсын;
      16) 56-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында «атыс» деген сөз «қызметтік» деген сөзбен ауыстырылсын.
      8. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат):
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2), 7-3), 7-4) және 7-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-1) бөрене тілу - бөренені ағаш кесу жабдығымен қажетті мөлшердегі тақтайлар мен дайындамаларға пішіп кесу;
      7-2) жаратылыстану-ғылыми негіздеме - осы саладағы маманданған ғылыми және жобалау ұйымдары жүргізетін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың немесе оның шекарасын өзгертудің орындылығын ғылыми бағалау;
      7-3) техникалық-экономикалық негіздеме - осы салада маманданған ғылыми және жобалау ұйымдары жүргізетін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың немесе оның шекарасын өзгертудің орындылығын экономикалық, экологиялық және әлеуметтік бағалау;
      7-4) функционалдық аймақ - ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жер қорғау және пайдалану режимі сараланған учаскесі;
      7-5) аумақты функционалдық аймақтарға — мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қорғау мен пайдаланудың оңтайлы режимін белгілеу мақсатында жерлерді қорғау мен пайдалану режимі сараланған ерекше қорғалатын табиғи аумақты бөлу.»;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, зоологиялық, ботаникалық және ландшафтық объектілер мен олардың кешендері, мемлекеттік орман қорының ерекше құнды екпелері, сулы-батпақты жерлер, негізгі орнитологиялық аумақтар, бірегей табиғи су объектілері немесе олардың учаскелері, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлері, өсімдіктер дүниесінің бірегей дара объектілері мен қауымдастығы;»;
      2) 7-бапта:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін алуға шешім қабылдау;»;
      4) тармақшада:
      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту тәртібін;»;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларын;
      Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді жинаудың жыл сайынғы көлемін;
      осы Заңның 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда жергілікті халықтың қажеттіліктері үшін рұқсат етілетін әуесқойлық балық аулау қағидаларын бекіту;»;
      3) 8-бапта:
      5) тармақша «ерекше» деген сөздің алдынан «өзінің құзыреті шегінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмүндағы 5-1), 5-2), 5-3) және 5-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді келісу;
      5-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпке сәйкес жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды таратуды және олардың аумағын азайтуды келісу;
      5-3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық шарттарды іске асыру;
      5-4) өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктерін және олардан жасалған заттарды, оның ішінде өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген санатына жатқызылған түрлерін әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру;»;
      6) тармақшада:
      үшінші абзац «әзірлеу» деген сөзден кейін «, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету» деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құрудың және кеңейтудің жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерін;
      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың техникалық-экономикалық негіздемелерін түзету жобаларын;»;
      алтыншы және он екінші абзацтардағы «тәртібін» деген сөз «қағидаларын» деген сөзбен ауыстырылсын;
      оныншы абзац алып тасталсын;
      он екінші абзацтағы «бекіту» деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «өзінің қарауындағы табиғат қорғау мекемелерінің ережелерін;
      табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен жалауын) әзірлеу және пайдалану қағидаларын;
      заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде балық аулау көлемін;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, марапаттау белгілерін және құрмет грамоталарын беру тәртібін;
      өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктерін және олардан жасалған заттарды, оның ішінде өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген санатына жатқызылған түрлерін әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру тәртібін бекіту;»;
      16) тармақша алып тасталсын;
      17) тармақшадағы «экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын» деген сөздер «өзінің құзыреті шегінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 10-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      «15) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпке сәйкес уәкілетті органмен келісім бойынша жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды таратады және олардың аумағын азайтады.»;
      5) 14-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды «республикалық маңызы бар» санатынан «жергілікті маңызы бар» санатына ауыстыруға жол берілмейді.»;
      6) 17-баптың 2-тармағындағы «республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және мемлекеттік қорық аймақтарын» деген сөздер «республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 18-баптың 1-тармағы «сыртқы» деген сөз алып тасталып, «айналасында» деген сөзден кейін «және олардың шекараларында орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлерінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 20-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың техникалық-экономикалық негіздемесін түзету уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізіледі.»;
      4-тармақтағы «,жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық органдарымен» деген сөздер алып тасталсын;
      9) 23-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік бағдарламаларда көзделген туризм объектілерін салу және олардың жұмыс істеуі үшін және тек шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленген учаскелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы объектілерін салу, оларды жайластыру мен күтіп ұстау үшін оларды ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде босалқы жерлерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін ауыстыруға жол берілмейді.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттарда ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттар үшін пайдаланылады.»;
      10) 24-бапта:
      1-тармақтағы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі мен экологиялық желілерді дамыту бағдарламаларына және» деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақтың екінші бөлігіндегі «, сондай-ақ олар жеке және заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін» деген сөздер «және олар жеке және заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалануға берілмейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 25-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
      12) 28-баптың 3) тармақшасы «шаруашылық қызметтің» деген сөзден кейін «, туристік және рекреациялық қызметтің» деген сөздермен толықтырылсын;
      13) мынадай мазмұндағы 32-1-баппен толықтырылсын:
      «32-1-бап. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы
      1. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы Қазақстан Республикасының аумағында сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің жай-күйі, оларды зерттеу, қорғау, молықтыру және орнықты пайдалану жөніндегі қажетті шаралар туралы мәліметтердің жиынтығын қамтитын сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлері тізбелерінің безендірілген басылымы болып табылады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы бір мезгілде жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік кадастрының құрамдас бөлігі болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына Қазақстан Республикасының аумағында құрлықта, суда, атмосферада және жерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенталдық қайраңы мен айрықша экономикалық аймағында табиғи еркіндік жағдайында үнемі немесе уақытша мекендейтін, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар (омыртқалылар мен омыртқасыздар) мен өсімдіктер (биік және аласа) түрлері (кіші түрлер, таралымдары) енгізіледі.
      3. Саны және орнықты тіршілік ету жағдайлары табиғи еркіндік жағдайында олардың есімін молайтуға және генетикалық қорын сақтауға қатер төнбейтін шекке дейін қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері (кіші түрлері, таралымдары) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабынан шығарылуға жатады.
      4. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізуді және басып шығаруды уәкілетті орган жүзеге асырады.
      5. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлері Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларына сәйкес енгізіледі.
      6. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер түрлерін алу:
      1) арнайы жасалған жағдайларда көбейту;
      2) ғылыми зерттеулер;
      3) селекция үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
      7. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін және олардан жасалған заттарды әкелу және әкету уәкілетті орган берген рұқсатын негізінде жүзеге асырылады.
      8. Жануарлар мен өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу және одан шығару жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін құрамы мен ережесін уәкілетті орган бекітетін ведомствоаралық зоологиялық және ботаникалық комиссиялар құрылады.»;
      14) 33-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларының нысандық киімінің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және онымен оларды қамтамасыз ету нормаларын бекітуді Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.»;
      15) 35-бапта:
      1) тармақша «негіздемелерін» деген сөзден кейін «, табиғат қорғау ұйымдарын басқару жоспарларын» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақша «ерекше» деген сөздің алдынан «жер бөлудің жерге орналастыру жобасын жасау жөніндегі және» деген сөздермен толықтырылсын;
      16) 38-баптың 1-тармағында:
      2) тармақшада:
      алтыншы абзацтағы «ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс жерлерде» деген сөздер алып тасталсын;
      сегізінші абзацтағы «табыстар» деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «орман тұқымдарын жинаудан (өңдеуден) алынатын табыстар;»;
      5) тармақщадағы «есебінен құралады.» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларының гранттары, қаражаты;
      7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен табиғи-қорық қоры объектілеріне залал келтірген жеке және заңды тұлғалардан осы Заңның 82-бабына сәйкес түсетін түсімдер есебінен құралады.»;
      17) 40-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) ормандарды қорғау іс-шараларын жүзеге асыру үшін қажет санитарлық мақсатта ағаш кесуді қоспағанда, орман пайдаланудың барлық түрлеріне, оның ішінде тағамдық, дәрілік және техникалық өсімдіктер, гүлдер, тұқымдар дайындауға, шөп шабуға, мал жаюға және өсімдіктер қабатының бұзылуына әкеп соғатын өсімдіктер дүниесін пайдаланудың басқа да түрлеріне;»;
      18) 41-баптың 3-тармағындағы «ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен ғылыми-зерттеу жұмыстарының» деген сөздер «уәкілетті орган бекіткен ғылыми жұмыстардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 43-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негіздеменің негізінде арнайы бөлінген учаскелерде жергілікті халықтың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жол беріледі.»;
      20) 45-баптың 4-тармағының екінші бөлігі «тамашалау алаңдарын» деген сөздерден кейін «, жағажайлар, қайық станцияларын, суда жүзетін көлік түрлері мен жағажай керек-жарағын жалға беру пункттерін» деген сөздермен толықтырылсын;
      21) 47-бапта:
      1-тармақта:
      7) тармақшадағы «мен балық аулау» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 8), 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
      9) мелиорациялық балық аулау;
      10) ғылыми-зерттеу мақсатында аулау;
      11) өсімін молайту мақсатында аулау.»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Әуесқойлық (спорттық) балық аулау, мелиорациялық балық аулау, ғылыми-зерттеу мақсатында аулау, өсімін молайту мақсатында аулау заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілеріне берілген уәкілетті органның тиісті рұқсаттары бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негіздеменің негізінде жүзеге асырылады.»;
      22) 53-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) мемлекеттік табиғи резерваттар жүзеге асыратын осындай қызметті қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың бөрене тілетін құрылғылар орнату және пайдалану қызметіне тыйым салынады.»;
      23) 67-бап мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) гидрогеологиялық - жерасты суларының бірегей көздерін сақтау үшін.»;
      24) 68-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік табиғи қаумалдардың шекарасы меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің шекарасы бойынша немесе табиғи географиялық шөптер бойынша айқындалады және нақты сол жерлерде арнайы белгілермен белгіленеді.»;
      25) 78-бапта:
      3-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, оның ішінде олардың жұмыртқалары мен уылдырығын алуға:
      1) арнайы жасалған жағдайларда өсіру және кейіннен мекендеу ортасына шығару;
      2) аң аулаудың ұлттық түрлерін дамыту;
      3) ғылыми зерттеулер;
      4) селекция үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айрықша жағдайларда жол беріледі.»;
      26) 81-бапта:
      1-тармақта «Экологиялық дәліздер» деген сөздерден кейін «барлық санаттағы жер учаскелерінде оларды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алмай,» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Экологиялық дәліздер режимінің ерекшеліктері ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортында айқындалады.»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Экологиялық дәліздерді қорғау мен басқаруды табиғат қорғау мекемелері жүзеге асырады. Экологиялық дәліздерді табиғат қорғау мекемелеріне бекітіп беру уәкілетті органның шешімдерімен жүргізіледі.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
           Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады