Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 21-22, 209-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев