Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
жоба
Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
1-бап. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2008 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 20, 80-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) заңнамада белгіленген тәртіппен Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның басшысы лауазымына кандидатураны тағайындауға және оны қызметтен босатуға келісім беру туралы мәселені қарайды;»;
2) 10-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Кеңес аппараты мен Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
3) 14-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның судья лауазымына бос орынның ашылғаны туралы ұсынысы Кеңестің конкурс өткізуі үшін негіз болып табылады.
3. Судья лауазымының бос орнына орналасуға кандидатураларды іріктеу жөніндегі конкурстың өткізілетін мерзімі мен орны туралы хабарламаны Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында конкурсқа дейін кемінде бір ай бұрын қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.»;
4) 15-баптың 3-тармағындағы «және заң мамандығы бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі бар немесе кемінде бес жыл судья болып істеген жұмыс өтілі бар» деген сөздер «, заң мамандығы бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі бар немесе кемінде бес жыл судья болып істеген жұмыс өтілі бар және тиісті облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 16-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Кеңес облыстық сот судьяларының бос лауазымдарына кандидатураларды тиісті облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысы болған кезде қарайды.»;
6) 18-бапта:
1-тармақтағы «және заң мамандығы бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі бар немесе кемінде бес жыл судья болып істеген жұмыс өтілі бар» деген сөздер «, заң мамандығы бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі бар немесе кемінде бес жыл судья болып істеген жұмыс өтілі бар және тиісті облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «және заң мамандығы бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс өтілі бар немесе кемінде он жыл судья болып істеген жұмыс өтілі бар» деген сөздер «, заң мамандығы бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс өтілі бар немесе кемінде он жыл судья болып істеген жұмыс өтілі бар және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті