"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық құжаттарды орындау, республикалық меншікке айналған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1132 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық құжаттарды орындау, республикалық меншікке айналған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық құжаттарды орындау, республикалық меншікке айналған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, № 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар):
      42-баптың 9-тармағының 1) тармақшасы «нотариаттық» деген сөздің алдынан «атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті,» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2010 жылғы 23 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 24 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электрондық үкіметті» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы:
      1) 3-бап мынадай мазмұндағы 9-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-3) атқарушылық құжаттарды орындау, республикалық меншікке айналған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеу;»;
      2) 5-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «атқарушылық іс жүргізу органдарынан;»;
      3) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
      «11-1-бап. Атқарушылық іс жүргізу органдарының құрылымы
      1. Атқарушылық іс жүргізу органдарының жүйесін:
      1) уәкілетті орган;
      2) уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары (аумақтық органдар);
      3) аумақтық органдардың аудандардағы, қалалардағы және қалалардың аудандарындағы бөлімдері (аумақтық бөлімдер) құрайды.»;
      4) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:
      «21-1-бап. Әділет органдарының атқарушылық құжаттарды
                 орындауды, республикалық меншікке айналған (түскен)
                 мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі
                 пайдалану жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын
                 қамтамасыз ету саласындағы функциялары
      Атқарушылық құжаттарды орындауды, республикалық меншікке айналған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету саласында әділет органдары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету (ұйымдастырушылық, әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау, атқарушылық іс жүргізу бойынша шағымдар мен өзге де арыздарды қарау, борышкерлердің тыйым салынған мүлкімен жұмыс және т.б.);
      2) жеке сот орындаушылары мен олардың алқаларының қызметін ұйымдастыру (біліктілік, тәртіптік комиссия жұмысын ұйымдастыру, конкурс өткізу, жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау, лицензиядан кейінгі бақылау, олардың қызметін бақылау, жеке сот орындаушыларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар мен өзге де арыздарды қарау;
      3) сот актілерін орындау саласында шетелдік мемлекеттердің атқарушылық іс жүргізу қызметтерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық;
      4) жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналған (түскен) мүлікті (тәркіленген мүлікті) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      5) салық төлеушілердің иелік етуге шек қойылған мүлкін өткізу және төлеушінің кедендік төлемдер бойынша берешек есебіне иелік етуге шек қойылған мүлкін өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.».
      2. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат):
      1) 42-баптың 1) тармақшасы «борышкерді» деген сөзден кейін «немесе өндіріп алушыны» сөздермен толықтырылсын;
      2) 44-баптың 1) тармақшасы «борышкердің» деген сөзден кейін «немесе өндіріп алушының» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 129-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасы Президенті» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әділет министрі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 134-баптың 1-тармағындағы «мен сот приставтарына» және 3-тармағындағы «және сот приставтарының» деген сөздер алып тасталсын;
      5) 142-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады