"2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 қарашадағы № 1175 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

      Санкт-Петербургте 2010 жылғы 21 мамырда жасалған 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберіндегі кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері,
      2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісімінің (бұдан әрі - Келісім) 10-бабына сәйкес,
      төмендегідей туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 2-бабында:
      а) бірінші абзацтағы «кеден одағының» деген сөздер «әкелу кезінде кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «Кеден одағының кедендік аумағынан карантинге жатқызылған өнімді әкету кезінде карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) өсімдіктер карантині саласындағы Тараптар мемлекеттерінің халықаралық міндеттемелеріне және Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады».

2-бап

      Келісімнің 4-бабында:
      а) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін карантинге жатқызылған өнім аумағында карантинге жатқызылған өнімді жеткізу орны орналасқан Тарап мемлекетінің фитосанитариялық талаптарына сәйкес келуі тиіс.
      Тараптар әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптар туралы ресми ақпаратты Тараптардың уәкілетті органдарының ресми сайттарында (интернет-ресурстарында), сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитариялық шаралар саласындағы ақпараттық жүйесінде және Кеден одағының ықпалдасқан сыртқы және ішкі өзара саудасының ақпараттық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етеді.
      Карантинге жатқызылған өнім тізбесіне сәйкес фитосанитариялық қаупі жоғары карантинге жатқызылған өнім тобына жатқызылған карантинге жатқызылған өнімнің әрбір легі кеден одағының кедендік аумағына Конвенцияда белгіленген нысан бойынша экспорттаушы (кері экспорттаушы) ел мемлекетінің құзыретті органы беретін экспорттық немесе кері-экспорттық фитосанитариялық сертификатпен бірге әкелінеді.»;
      б) 3-тармақтағы «тасымалданатын» деген сөзден кейін «Карантинге жатқызылған өнім тізбесіне сәйкес фитосанитариялық қаупі жоғары карантинге жатқызылған өнім тобына жатқызылған» деген сөздермен толықтырылсын.

3-бап

      5-баптағы «уәкілетті органдарының» деген сөздер алып тасталсын.

4-бап

      Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
      Егер Тараптар дауды бір Тараптың басқа Тараптарға жолдаған консультациялар мен келіссөздер жүргізу туралы ресми жазбаша өтініші түскен күннен бастап алты ай ішінде реттемесе, Тараптардың кез келгені осы дауды қарау үшін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтық Сотына береді.

5-бап

      Осы Хаттаманың күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы Хаттамамен айқындалады.
      Санкт-Петербург қаласында 2010 жылғы 21 мамырда бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды.
      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Кеден одағының комиссиясында сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әр Тарапқа оның расталған көшірмесін жібереді.

       Беларусь           Қазақстан           Ресей
   Республикасының     Республикасының    Федерациясының
    Үкіметі үшін        Үкіметі үшін       Үкіметі үшін

      Осымен 2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық құқық
      департаментінің
      Басқарма бастығы                           Б. Пискорский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады