Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қарашадағы № 1192 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 528-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі туралы ережеде:
      10-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 66-1) және 66-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «66-1) мемлекеттік қызметтің регламентін әзірлеу бойынша әдіснамалық көмек;
      66-2) мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін әзірлеу мониторингі;»;
      66) тармақша «әзірлеу» деген сөзден кейін «мен жүргізу» деген сөздермен толықтырылсын;
      70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «мемлекеттік органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын және тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспарын әзірлеу, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қала мен астана әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келісу;»;
      72) тармақшадағы «мен жұмылдыру» деген сөздер алынып тасталсын;
      73) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында ғылыми зерттеулер мен әдістемелік қамтамасыз етуді, сондай-ақ жұмылдыру органдары мамандарының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;»;
      мынадай мазмұндағы 75-1) және 75-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «75-1) Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру қағидаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүзеге асыру және бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын баяндап отыру;
      75-2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың әскери міндеттілерді броньдау жөніндегі жұмысын үйлестіру;»;
      «3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру» деген бөлімде:
      16-тармақ мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «19-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық шарттардың мәтіндерін дәйектейді, оларға қол қояды және қабылдайды;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады