2011 - 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 қарашадағы N 1176 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.24 № 570 Қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ»  бағдарламасы(бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Бағдарламаның нысаналы индикаторларын орындау тиісінше өз құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне бекітілсін.
      4. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.
      6. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2010 жылғы 9 қараша
№ 1176 қаулысымен 
бекітілген    

2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы 1. Бағдарламаның паспорты

Атауы                  2011 - 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ»
                         бағдарламасы

Әзірлеудің
негіздемесі           «Қазақстан Республикасының 2020 жылға
                         дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы»
                         Қазақстан Республикасы Президентінің 2010
                         жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы және
                         Қазақстан Республикасы Президентінің 2010
                         жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа
                         экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа
                         мүмкіндіктері» атты Жолдауы

Негізі әзірлеуші       Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
                         және сауда министрлігі

Негізгі қоса
орындаушылар           Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
                         үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі,
                         Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                         министрлігі, Қазақстан Республикасы
                         Индустрия және жаңа технологиялар
                         министрлігі, Қазақстан Республикасы Табиғи
                         монополияларды реттеу агенттігі, Қазақстан
                         Республикасы Қаржы министрлігі, облыстардың
                         және Алматы мен Астана қалаларының әкімдері

Бағдарламаның
мақсаты                Халықты қажетті мөлшерде және
                         кепілдендірілген сапада ауыз сумен
                         қамтамасыз ету

Бағдарламаның
міндеттері             Сумен жабдықтайтын жаңа объектілер салу және
                         қолданыстағыларын қайта жаңарту кезінде
                         жүйелік әдісті енгізу.
                         Елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесін
                         тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
                         Су шаруашылығы секторының инвестициялық
                         тартымдылығын арттыру және сумен жабдықтау
                         объектілерін қаржыландыруға жеке капиталды
                         барынша тарту.
                         Халықты ауыз сумен жабдықтау үшін жер асты
                         суларының әлеуетін барынша пайдалану;
                         Сумен қамтамасыз ету жүйелерін жобалаудың
                         сапасын арттыру.
                         Су шаруашылығы секторының жағдайына
                         мониторинг жасау жүйесін құру.
                         Су шаруашылығы ұйымдарын тиімді жұмыспен
                         қамтамасыз ету үшін тариф құру.
                         Инвестицияны кепілді қайтару мақсатында ұзақ
                         мерзімді тарифтер белгілеу.
                         Тұтынушыға жеткізуде өнімсіз су жоғалту
                         деңгейін ғылыми-негіздемелік нормаларға
                         дейін төмендету.

Бағдарламаның
іске асырылу
мерзімі мен
кезеңдері              2011 - 2020 жылдар
                         I кезең - 2011 - 2015 жылдар
                         II кезең - 2016 - 2020 жылдар

Нысаналы
индикаторлар          Ауылдық жерлерде орталықтандырылған сумен
                        қамтамасыз етуге ауылдық елді мекендердің
                        жалпы санының 80 %-на, кіші қалаларда 100
                        %-ға қол жеткізу;
                        әр аудан орталығында сумен жабдықтау
                        объектілерінің мамандандырылған пайдаланушы
                        кәсіпорындары мен ұйымдарын құру;
                        жеке капиталдың қатысуымен, оның ішінде
                        концессиялық келісімдер мен басқа да шарттар
                        негізінде жасалған су шаруашылығы ұйымдарының
                        санын 15 бірлікке дейін арттыру;
                        суды есептеу аспаптарымен қамту:
                        қалаларда - 100 % және ауылдық елді
                        мекендерде - 80 %;
                        3000-нан астам ауылдық елді мекенді жер асты
                        суларының қорларымен қамтамасыз ету;
                        қалалар мен ірі елді мекендер үшін қорларды
                        қайта бағалау мақсатында жер асты суларының
                        165 кен орнын және топтық су арнасы үшін 15
                        кен орнын қайта барлау;
                        86 қала мен 7002 ауылдық елді мекенде сумен
                        жабдықтау жобаларын мониторинг жүйесімен
                        қамту;
                        Халықты тәулігіне 24 сағат ауыз сумен
                        жабдықтау.

Қаржы көзі мен        Бағдарламаны қаржыландыру 2011
қаржыландыру көлемі   2020 жылдар аралығында даму институттарының
                        қаражаты, су шаруашылығы ұйымдарының жеке
                        қаражаты, отандық және шетелдік
                        инвестициялардың және мемлекеттік бюджетте
                        көзделетін 951 490,3 млн. теңге қаражат
                        есебінен жүзеге асырылады, оның ішінде:
                        республикалық бюджет есебінен - 631 940,3
                        млн. теңге сомасында; жергілікті бюджеттер
                        есебінен - 319 550 млн. теңге сомасында.

2. Кіріспе

      Халықты сумен қамтамасыз етудің 2011 - 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзірленген.
      Ауыз сумен қамтамасыз етуде біршама жағдайдың жақсаруына қарамастан, бүгінгі таңда республика халқының басым бөлігі толық көлемде ауыз сумен жабдықталмаған.
      Осыған байланысты, Бағдарлама пайдаланудағы кәсіпорындар мен ұйымдардың тиімді және рентабельді қызметін қамтамасыз етуді, су шаруашылығы секторын дамытуды, су шаруашылығы саласына жеке капиталды тартуды, халықты ауыз сумен жабдықтау үшін жер асты суларын барынша пайдалануды және су шаруашылығы саласына жобалау-іздестіру жұмыстарының сапасын арттыруды қарастырады.
      Бағдарламаны іске асырудағы жүйелі әдістердің біріне орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар, әлеуетті инвесторлар, ғылыми институттар, үкіметтік емес ұйымдардың тиісінше өзара іс-қимыл жасауы мен олардың арасындағы іс-қимылдың үйлестірілуін ұйымдастыру жатады.
      Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру Қазақстан Республикасының халқын қажетті мөлшерде және кепілдендірілген сапада ауыз сумен жабдықтауға мүмкіндік береді.

3. Қазақстан Республикасындағы сумен жабдықтаудың ағымдағы жағдайын талдау Ауылдық жердегі жағдай

      2010 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысымен бекітілген 2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасын іске асыру аяқталады.
      Осы бағдарламаның іс-шаралары ауыл халқын ауыз сумен жабдықтау бөлігінде мынадай көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған:
      жалпы ел бойынша сумен жабдықтаудың орталықтандырылған көздерінің суын пайдаланатын халықтың санын 20-25 %-ға арттыру;
      жалпы сумен жабдықтау деңгейін 80 %-ға арттыру.
      Бағдарлама шеңберінде барлығы 13 288 км-ден астам су құбыры мен сумен жабдықтау желілері салынды, қайта жаңғыртылды және күрделі жөнделді. Халқының жалпы саны 3,5 млн. адамды құрайтын 3 153 елді мекенді сумен жабдықтау жақсартылды.
      Ауыз суға бірдей үнемді деңгейде қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында ауыл халқы үшін субсидиялаудың сараланған нормативтері енгізілген, олар ауылдық жерлердің тұрғындарына суды жеткізу қызметтеріне бірыңғай тариф бойынша төлеуге мүмкіндік берді.
      Талдау жасайтын кезеңде тасымалданатын суды пайдаланатын ауыл халқының саны 5 есе қысқарып, 82,9 мың адамды құрады. Санитарлық нормаларға сай келмейтін су құбырларының жағдайы 336-дан 133 бірлікке азайды.
      Бағдарламаны іске асырудағы белгілі бір оң нәтижелеріне қарамастан, ауыл халқын сумен жабдықтау проблемасы осы күнге дейін сақталып келеді.
      Мысалы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ауылдық елді мекендердің (бұдан әрі - АЕМ) сумен жабдықтаудың орталықтандырылған көздеріне қол жеткізуі 12 %-ға ғана артып, 41 %-ды құрады.
      Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша АЕМ-дің жалпы санынан 7 002 - ауыз сумен жабдықталғандарына (проблемалық) барлық ауыл халқының 40 %-ын. құрайтын немесе халқының саны 3 млн. адамды құрайтын 3 849 АЕМ жатады.
      Бұл ретте, осы АЕМ 4 санат бойынша топтастырылған және 1-кестеде келтірілген.

1-кесте

Ауыз сумен жабдықталған АЕМ санаттары

Р/с №

АЕМ санаттары

АЕМ саны

Үлес салмағы, %

1.

Тасымалданатын суды
пайдаланатындар

143

4

2.

Топтық су құбырына қосылуды талап ететіндер

386

10

3.

Топтық су құбырлары (қайта жаңарту мен салу)

114

3

4.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі барлары

3 206

83


Барлығы

3 849

100

      Жалпы, 2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасын іске асырған уақытта бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, су құбырларын салу мен жаңартудың сапасыздығы, жөндеу-салу жұмыстары мерзімдерінің бұзылуы және ауыз судың сапасын қамтамасыз етпеу жағдайлары орын алған.
      Оның басты себебі сумен қамтамасыз ету жүйесін дамыту мен жаңарту жұмыстарын жоспарлау кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың жүйелі тәсілі мен тиісті өзара іс-әрекетінің болмауы болып табылады.
      Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру басымдақтарға сәйкес жүргізілмеді. Нәтижесінде, кейбір жағдайларда ауқымды бюджеттік қаржыға салынған объектілер тұрып қалып, керісінше басқалары қаржыландырудың жетіспеуі салдарынан аздаған учаскемен қайта жаңарылып жатты.
      Сонымен қатар, 2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасын іске асыру нәтижелеріне жасалған талдау бойынша, ауыл халқын ауыз сумен жабдықтау мәселесіндегі тежеуші факторлардың бірі жабдықтаушы кәсіпорындар санының болмауы немесе олардың жеткілікті дәрежеде материалдық-техникалық жабдықталмауы болды.

Қалалық жердегі жағдай

      Бүгінгі таңда республиканың қалаларын да сумен жабдықтау проблемасы орын алуда.
      Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің деректері бойынша, 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қала халқының орталықтандырылған сумен жабдықталуы 72 %-ды құрайды.
      Халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтаудың жүйелеріне қол жеткізу деңгейі бойынша Қазақстан Республикасы дамыған елдерден артта қалады, бұл көрсеткіш 90-95 %-ды құрайды.
      Республика бойынша қалалардағы су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 27 000,3 км-ды құрайды, оның ішінде, таратушы су құбыры желілері — 18 173,7 км, бұл ретте, қазіргі уақытта республика бойынша «иесіз» 2 188 км желі бар.
      Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің деректері бойынша, су құбырлары желілерінің көпшілігі қанағаттанарлықсыз жағдайда, сенімді пайдаланудың 25 жылдық қалыпты мерзімін ескере келе, жұмыс жағдайында 36 % желі бар, шамамен 64 % желіге күрделі жөндеу немесе толығымен алмастыру қажет болып отыр.
      Негізінен су құбыры желілері 25 - 40 жыл бұрын пайдалануға берілген және ішкі беті қорғалмаған (негізінен, болат құбырлар). Сондықтан, тот басудың салдарынан су таратқыштар мен су құбыры желілері тез тозып, бұзылады, ол су құбырларының өткізу мүмкіндігін азайтып, апаттардың артуына, судың жоғалуы мен ауыз су сапасының нашарлауына алып келеді.
      Осының салдарынан сумен жабдықтау желілерінде шығындардың жыл сайын артуы тіркелуде, мысалы, 2009 жылы 2004 жылмен салыстырғанда шығындардың саны 10,9 %-ға артты.
      Бөлінген бюджет қаражатын пайдалану нәтижесінде республика бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу 5,3 %-ға артты, жалпы республика бойынша сумен жабдықтау желілеріндегі апаттардың саны 2004 жылмен салыстырғанда 15,8 %-ға азайды.
      Қазіргі уақытта қалалық жүйелердің ағымдағы жағдайы туралы толық және нақты ақпараттың болмауы қалалық жерде сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту мен жаңғырту жұмыстарының қажетті көлемін нақты бағалауға мүмкіндік бермейді.

Сумен жабдықтау жүйелерін жобалаудың сапасы

      Сапасыз құрылыс себептерінің бірі сумен жабдықтау жүйелерінің жобалау-сметалық құжаттамасының әзірлену деңгейінің төмендігі болып табылады.
      Мысалы, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің деректері бойынша, бүгінгі таңда сараптамаға ұсынылатын жобалардың жартысы мемлекеттік құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес келмей, пысықтауға қайтарылуда.
      Тек 2009 жылдың өзінде жобаларда 326 мыңнан астам әр түрлі кемшіліктер мен жобалау нормаларынан ауытқу анықталған. Негізінен, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеумен сумен жабдықтау және суды тарату объектілерін жобалау тәжірибесі жоқ ұйымдар айналысады.
      Қазіргі уақытта «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес субъектілерді, оның ішінде сумен жабдықтау субъектілерін лицензиялау облыстық (Астана және Алматы қалалары) жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді.
      Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің деректері бойынша, 2010 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда жергілікті атқарушы органдар жобалау жұмыстарын өткізуге 12 мың лицензия берген. Бұл ретте, көп дегенде 50 кәсіпорын сумен жабдықтау объектілерін жобалауға маманданған және жақсы өндірістік базасы мен білікті мамандары бар.
      Жобалау-іздестіру жұмыстары деңгейінің төмендігі құрылыс жұмыстарының қымбаттауына, ал кейде мүлдем өткізілмеуіне алып келеді. Сумен жабдықтау объектілерін салу немесе жаңғырту жұмыстары сапасыз жасалған жобалау-сметалық құжаттама (бұдан әрі - ЖСҚ) негізінде жүргізіледі.
      Нәтижесінде жаңадан салынған желілер 1-2 жыл істеп, пайдаланудан шығады. Сумен жабдықтау объектілерін жер бөлінісінің мәселелері және электр энергиясымен жабдықтайтын техникалық жағдайлар ескерілмей аудандық әкімдіктер әзірлеген ЖСҚ бойынша салу орын алған жағдайлары болды.

Жер асты суларын пайдалануға байланысты жағдай

      Жер асты су объектілері суының сапасы жер асты суынан әлдеқайда жоғары, сондықтан оларды ауыз сумен жабдықтау көздері ретінде пайдаланған тиімдірек. Соған қарамастан, елді мекендердің маңызды бөлігі жер асты суларын ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық мақсатта пайдаланбайды.
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің деректері бойынша елімізде 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекет теңгерімінде тұрған жер асты суларының 1282 кен орындары барланған.
      Барланған ауыз судың пайдалануға берілетін қоры республиканың жиынтық қажеттілігінен 2 есе артады және тәулігіне адам басына 1,12 м3 құрайды.
      Сонымен қатар, жер асты суларының барланған қорларын игеру баяу қарқынмен жүргізіліп жатыр, ал соңғы жылдары республиканың бірқатар аудандарында мүлдем дерлік тоқтатылған. Көптеген жер асты суларының кен орындары 10 - 15 жыл қатарынан пайдаланылмай келеді, ал жекелеген жағдайларда олардың пайдалануға берілу мерзімінің кешіктірілуі 25 - 30 жылды құрайды.
      Сондықтан, барланған қорлар халықтың ауыз суға деген қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз ете алады.
      Бұдан басқа, қазіргі уақытта барланған кен орындарының жалпы санынан (1282) 402 кен орны ғана пайдаланылуда (алынатын судың көлемі тәулігіне 2,0 млн. текше метрді құрайды), ол халықтың ауыз суды пайдалануының жалпы теңгерімінде 56 %-ды құрайды.
      Келтірілген фактілер жер асты су көздерінің қолда бар әлеуетін толық көлемде пайдаланбауының куәсі болуда.

Сумен жабдықтау жүйесіндегі тарифтік саясат

      Бұрын атап көрсетілгендей, су шаруашылығы секторына сумен жабдықтау желілерінің тозуы мен су шаруашылығы секторы кәсіпорындарының активтерін жаңартуға және жаңғыртуға жұмсалатын қаржының жетіспеушілігі туралы мәлімдейтін нормативтік техникалық шығындардың жоғары деңгейі тән.
      Осыған байланысты, сумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметтеріне тариф белгілеумен байланысты мәселелерге басты назар аудару қажет. Сумен жабдықтау қызметтеріне арналған тарифтердің алдыңғы жылдардағы деңгейі су шаруашылығы саласы субъектілеріне толық көлемде жөндеу және қайта жаңарту жөніндегі бағдарламаларды орындауға мүмкіндік бермейді, ол түпкі нәтижесінде негізгі қорлардың тозуының ұлғаюына өндірістік емес шығындардың өсуіне және су сапасының төмендігіне алып келді.
      Қазіргі уақытта көптеген сумен жабдықтау кәсіпорындарында негізгі құралдарды жаңарту мен жаңғыртуға, желілердегі шығындардың азаюына бағытталған даму бағдарламары жоқ, арнайы техника мен технологиялар жабдығы жаңартылмайды, өндірістік көрсеткіштер жақсармай отыр, көрсетілетін қызметтерге шығындар артуда.
      Сумен жабдықтау саласындағы жағдай, сонымен қатар суды ұтымсыз пайдалану проблемасымен күрделене түсуде. Сондықтан бүгінгі таңда сумен жабдықтау қызметтерін жеткізушілерді ынталандырумен бірге, тұтынушыларды суды үнемді пайдалануға, оның ішінде суды есептеу аспаптарын орнату жолымен ынталандыру, суды үйлесті пайдалану нормаларын төмендету, пайдаланылған су көлеміне байланысты және тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтерді енгізу мәселесі де өткір тұр.
      Сезімталдығы жоғары, нақтылығы төмен класты суды есептеудің арзан аспаптарын пайдалану, аспаптарды дұрыс монтаждамау, пайдаланылған суды дұрыс есептемеу коммерциялық шығындарға әкеледі, тиісінше пайдаланушы кәсіпорындар елеулі түрде табысын жоғалтады.
      Осылайша, 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің деректері бойынша қалалардағы суды есептеу аспаптарымен қамту деңгейі республика бойынша орташа есеппен 76 %-ды құрады. АЕМ суды есептеу аспаптарымен қамту 40 %-ға да жетпейді.
      Жалпы, өткен кезеңде мемлекеттің халықты ауыз сумен жабдықтау бағытталған іс-шараларды іске асыруы кезінде мынадай кемшілікте; анықталған:
      - сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту мен дамыту жұмыстарын жоспарлауда жүйелік тәсіл мен орталық және жергілікті атқарушы органдардың қажетті өзара іс-қимылының болмауы;
      - су қорының (ашық су айдыны) шектілігіне байланысты суды әзірлеу және суды бөлу мәселесін шешуде кешенді тәсілдің жоқтығы;
      - сумен жабдықтау жобаларын іске асыру барысында мониторингінің болмауы;
      - ЖСҚ әзірлеу деңгейінің төмендігі;
      - жер асты суларының қорларын растамай сумен жабдықтау жобаларын іске асыру;
      - тұтынушыларға берілетін судың есепке толық алынбауы;
      - кәсіпорындардың сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңартуға және жаңғыртуға жұмсалатын инвестициялық ресурстарының жеткіліксіздігі;
      - сумен жабдықтаудың қолданыстағы жүйелерін техникалық пайдаланудың қажетті деңгейінің болмауы.

2-кесте

Су шаруашылығы секторының мүмкіндіктерін және мүмкін қатерлерін, күшті және әлсіз жақтарын талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Қатерлер (Тәуекелдер)

Мүмкіндіктер

1

2

3

4

мемлекеттің қолдауы

су шаруашылығы секторының құрылысын және қайта жаңғыртылуын жоспарлауда жүйелі тәсілдің болмауы

сумен жабдықтау жүйесі жобаларын іске асыруда бюджеттік қаражаттарды тиімсіз пайдалану

жеке инвестициялар тарту

сумен жабдықтау және суды бөлу желілерінің қолданыстағы инфрақұрылымының болуы

сумен жабдықтау желілері тозуының жоғары деңгейі;
қолданыстағы қайта жаңартуларға және сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерінің құрылысына мемлекеттік инвестициялар берілуінің жеткіліксіздігі, ауылдық жерлерде мамандандырылған пайдаланушы кәсіпорындардың жоқтығы

сумен жабдықтау объектілерінің техникалық қанағаттандырмайтын жай-күйі;
Апаттылықтың өсуі; тәулік бойы су берудің болмауы

сумен жабдықтау жүйелерінің техникалық жай-күйін жақсарту;
Суды тазалау және суды әзірлеу шығындарын ұлғайту, материалды техникалық базаны жарақтандыру арқылы пайдалану қызметін жетілдіру

су шаруашылығы секторының өтімділігі

инновациялық-инвестициялық жобаларды іске асыруға жеке операторларды тартудың төмен деңгейі, жоғары білікті мамандардың жоқтығы

инновациялық-инвестициялық жобаларды енгізудің жоқтығы, қабілетті жас мамандарды жұмысқа тарту тетігінің жоқтығы

сумен жабдықтау саласындағы бизнес
- ортаны дамыту;
Мемлекеттік-жеке әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) шартында жүзеге асырылатын инновациялық-инвестициялық жобаларды іске асыруға жеке операторларды тарту

сумен жабдықтау объектілерін дамытуға және жаңғыртуға шетелдік қаржы институттарының мүдделілігі

қолайсыз инвестициялық ахуал;
Ауыл халқының төмен төлем қабілеттілігі; сумен жабдықтау желілері тозуының жоғары деңгейі;
сумен жабдықтау тораптары тозуының жоғары деңгейі;
халықтың төмен тығыздығы және ауқымды қашықтықтарға су тасымалдау үшін су құбырларының құрылысы қажеттілігі

инфляцияның өсуі; халықтың әлеуметтік наразылығы

шетел инвестицияларын тарту мүмкіндігі;
МЖӘ тетіктерін дамыту;
Тариф құрудың прогрессивті әдістерін қолдану

сараланған тарифтерді пайдалану

5 және одан көп жылдарға арналған ұзақ мерзімді тарифтердің болмауы және орта мерзімділер санының аз болуы

инфляцияның өсуі, халықтың әлеуметтік наразылығы

аз қамтылған азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсету

су факторымен байланысты науқастануларды төмендету

пайдаланушы ұйымдардың жоқтығы

қызмет мерзімінен бұрын сумен жабдықтау жүйелері жабдықтарының істен шығуы

әрбір ауданда пайдаланушы ұйым және әрбір ауылдық елді мекенде пайдаланушы топ құру

жер асты тұщы сулы қорының жеткілікті деңгейі

жер асты тұщы суларының қазіргі қорын жеткілікті пайдаланбау

ұңғымаларды пайдалану тәртіптерін бұзу нәтижесінде жер асты су көздерінің сапасын төмендету, иесіз гидрогеологиялық ұңғымалар санының көптігі, жер асты сулардың техногендік ластануы

шаруашылық айналымға иесіз гидрогеологиялық ұңғымаларды кірістіру, жер асты тұщы суларының жаңа кен орындарын игеру;
Су қорғау, техникалық және санитарлық іс-шараларды іске асыру; су тазалау станцияларында суды өңдеу технологияларын жетілдіру; суды жинау, тасымалдау және суды бөлу жүйелерін дамыту

4. Мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

4.1. Бағдарламаның мақсаты

      Халықты кепілдендірілген сападағы ауыз сумен қажетті мөлшерде жабдықтау.

4.2. Нысаналы индикаторлар

      Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу көрсеткіштерді аралық нәтижелерімен салыстыру және өлшеу арқылы мынадай индикаторлар бойынша анықталатын болады:
      ауылдық жерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуді АЕМ-дің жалпы санынан 80 %, шағын қалаларда - 100 % қамтамасыз ету;
      әр аудан орталығында сумен жабдықтау объектілерінің мамандандырылған пайдаланушы ұйымдарын құру;
      жеке капиталдың қатысуымен, оның ішінде 15 бірлікке дейін концессиялық келісімдер және басқа да шарттар негізінде су шаруашылығы кәсіпорындары санының өсуі;
      суды есептеу аспаптарымен қалаларда 100 % және АЕМ-де 80 % қамту;
      3000 астам АЕМ-нің жер асты суы қорымен қамтамасыз етілуін зерттеу;
      Қалалар және ірі елді мекендер үшін қорларды қайта бағалау мақсатында 165 кен орнына және топтық су құбырлары үшін 15 кен орнына одан әрі барлау жүргізу;
      86 қалада және 7002 АЕМ-де сумен жабдықтау жобалары мониторингі жүйесімен қамту;
      Аудандық мамандандырылған пайдаланушы ұйымдарға жабдықтар, машиналар мен механизмдер сатып алуға жергілікті бюджеттен кезең-кезеңмен қаражат бөлу.
      Алдағы жылдары машиналар мен механизмдерді сатып алу нақты тарифті қосқанда шаруашылық қызмет есебінен жузеге асырылады.

4.3. Бағдарламаның міндеттері

      1. Сумен жабдықтаудың жаңа объектілері құрылысында және қолданыстағы қайта жаңғыртуда жөндеуде жүйелі тәсілді енгізу.
      2. Елді мекендерді сумен жабдықтау жүйелерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
      3. Сумен жабдықтау объектілерін қаржыландыруға барынша жеке капиталды тарту және су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру.
      4. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану.
      5. Сумен жабдықтау жүйелерін жобалау сапасын арттыру.
      6. Су шаруашылығы секторының жай-күйінің мониторингі жүйесін құру.

4.4. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

Р/с №

Нәтиже көрсеткіштері

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Қалалар бойынша

1.

Қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу, %

73

75

78

81

85

88

90

93

97

100

2.

Жеке капиталдың қатысуымен, оның ішінде концессиялық келісімдер негізіндегі су шаруашылығы кәсіпорындарының саны, жылына бірлікпен

-

-

3

2

2

2

2

2

1

1

3.

Қалаларда халықты ауыз суды есептеу аспаптарымен қамту, %

76

89

100

-

-

-

-

-

-

-

4.

Сумен жабдықтау объектілеріндегі авария, 1 км. желіге авария саны

0,8

0,8

0,7

0,7

0,6

0,6

0,5

0,5

0,4

0,4

5.

Нормативтік ысырап деңгейі, %

40

35

30

25

19

19

18

17

16

15

6.

Жер асты суларының барланған көздерінің қорларын қайта бағалау мақсатында жете барлау, жылына бірлік

-

35

35

35

35

35

5

-

-

-

АЕМ бойынша

1.

Ауылдық жерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу, %

41,2

43

46

50

54

59

65

70

75

80

2.

Әр аудан орталығындағы мамандандырылған пайдаланушы ұйымдардың саны, жылына бірлік;

-

40

60

61

-

-

-

-

-

-

3.

АЕМ-де халықты ауыз суды есептеу аспаптарымен қамту, %

28

34

38

41

55

61

67

72

76

80

4.

Жер асты сулары қорымен қамтамасыз етілген АЕМ-нің қосымша саны, жылына бірлік

341

249

302

330

330

330

330

330

330

330

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

      Бағдарламаны іске асыру мына кезеңдерде жүзеге асырылады және тиісінше мынадай міндеттер шешіледі:
      I кезең 2011 - 2015 жылдар - ауылдық жерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуді АЕМ-нің жалпы санынан 54 %, шағын қалаларда - 85 % қамтамасыз ету;
      II кезең 2016 - 2020 жылдар - ауылдық жерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуді АЕМ-нің жалпы санынан 80 %, шағын қалаларда - 100 % қамтамасыз ету.
      Бюджет қаражатын үнемсіз және тиімсіз пайдалану фактілерін болдырмау, Бағдарламаны іске асырудың 2011 - 2020 жылдар аралығындағы кезеңге арналған халықты ауыз сумен жабдықтау бойынша баламалы және үнемді шешімдерін іздеуді кеңейту мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1. Сумен жабдықтаудың жаңа объектілерін салу және қолданыстағыларын қайта жаңарту кезінде жүйелі тәсілді енгізу;
      2. Су шаруашылығы секторының жай-күйінің мониторингі жүйесін құру;
      3. Сумен жабдықтау объектілерін қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту және су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру;
      4. Халықты ауыз сумен жабдықтау үшін жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану;
      5. Сумен жабдықтау жүйелерін жобалау сапасын арттыру.

5.1. Сумен жабдықтаудың жаңа объектілерін салу және қолданыстағыларын қайта жаңарту кезінде жүйелі тәсілді енгізу

      Сумен жабдықтаудың жаңа объектілерін салуға және қолданыстағыларын жөндеуге шығындалатын бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында жүйелі тәсіл қолданылатын болады.
      Жүйелі тәсіл ауылдық және қалалық сумен жабдықтау жүйелерінің ағымдағы жай-күйін міндетті тексеру мен ауылдық және қалалық жергілікті келісілген жобалар тізбесін қалыптастыруды көздейді.
      Ауылдық сумен жабдықтау жүйелері үшін
      Ауылдық сумен жабдықтау объектілері үшін жүйелі тәсіл мыналарды көздейді:
      1. Зерттеу жүргізу үшін ауыз сумен жабдықтау жобалардың алдын-ала тізімін қалыптастыру;
      2. Ауыз сумен жабдықтау жобаларын іске асыруға жоспарланған ағымдағы зерттеу жүргізу;
      3. Ауыз сумен жабдықтау жобалардың түпкілікті тізбесін бекіту.
      1. Ауыз сумен жабдықтау жобаларының алдын ала тізімін қалыптастыру жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жоспарлайтын қаржы жылының алдындағы жылдың бірінші тоқсанында жергілікті атқарушы органдардың келесі қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімдерді негізінде жүзеге асырылады. Ауыз сумен жабдықтау жобалардың алдын ала (бұдан әрі - Тізбе) мыналар енгізілуі тиіс:
      - ЖСҚ бар жобалар, расталған су қорлары мен пайдаланушы ұйым
болуы;
      - ЖСҚ әзірлеуді және/немесе геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізуді талап ететін жобалар.
      Сонымен бірге жобаларды іріктеудің негізгі өлшемі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар тарапынан жобаларды міндетті түрде бірлесіп қаржыландыру болуы тиіс.
      Жобаларды іріктеу және Тізбеге қосу мынадай өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс:
      1) ауыз сумен нақты қамтамасыз етілу;
      2) аудандық орталықтар;
      3) халық саны 1000 адамнан жоғары АЕМ;
      4) халық саны 501 -ден 1000 адамға дейінгі АЕМ;
      5) халық саны 101-ден 500 адамға дейінгі АЕМ.
      2. Ауыз сумен жабдықтау жобаларын іріктеу нәтижелері бойынша зерттеу жүргізу үшін жобалар тізбесі қалыптастырылады. Зерттеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік, жобалау-іздестіру ұйымдарын тартатын болады.
      Зерттеу ғимаратты, құрылыстарды және сумен жабдықтау жүйелерінің желілерін пайдаланушы кәсіпорынның немесе оларды баланстық ұстаушы ұйымдардан ақпарат жинау объектісі орналасқан жерде салыстыру арқылы жүргізіледі және зерттелетін объектінің мынадай сипаттамаларын қамтуы тиіс:
      - аталған негізгі құралдарды іске қосу жылы, олардың қалдық құны және тозу дәрежесі;
      - сумен жабдықтаудың қолданыстағы жүйесінің құрамы;
      - құбырлардың өнімділік, ұзындық, диаметр көрсетіштері;
      - сумен жабдықтау жүйесі объектілерін дайындау материалдары;
      - ағымдағы не күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігі;
      - жергілікті атқарушы органдары әзірлеген ЖСҚ-ның су шаруашылығы инфрақұрылымының нақты жай-күйіне сәйкестігін тексеру;
      - кепілдендірілген сапа мен қажетті көлемдегі сумен жабдықтаудың расталған көздерінің болуы және басқа да сипаттамалар.
      Зерттеулерден кейін пайдаланушы кәсіпорындар негізгі құралдарға қайта бағалау жүргізулері тиіс.
      Бұдан басқа, бұл зерттеу кепілдендірілген сапа мен қажетті көлемдегі сумен жабдықтаудың расталған көздерінің болуын, геологиялық қызметтермен бірлесіп жүргізілетін пайдаланудағы су жинау және бақылау ұңғымаларының техникалық жай-күйін бағалауды қамтиды.
      Зерттеу мазмұнына қатысты талаптар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ішкі бұйрықтарымен бекітілуі тиіс. Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тиісті актісінде тіркелген болуы және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне есеп түрінде ұсынылуы тиіс.
      3. Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауылдық жерлердегі сумен жабдықтау жобалардың бірыңғай тізбесін қалыптастырады, ол мыналарды қамтуы тиіс:
      - құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу мүмкін болатын АЕМ (зерттеу нәтижелері бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға (бұдан әрі - ЖСҚ) сәйкестігі және сумен жабдықтау көздерінің болуы расталған);
      - ЖСҚ әзірлеу немесе түзету талап етілетін АЕМ (зерттеу нәтижелері бойынша ЖСҚ әзірлеу үшін техникалық өлшемдер айқындалған немесе ЖСҚ түзету қажеттілігі анықталған);
      - жер асты сулары қорларымен қамтамасыз ету үшін геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу талап етілетін АЕМ.
      Ауылдық жердегі сумен жабдықтау жобаларының бірыңғай тізбесін елді мекендерді жер асты сулары қорымен қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Қаржы және Экономикалық даму және сауда министрліктеріне қарауға енгізеді. Қазақстан Республикасы Қаржы және Экономикалық даму және сауда министрліктері қарағаннан кейін Ауылдық жердегі сумен жабдықтау жобалардың бірыңғай тізбесі жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың екінші тоқсанында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары төрағалық ететін Ауыз суымен жабдықтау саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) қарастыруына ұсынылады.
      Қалалық жерде
      Қалалық жерде жүйелі тәсіл мыналарды көздейді:
      1) Қалалық елді мекендердің (бұдан әрі - ҚЕМ) сумен жабдықтау жүйелеріне зерттеу жүргізу;
      2) Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша сумен жабдықтаудың қалалық жүйелеріне инвестициялау негіздемесін әзірлеу;
      3) Сумен жабдықтаудың қалалық жүйелерін инвестициялаудың Негіздемесі болған кезде қатаң сәйкестікпен сумен жабдықтау жобалардың бірыңғай тізбесін қалыптастыру.
      1. 2012 жылға дейін барлық ҚЕМ-ге зерттеу жүргізіледі. Зерттеу қалалардың жаңа объектілерінің перспективаларын есепке ала отырып, жүйелерді қайта құру немесе жаңғырту бойынша қажетті іс-шараларды айқындау мақсатында, сумен жабдықтау жүйелерінің ағымдағы жай-күйін бағалауды қамтиды.
      Зерттеу бойынша іс-шаралар мыналарды қамтиды: жер асты және жер  үсті сумен жабдықтау жүйелері бойынша гидрогеологиялық қорытындылар құру және диагностикалау әдістерін қолдана отырып, қолданыстағы сумен жабдықтау, су бұру жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы бастапқы деректерді жинау.
      Орындалған іс-шаралар нәтижесі сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін зерттеу актісі және 1.04-04-2002 «Ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін зерттеу және бағалау» ҚР СБ-ға сәйкес қаралған объектінің жай-күйі туралы техникалық қорытынды болады.
      Зерттеуді орындауға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі техникалық тапсырма түрінде бекітеді.
      Зерттеу нәтижелерін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану Комитеті келіскеннен кейін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне есеп түрінде беруі тиіс.
      2. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша 2011 - 2012 жылдары сумен жабдықтау жүйелерінің инвестициялар негіздемелері әзірленеді.
      Қалаларды сумен жабдықтау жүйесінің инвестициялар негіздемелері мыналарды қамтуы тиіс:
      өндіріс және коммуналдық қызмет тұтыну көлемін, коммуналдық қызметтерге тарифтер деңгейінің өсімін болжау;
      инвестициялық жобаларды іріктеу және іске асыру басымдылығының өлшемдері;
      коммуналдық секторды жаңғырту және дамыту жобаларын қаржыландыру көздері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      инвестициялық жобалардың жалпы тізбесі;
      жобаларды қаржыландыру көздері бойынша ұсыныстар;
      энергия және ресурс үнемдеу технологияларын енгізу;
      қазақстандық қамтуды қамтамасыз ету.
      Сумен жабдықтау жүйелерінің инвестициялар негіздемелеріне қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі белгілеуі тиіс. Сумен жабдықтау жүйелерінің инвестициялар негіздемелерін әзірлеу сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік, жобалау-іздестіру ұйымдары арқылы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі орталықтандырып жүзеге асырады.
      Кейіннен инвестициялар негіздемелері негізінде қалалық сумен жабдықтау жүйелерінің жекелеген учаскелері мен объектілеріне ЖСҚ әзірленетін болады.
      3. Қалалық жерлердегі сумен жабдықтау жобалардың бірыңғай тізбесін қалыптастыру қалалық сумен жабдықтаудың инвестициялар негіздемелеріне қатаң сәйкестікпен жүзеге асырылатын болады.
      Бұл ретте, қалалық жерлердің жобалар тізбесін қалыптастыру барысында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет тарапынан жобаларды қаржыландыру міндетті шарт болып табылады.
      Бөлінетін қаржыны өңірлер арасында бөлу, өңірде тұратын халық санына пропорционалды түрде жүзеге асырылады.
      Өңір ішінде бюджет қаражаты мынадай өлшемдерге сәйкес қалалар бойынша бөлінеді: қалалардағы халық саны, халықтың сумен қамтылуы, жөндеу жүргізуді талап ететін сумен жабдықтау желілерінің үлесі.
      Осылайша, сумен жабдықтау жобаларының тізбесін қалыптастыру Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен облыстардың (Астана және Алматы қалалары) жергілікті атқарушы органдарының өтінімдері және зерттеу нәтижелері негізінде жүзеге асырылатын болады.
      Жобалар басымдығын Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі қалаларды сумен жабдықтау жүйелерінің инвестициялар негіздімелерінің негізінде басымдықтардың жоғарыда аталған өлшемдерін негізге ала отырып айқындайды.
      Сумен жабдықтаудың инвестициялар негіздемелерін әзірлеу кезеңінде (2011 - 2012 жылдар) қалалық жерлердегі сумен жабдықтау жобаларының бірыңғай тізбесіне жобаларды іріктеу жергілікті атқарушы органдардың деректері негізінде басымдық өлшемдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      Жыл сайын қалыптастырылатын Қалалық жерлердегі сумен жабдықтау жобаларының бірыңғай тізбесі мыналарды қамтуы тиіс:
      - ЖСҚ-ның сумен жабдықтау жүйелерінің инвестициялар негіздемелеріне сәйкестігі расталған, сондай-ақ сумен жабдықтаудың расталған көздері бар ҚЕМ жобалары;
      - ЖСҚ әзірлеуді немесе түзетуді талап ететін ҚЕМ жобалары;
      - жер асты су қорымен қамтамасыз ету үшін геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізуді талап ететін ҚЕМ жобалары.
      Түпкілікті жасалған Қалалық жерлердегі сумен жабдықтау жобаларының бірыңғай тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы және Экономикалық даму және сауда министрліктеріне алдын ала қарау үшін, кейіннен жоспарланған қаржы жылының алдындағы жылдың екінші тоқсанында ВАК қарауына енгізу үшін шығарылады.

5.2 Су шаруашылығы секторының жай-күйіне мониторинг жүргізу жүйесін құру

      Бағдарламаны іске асыруда орталық мемлекеттік органдар, сондай-ақ облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері қатысады.
      Осыған байланысты барлық мүдделі органдардың іс-қимылын үйлестіру қажет екені көрініп тұр. Бағдарламада Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Бағдарлама үйлестірушісінің функцияларын жүктеу көзделеді.
      Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі бағдарламалық іс-шараларды дайындау және іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін жалпы үйлестіруді жүзеге асырады, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың нысаналы индикаторлар мен Бағдарлама іс-шараларын орындауы бойынша қызметтерінің тиімділігін бағалауды жүргізеді.
      Атқарушы Мемлекеттік органдар (Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері) бағдарламалық іс-шаралар мен нысаналы индикаторларды орындау бойынша жұмыстардың барысын бақылауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ Бағдарламаны орындауға бөлінетін бюджет қаражатының нысаналы және тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Бағдарламаны басқарудың жоғарғы алқалық органы ретінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары төрағалық ететін ВАК құрылады,  оның басты міндеттері ауылдық және қалалық жерлерде сумен жабдықтау жобаларының тізбелерін қарастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, Тізбелерді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу бойынша ұсыным шығару мақсатында Бағдарлама шеңберінде геологиялық-барлау жұмыстарының тізбелерін әзірлеу және бекіту, су шаруашылығы саласындағы МЖӘ жобаларын іске асыруға байланысты мәселелерге қатысты ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      Бүгінгі күні ауылдық және қалалық жерлердегі су сапасы, сумен жабдықтау жүйесінің техникалық жай-күйі және су шаруашылығы секторындағы ұйымдардың қаржылық жай-күйі туралы бірыңғай жүйеленген дерекқор жоқ.
      Осыған байланысты Бағдарламаны іске асыру барысына мониторинг жүйесін ұйымдастыру үшін мынадай іс-шараларды іске асыру көзделген:
      - бағдарламалық іс-шаралардың орындалу барысының тиімділігін  және нәтижелілігін бағалау бойынша жұмыстарды орындау үшін түрлі көздерден алынатын есептік, статистикалық, анықтамалық, болжамдық және бағалау ақпараттарын жинау, жүйелендіру және талдау;
      - нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу дәрежесі және халықты ауыз сумен жабдықтау саласында жағдайдың өзгеру серпіні туралы ақпарат алу үшін бағдарламалық іс-шараларды іске асыруға мониторинг жүргізу;
      - «Ақ бұлақ» салалық бағдарламасын басқару бойынша жедел орган әзірлеу туралы ұсыныстар енгізу.
      Бағдарламаны іске асыру мониторингін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі нысаналы индикаторлардың әзірленген жүйесі негізінде іске асырады. Бағдарлама тиімділігін бағалау үшін қажет ақпаратты жинау және талдау Бағдарлама шеңберінде әзірленген ақпараттық-талдау базасы шеңберінде жүзеге асырылады.

5.3 Су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және сумен жабдықтау объектілерін қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту

      Су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және сумен жабдықтау объектілерін қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту:
      - концессия тетіктерін дамыту;
      - ұзақ мерзімді тарифтік реттеу жүйесіне өту;
      - суды толық есепке алуды қамтамасыз ету есебінен жүзеге асырылады.
      Сумен жабдықтау секторын дамыту және жаңғырту саласындағы жобалардың экономикалық ерекшеліктерін атап айтқанда, жобаларды іске асыру ұзақ мерзімдерін және құқықтық шектеулерді негізге ала отырып, сумен жабдықтау секторында анағұрлым қолайлы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) нысаны концессия болып табылады. Осы концессиялық келісімдер салаға жеке инвестициялардың барынша көп ағымын қамтамасыз етеді және салауатты бизнес-орта қалыптастырады.
      Су шаруашылығы саласына жеке капиталды барынша тарту үшін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қажет, атап айтқанда:
      - Қазақстан Республикасының Су кодексіне су шаруашылығы құрылыстарын жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға беруге рұқсат беру бөлігінде өзгерістер енгізу;
      - «Концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 Жарлығына объектілер тізбесінен ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын алып тастау бөлігінде өзгерту енгізу;
      - Қазақстан Республикасының Су кодексіне республикалық, сондай-ақ коммуналдық меншікте тұрған су шаруашылығы құрылыстарын не осындай объектілер құру құқығын Қазақстан Республикасының концессия саласындағы заңнамасына сәйкес концессияға беру мүмкіндігі бөлігінде толықтырулар енгізу;
      - «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне ұсынылатын ауыз су сапасына халық алдындағы мемлекеттің жауаптылығы бөлігінде толықтыру енгізу қажет.
      Су шаруашылығы секторында концессия тетігін қолдану мүмкіндігін пилоттық жобалар үлгісінде сынау керек. Бұл мақсаттарда Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі МЖӘ шеңберінде пилоттық жобалар ретінде: Балқаш (Қарағанды облысы), Семей (Шығыс Қазақстан облысы), Сарыағаш (Оңтүстік Қазақстан облысы) қалаларын айқындады.
      Пилоттық жобаларды іске асыру республикалық бюджет, сондай-ақ жеке инвесторлардың, су шаруашылығы ұйымдарының өз және тартылған қаражаты есебінен МЖӘ негізінде қоса қаржыландыру қағидаттарында жүзеге асырылады.
      Пилоттық жобаларды іске асыруға арналған бюджеттен тыс қаражат тарту нысанын, қаржысын және көздерін МЖӘ жобаларын орындаушылар анықтайды.
      Бұл ретте, 2013 жылға қарай пилоттық жобалар бойынша МЖӘ негізінде жобаларды іске асыруға арналған келісімшарттарға қол қойылады. Бюджеттік қаржыландыру көлемін бірте-бірте азайту мақсатында инфрақұрылымға инвестиция жасау үшін жеткілікті қаржы қаражаты бар инвесторларға басымдық беріледі.
      2013 - 2015 жылдар арасындағы кезең 2020 жылға дейін барлық өңірлерде аталған тәжірибені одан әрі тарату үшін МЖӘ тетіктерін пайдалана отырып, іске асырылатын пилоттық жобаларды қаржыландырудың тиімділігін көрсетуі тиіс.
      Салынатын қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз ету мақсатында тұтынушылар топтарына және/немесе су тұтыну көлеміне байланысты орташа және ұзақ мерзімді шекті тарифтер, сараланған тарифтер бекіту тетігі қолданылады. Тарифтік реттеу саласындағы заңнамалық база бүгінгі күні су шаруашылығы секторының кәсіпорындарына олардың тиімді қызмет етуін және дамуын қамтамасыз ететін тарифтер қолдануға мүмкіндік береді.
      Бүгінгі күні республиканың 13 өңірінде тұтынушылар топтары бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифтер енгізілді. Аталған шара су арналарына өз табыстарын арттыруға мүмкіндік береді, өз кезегінде кәсіпорындарда инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шараларды іске асыру мүмкіндігі пайда болады. Ағымдағы жылдың соңына дейін тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтер енгізуді аяқтау жоспарланып отыр.
      2020 жылдың соңына дейін осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес республиканың негізгі су шаруашылығы ұйымдарының шекті тарифтері бойынша жұмысқа ауыстыру жоспарланып отыр, бұл реттелетін қызметтерге тарифтер тұрақтылығын және олардың инвестициялық тартымдылығын арттыруды қамтамасыз етеді.
      2013 жылдың соңына дейін осы Бағдарламаның 2-қосымшасына сәйкес республиканың су арналарымен суды есептеу құралдарымен қалаларды 100 % және АЕМ-ді 80 % қамтамасыз ету жоспарлануда.
      Сонымен қатар, суды қолдануды толық есептеу мақсатында суды есептеудің жалпы үйлік құралдарын орнату мүмкіндігін міндетті түрде қарастыру керек.

5.4 Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану

      Жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану үшін Бағдарлама шеңберінде жоғары сапалы ауыз судың барынша қорғалған және сенімді кезі ретінде жер асты тұщы суларының кен орындарын шаруашылық айналымына тарту бойынша жұмыс жандандырылатын болады.
      Геологиялық-барлау жұмыстарының талап етілетін көлемін жыл сайын сумен жабдықтау жүйелерін дамыту және жаңғырту бойынша талап етілетін жұмыс көлемін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен бірге айқындайтын болады.
      Жалпы алғанда жер асты суларын пайдалану бойынша қызметтердің мынадай бағыттары көзделеді:
      мемлекеттік есепте тұрған жер асты тұщы суларының барланған кен орындарын барынша толық пайдалану;
      қолданыстағы жер асты су тартуларды және бекітілмеген запастарда жұмыс істейтін су тартуларда су іріктеудің барынша ықтимал ұлғаю перспективаларын бағалау;
      жер асты суларының пайдалану запастарын бағалау;
      ауыз сумен жабдықтаудың қорғалмаған көздері бар елді мекендерде іздестіру-барлау жұмыстарын өткізгеннен кейін жер асты суларының жаңа кен орындарын игеру.
      Жер асты су көздеріндегі судың сапасы ұңғымаларды пайдалану режимдерінің бұзылуы және иесі жоқ гидрогеологиялық ұңғымалардың көп санының болуы, жер асты суларының техногенді ластануы нәтижесінде төмендейді. Осыған байланысты жер асты суларының жиналу жерлерін қорғау, иесі жоқ гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау бойынша шаралар қабылдау қамтамасыз етілетін болады.

5.5 Сумен жабдықтау жүйелерін жобалау сапасын арттыру

      Жобалау жұмыстарының сапасын арттыру және әрекет етуші жобалау ұйымдарының жауапкершілігін күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызмет түрлерін лицензиялауға біліктілік талаптары мен ережелерін әзірлеу бөлігінде уәкілетті орган ретінде лицензиялау субъектілеріне жаңа біліктілік талаптарын әзірлеу бойынша шараларды қарастырды.
      Жосықсыз жобалаушыларды «іріктеу» үшін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі ағымдағы жылдың соңына дейін сумен жабдықтау объектілерін жобалауға байланысты жұмыстарға мынадай санаттар енгізілетін болады.
      Бірінші санат (жоғары) ерекше күрделі және бірегей объектілердегі қызметті, оның ішінде ірі сумен жабдықтау объектілерін топтық суларды, тазарту құрылғыларын, су тартуларды жобалау қызметін көздейді.
      Бұл санатқа өндірістік базасы, мамандығы бойынша білікті кадрлары бар, жұмыс өтілі кемінде 10 жыл, іске асырылған және қызмет ететін объектілері бар ұйымдар жіберілетін болады.
      Осы топ объектілерінің ерекше маңыздылығын есепке ала отырып, бірінші санаттың жобалау ұйымдарын лицензиялау кезінде лицензиар органның функцияларын Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің құзырына беру ұсынылады.
      Екінші санат (орташа) бұқаралық құрылыс объектілеріндегі қызметті, оның ішінде сумен жабдықтаудың көшедегі тарату желілері мен орамішілік желілерін көздейді. Бұл санатқа кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, іске асырылған және қызмет ететін объектілері бар ұйымдар жіберілетін болады.
      Үшінші санат (базалық) техникалық тұрғыдан күрделі емес объектілердегі (үйлерге құбырларды, жеке тұрғын үйлердің ішкі су құбырларын орнату) қызметті көздейді.
      Бұл ретте санатты енгізу жаңадан құрылатын су шаруашылығы ұйымдары мен шағын және орта бизнес субъектілеріне қосымша кедергілер туындатпайды.
      Бұдан басқа, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында сарапшыларды дербес аттестаттау енгізілетін болады.
      Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі жанынан сумен жабдықтау және су бұру саласындағы басты бейімдік мемлекеттік ғылыми-зерттеу, жобалау-іздестіру ұйымдарын құру мәселесін қарастыру қажет.

Бағдарламаны іске асыру тетігі

      Бағдарламаның іс-шараларын іске асыруда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар қатысады.

6. Қажетті ресурстар

      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2011 жылдан бастап жергілікті бюджеттерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар тарапынан сумен жабдықтау жобаларын қоса қаржыландыруды көздеуі тиіс.

Бағдарламаны 2011 - 2020 жылдары іске асыруға байланысты қаржылық шығындар:

БАРЛЫҒЫ

Жылдар

Мемлекеттік бюджет (млн. теңге)

Республикалық бюджет (млн. теңге)

Жергілікті бюджеттер (млн. теңге)

Барлығы

951 490,3

631 940,3

319 550

2011

102 923,5

70 968,5

31 955

2012*

90 299,7

58 344,7

31 955

2013*

86 898,5

54 943,5

31 955

2014*

95 909,8

63 954,8

31 955

2015*

95 909,8

63 954,8

31 955

2016*

95 909,8

63 954,8

31 955

2017*

95 909,8

63 954,8

3 1955

2018*

95 909,8

63 954,8

31 955

2019*

95 909,8

63 954,8

31 955

2020*

95 909,8

63 954,8

31 955

      * осы бағдарламаны жыл сайынғы қаржыландыру көлемдері республикалық және жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігінің мүмкіндіктерін негізге ала отырып, тиісті қаржы жылына арналған бюджетті қалыптастыру кезінде айқындалатын болады.

2011 - 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

р/с N

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Орындалуы үшін жауаптылар

Орындалу мерзімдері

Болжанатын шығыстар (млн.теңге)*

Қаржыландыру көздері

Бюджеттік бағдарламаның № (бар болса)

1

2

3

4

5

6

7

8

Сумен жабдықтаудың жаңа объектілерін салу және қолданыстағы жүйелерін жаңғырту кезінде жүйелі тәсілді енгізу

Ауылды сумен жабдықтау жүйелері үшін

1.

Зерттеу жүргізу үшін алдын ала Сумен жабдықтау жобаларының тізбесін қалыптастыру:
- ЖСҚ мен расталған су көздері бар жобалар;
- ЖСҚ әзірленуді және/немесе іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуді қажет ететін жобалар

АШМ үшін жобалар тізбесі

АШМ, жергілікті атқарушы органдар

Жыл сайын, жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың 1 тоқсанында

Талап етілмейді



2.

Сумен жабдықтау жүйелеріне зерттеу жүргізу

ЭДСМ-ге есеп

АШМ

Жыл сайын 1 мамырға

500,0*

Республикалық бюджет

045

3.

Ауылдық жерде сумен жабдықтаудың біріңғай тізбесін қалыптастыру:
- ЖСҚ жобалар және іздеу-барлау жұмыстары;
- ЖСҚ әзірленуді не түзетуді қажет ететін жобалар;
- іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуді қажет ететін жобалар.

ВАК үшін жобалар тізбесі

АШМ, ИЖТМ, жергілікті атқарушы органдар

Жыл сайын, жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың 15 мамырына

Талап етілмейді



4.

Ведомствоаралық комиссияның Ауылдық жерде сумен жабдықтау жобаларының бірыңғай тізбесін қарауы

ВАК ұсынымы

ЭДСМ

Жыл сайын, жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың 1 маусымына

Талап етілмейді



5.

Сумен жабдықтау жүйесін гидротехникалық құрылыстарды салу және жаңарту жүргізу

ЭДСМ-ге есеп

АШМ

Жыл сайын

38646,5*

Республикалық бюджет

29,17

Қалалық сумен жабдықтау жүйелері үшін

6.

Кіші және ірі қалаларды сумен жабдықтау жүйелеріне зерттеу жүргізу

ЭДСМ-ге есеп

ҚТКШІА

Жыл сайын, 1 мамырға

500,0*


019

7.

Қалалық сумен жабдықтау жүйелерін инвестициялау негіздемесіне сәйкес Жобалардың бірыңғай тізбесін қалыптастыру

ВАК үшін жобалар тізбесі

ҚТКШІА, ИЖТМ, жергілікті атқарушы органдар

Жыл сайын, жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың 15 мамырына

Талап етілмейді



8.

ВАК-тың Қалалық жерді сумен жабдықтау жобаларының бірыңғай тізбесін қарауы

ВАК ұсынымы

ЭДСМ

Жыл сайын, жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың 1 маусымына

Талап етілмейді



9.

Сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы және жаңғырту

ЭДСМ-ге есеп

ҚТКШІА

Жыл сайын

27 581*

Республикалық бюджет

010

Су шаруашылығы секторының жай-күйіне мониторинг жүргізу жүйесін құру

10.

Қалалық және ауылдық жерде сумен жабдықтау жобаларына мониторинг

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

ЭДСМ

2011- 2020 жж

Талап етілмейді



11.

Сумен жабдықтау жобаларының мониторингі бойынша ақпараттық-талдау базасын құру бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

ЭДСМ

2011-2012 жж

Талап етілмейді



Су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және сумен жабдықтау объектілерін қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту

12.

Су шаруашылығы секторында концессия мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Президент Әкімшілігіне ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне ұсыныстар

ҚТКШІА, АШМ, ЭДСМ

2011-2012 жж

Талап етілмейді



13.

Су шаруашылығы секторында табиғи монополиялардың базалық субъектілерінің қызметтеріне орта мерзімді және ұзақ мерзімді тарифтер енгізу

ТМРА бұйрығы

ТМРА, жергілікті атқарушы органдар

2011-2020 жж

Талап етілмейді



14.

Қалаларда ауыз суды есепке алу аспаптарымен қамтуды 100 % қамтамасыз ету

ЭДСМ-ге есеп

жергілікті атқарушы органдар

2011-2013 жж

Талап етілмейді



15.

АЕМ-да ауыз суды есепке алу аспаптарымен қамтуды 80 % қамтамасыз ету

ЭДСМ-ге есеп

облыс әкімдіктері

2011-2020 жж

Талап етілмейді



16.

Су шаруашылығы саласында МЖӘ пилоттық жобаларды Қарағанды облысында (Балқаш қаласы), Шығыс Қазақстан облысында (Семей қаласы), Оңтүстік Қазақстан облысында (Сарыағаш қаласы) іске асыру

ЭДСМ-ге есеп

ҚТКШІА, жергілікті атқарушы органдар, жеке инвесторлар

2013-2015 жж

Талап етілмейді



17.

Пилоттық жобалардың тәжірибесін тарату

ЭДСМ-ге есеп

ҚТКШІА, жергілікті атқарушы органдар жеке инвесторлар

2016-2020 жж

Талап етілмейді



18.

Пайдалану кәсіпорындары мен ұйымдардың қызметін жақсарту туралы ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭДСМ, ҚТКШІА, АШМ, жергілікті атқарушы органдар

2011 жыл 1 тоқсан

Талап етілмейді



Халықты ауыз сумен жабдықтау үшін жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану

19.

Жер асты сулары запастарын іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізу

ЭДСМ-ге есеп

ИЖТМ

2011-2020 жж

4 741,0

Республикалық бюджет

040

Жобалау жұмыстарының сапасын арттыру бойынша жүйелі шаралар

20.

Сәулет, қала Құрылысы және құрылыс саласында сарапшыларды аттестациядан өткізу

ЭДСМ-ге есеп

ҚТКШІА

2011-2012 жж

Талап етілмейді



21.

Сумен жабдықтау және су бөлу саласында басты бейіндік, мемлекеттік ғылыми-зерттеу, жобалау-іздеу ұйымын құру туралы ұсыныс енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҚТКШІА, ЭДСМ

2011 жыл 1 тоқсан

Талап етілмейді



22.

Ғылым мен техниканың озық жетістіктері негізінде сумен жабдықтау және су бөлудің үлгі жобалары тізбесін дайындау туралы ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҚТКШІА

2012 жыл 2 тоқсан

Талап етілмейді



23.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіру шеңберінде нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҚТКШІА

2012 жыл 2 тоқсан

Талап етілмейді



24.

Ауылды сумен жабдықтау жүйелері үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҚТКШІА, АШМ, ЭДСМ, жергілікті атқарушы органдар

2011 жыл 1 тоқсан

Талап етілмейді



25.

«Ақ бұлақ» бағдарламасын басқару бойынша жедел орган құру туралы ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭДСМ, ҚТКШІА, АШМ

2011 жыл 1 тоқсан

Талап етілмейді



26.

Суды есепке алудың жалпы үйлерге арналған аспаптарын орнату бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭДСМ, АШМ, ҚТКШІА, ТМПА, жергілікті атқарушы органдар

2011 жыл 1 тоқсан

Талап етілмейді



      Ескертпе
      * осы бағдарламаны жыл сайынғы қаржыландыру көлемдері республикалық және жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігінің мүмкіндіктерін негізге ала отырып, тиісті қаржы жылына арналған бюджетті қалыптастыру кезеңде айқындалатын болады
      аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі;
      ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;
      АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
      ҚТКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі;
      ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі;
      ЕХӘҚМ - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
      ВАК - Қазақстан Республикасы Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы.

2011-2020 жылдарға
арналған "Ақ бұлақ"
бағдарламасына
1-қосымша

Республиканың базалық су арналарын орта және ұзақ мерзімді тарифтерге көшіру жөніндегі кесте

р/с №

Табиғи монополия субъектілер атауы

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020


Павлодар облысы

1

"Павлодар - Водоканал" ЖШС




+








Жамбыл облысы

2

"Тараз су" МҚК


+










Ақтөбе облысы

3

"Ақ бұлақ" АҚ


+










Шығыс Қазақстан облысы

4

"Өскемен Водоканал" МҚК Өскемен қ.

+


+



+


+




"Семей Водоканал" МҚК Семей қ.




+


+


+




Солтүстік Қазақстан облысы

5

"Петропавл су" АҚ




+








Батыс Қазақстан облысы

6

"Орал су Арнасы" МҚК

+


+




+





Алматы қаласы

7

"Бастау" ЕМКК





+







"Тоспа су" ЕМКК





+







Астана қаласы

8

"Астана су арнасы" МҚК

+



+



+





Маңғыстау облысы

9

"МАЭК - Казатомөнеркәсіп" ЖШС

+


+


+







"ТВСиВ" МҚК

+




+







Оңтүстік-Қазақстан облысы

10

"Су ресурсы Маркетинг" ЖШС



+









Қостанай облысы

11

"Қостанай-Су" МҚК





+







Қарағанды облысы

12

"Қарағанды Су" ЖШС


+



+







Қызылорда облысы

13

"Қызылорда су жүйесі" МҚК



+









Атырау облысы

14

"Атырау су арнасы" КМК



+





+




Алматы облысы

15

"Жетісу Су Құбыры" МҚК





+






2011-2020 жылдарға
арналған «Ақ бұлақ»
бағдарламасына
2-қосымша

Халыққа суды есептеудің жеке құралын орнату бойынша кесте

Р/с №

Субъект атауы

% есептеу құралы, факт

Есептеу құралын орнату қажеттілігі

Есептеу құралын халыққа орнату мерзімі, 100 %-га дейін қамту

2010
жыл

2011
жыл

2012
жыл

2013
жыл

Ақмола облысы

1

ШЖҚ "Көкшетау Су Арнасы" МҚК

80

6619

940

3320

2359


2

ШЖҚ "Степногорск - су арнасы" МҚК

84

3479

728

200

2751


3

ШЖҚ «Ақкөл-Қалакоммуналшаруашылық» МҚК

67

660

80

580



4

«Жылу су қызметі» ЖШС

43

442

100

342



5

"Ижевский" ЖК


241

33

208



6

«Капиталл компаниясы» ЖШС

54

288

43

245



7

ШЖҚ «Аршалы Су - 2030» МКҚ

84

226

20

206



8

ШЖҚ «Бурабай Су Арнасы» МҚК

92

556

100

456



9

ШЖҚ «Дәулет» МҚК

54

496

162

334



10

ШЖҚ «Бурабай тазалық» МҚК

71

553

120

433



11

ШЖҚ «Макинск Жылу» МҚК

83

206

20

186



12

ШЖҚ «Макинск Су» МҚК

79

35

23

12



13

ШЖҚ «Егіндікөл Су» МҚК

9

150

40

110



14

ШЖҚ «Степняк Су» МҚК

4

1199

300

899



15

ШЖҚ «Ерейментау Су Арнасы» МҚК

92

252

74

178



16

ШЖҚ «Жылу Сервис» МҚК

73

1056

218

838



17

ШЖҚ «Жақсы Су Арнасы» МҚК

71

114

33

81



18

ШЖҚ «Зеренді-Сервис» МҚК

27

226

12

214



19

«Ардагер - Неруд» ЖШС


184

20

164



20

ШЖҚ «Ақсу» МҚК

33

104

18

86



21

ШЖҚ «Өрлеу» МҚК


339

87

252



22

ШЖҚ «Жылу-Су» МҚК

58

378

60

318



23

«Шаңтөбе Энерго» ЖШС

55

871

95

776



24

ШЖҚ «Жолымбет коммуналдық қызметі» МҚК

8

408

44

364



25

ШЖҚ «Шортанды Су» МҚК

33

1696

421

1275



Жамбыл облысы

1

"Тараз су" МҚК

94

4441

4441




Павлодар облысы

1

«Павлодар су арнасы» ЖШС

74,74

41619

3075

11580

13480

13484

2

«Қала Су арнасы» (Ақсу к.) МҚК

75,89

22524

900

2570

9527

9527

3

«Қала Су арнасы» (Экібастұз қ.) МҚК

78,73

8640

540

1620

2880

3600

Қызылорда облысы

1

"Қызылорда су жүйесі" МҚК

97,2

1083

1440

3104



2

"Су құбыры" МҚК

78,9

898

522

376



3

"Жосалы су"

50,9

257

257




4

«Сумен жабдықтау объектілерін қайта жөндеу және іске қосу» МҚК (Жаңақорған ауданы)

76,3

90

90




Шығыс Қазақстан облысы

1

«Өскемен-су арнасы» МҚК

69,5

22607

3232

9696

9679


2

«Инфросервис» Риддер қ. МҚК

21,5

12082

1728

5184

5170


3

«Семей-су арнасы» МҚК

57,5

19979

2856

8568

8555


4

«Маракана» ЖШС

8,9

1550

220

660

670


5

Семей қ. жерлері, Жалғызтөбе станциясы 1 «ВТС-Семей» ЖШС

83,3

109

24

85



6

«ЖДВТС-Қорғау» ЖШС

15,4

3830

544

1632

1654


7

«Л-ТВК» Риддер қаласы ЖШС

11,5

1149

164

492

493


8

«Жылуэнергия» Глубокое кенті МҚК

25,8

2281

324

972

985


9

«Курчатовтік көп салалық кәсіпорны» МҚК

0

3352

480

1440

1432


10

«Ақжар» МҚҚ

91,1

12


12



11

«Жаңа Соғра» МҚК

57

1212

176

528

508


12

«Еңбек-Өскемен» РМК

7,1

501

120

381



13

«Келешек» ЖШС

22,9

967

140

420

407


14

«Коммуналшы» МҚК

27,9

235

60

175



15

«Көкпекті кенті ЖМҚК» МҚК

6,3

1740

252

756

732


16

«Үржар» МҚК

16,7

50

12

38



17

«Қаласу шаруашылығы» МҚК Жармен ауданы

20

12


12



18

Үржар ауданы ЖМҚК

16,7

50

12

38



19

«Нарын» МҚК Катонқарағай ауданының әкімдігі

5

190

40

120

30


Алматы облысы

1

"Шелек су арнасы" МҚК

98,7

55

55




2

"Қаратал су арнасы" МҚК

89,1

156

156




3

"Жетісу су арнасы" МҚК

99,0

723

723




4

"Қапшағай су арнасы" МҚК

69,7

3650

3650




5

"Жамбыл су арнасы" МҚК

76,1

761

761




6

"Панфилов су арнасы" МҚК

83,0

2079

2079




7

"Көксу су арнасы" МҚК

61,8

475

475




8

"Есік су арнасы" МҚК

31,6

5962

5962




9

"Ескелді су арнасы" МҚК

87,6

297

297




10

Текелі су арнасы" МҚК

57,3

2673

2673




11

"Ақсу су арнасы" МҚК

79,5

533

533




12

"Бекет - Сервис" МҚК

55,0

140

140




13

"Ұйғыр су арнасы" МҚК

60,9

2398

2393




14

"Алакөл су арнасы" МҚК

10,2

1088

1088




15

"Сарқан су арнасы" МҚК

62,6

564

564




16

"Қарасай су арнасы" МҚК

83,7

672

672




17

"Keгeн су арнасы" МҚК

3,9

410

410




18

"Балқаш су арнасы" МҚК

25,5

400

400




19

"Мөлдір" ЖШС

55,1

2040

2040




20

"ЕСА ЛТД" МҚК

11,2

583

583




21

"Теміржол су-Алматы" МҚК

25,9

640

640




22

"Нұрбол" ЖШС

77,9

603

603




23

«Су құбыры мен арнасы» МҚК Іле ауданы

85,7

575

575




24

"Қамқор" МҚК

77,9

603

603




Ақтөбе облысы

1

"Ақ бұлақ" АҚ

81,0

19020

19020




2

"Теміржол су-Ақтөбе" ЖШС

72,3

365

365




3

"Коммуналшы" КҚК

14,5

6857

6857




4

"Алға-Жылу" КҚК

50,0

5732

5732




5

"Бадамша-Сервис" КҚК

3,1

1610

1610




6

"Кеңқияқ-СК" КҚК

10,8

1104

1104




7

"Қобда-Суы" КҚК

50,6

158

158




Қарағанды облысы

1

«Қарағанды Су» ЖШС

68

52526


52526



2

«Теміржол су-Қарағанды» ЖШС

0

391


391



3

«Теміржол су-Сервис» ЖШС

31

1064


1064



4

«ПТВС» АҚ

50

28546


28546



5

«АКВА-Трейдинг» ЖШС

19

6410


6410



6

«АктауСу» ЖШС

2

1703


1703



7

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС

0

22773


22773



8

«Қаражал қ. әкімдігінің қалалық коммуналдық шаруашылығы» КҚК

0

5800


5800



9

Приозерск к. әкімдігі жанындағы «УЖКР» КМК

0

2508


2508



10

Абай ауданы әкімдігі жанындағы «Жігер су» ЕКҚК

45

9594


9594



11

Қарағанды облысы Ақтоғай ауылы әкімі жанындағы «Ақ қайың» КҚК

0

14800


14800



12

Жаңарқа ауданы әкімдігінің «Таза су» КҚК

0

11327


11327



13

Бектеміров ЖК

21

1596


1596



14

Ұлытау ауданы әкімі жанындағы «УРМПКХ» КҚК

0

5695


5695



15

Шет аудандық Ақсу-Аюлы ауылы әкімі жанындағы «ШетКоммуналдыкСервис» КҚК

0

3272


3272



Алматы қаласы

1

"Бастау" МҚК

63

289 165


289 165



2

"Қарасу" ЖШС

77,5

472


472



3

"АЖДШ" ЖШС

38

588


588



Атырау облысы

1

"Атырау су арнасы" КҚК

76

47190




47190

2

Мұқашов ш/қ

60

28

28




3

"Есенаманова" ЖК

87

85

85




Оңтүстік-Қазақстан облысы

1

"Сайрам - тазалық" ЖШС

98

203

203




2

"Жетісай" МҚК

68,85

1090

1090




3

"Теміржол су - Арыс" ЖШС

90

739

739




4

«Оңтүстік су шаруашылығы» РМК Арыс топтық су құбыры

92

557

557




5

"Мақтаарал" ШҚӨК

76

75

75




6

"ЕЛСУ и К" ЖШС

64

1042

1042




Астана қаласы

1

Астана қаласының әкімдігі

87,7

135411

135411




Батыс Қазақстан облысы

1

"Орал су Арнасы" МҚК

84,8

12419

3390

9029



2

«Коммунал» МҚК Жаңақала ауданы

45,7

325

111

214



3

«Тасқалы аудандық коммуналдық шаруашылық» МҚК

44,2

212

17

195



Қостанай облысы

1

«Жітікаракоммунэнерго» МҚК

91,8

948

350

598



2

«АТЭК» МҚК

60,6

2828

279

2549



3

«Қостанай-Су» МҚК

88,8

7720

1850

5870



4

«Рудненск су арнасы» ЖШС

69

14660

3660

11000



5

«Мерей» МҚК

65,8

259

259




6

"Лисаковскқалакоммунэнерго" МҚК

98,6

193

193




7

"Қамысты" МҚК

27,3

178

58

120



8

"Дидар" МҚК

21,1

341

36

305



9

"Теміржол су-Қостанай" ЖШС

79,7

293

65

228



10

"Темір рудалы ТЭК" МҚК

73,3

79

10

69



Маңғыстау облысы

1

"МАЭК - Қазатомшаруашылығы" ЖШС

96,5

3688

575

1043

1035

1035

2

"Өзенинвест" МҚК

96,8

316

30

100

100

86

Солтүстік-Қазақстан облысы

1

"Петропавл су" АҚ

76,7

12534

370

12164



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады