Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1229 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.08.2015 № 685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 138-бабының 11-тармағына, 140-бабының 2-тармағына, 141-бабының 6 және 8-тармақтарына, 154-бабының 1-тармағына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке жатқызу) қағидасы;
      2) Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ төлеушілердің кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түрлері бойынша жеке шоттарын жүргізу қағидасы;
      3) кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша салыстыру актісінің нысаны бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2010 жылғы 23 қарашадағы
№ 1229 қаулысымен
бекітілген     

Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және
өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп
алынған сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын
бюджетке аудару, қайтару (есепке жатқызу) қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленді және кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды бюджетке аудару, олардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын бюджеттен, аванстық төлемдердің сомаларын қайтару (есепке жатқызу) тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) лауазымды адам - кеден органының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен бюджетке кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың дұрыс есептелуіне, толық және уақтылы түсуіне, сондай-ақ жеке шоттарды жүргізу жауапкершілігі жүктелген кеден ісі саласындағы уәкілетті органның (облыстар, мемлекеттік маңызы бар қалалар, астана бойынша) аумақтық бөлімшесінің, кеденнің, кеден бекеттерінің лауазымды адамы;
      2) кеден органдары - облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (кедендік бақылау департаменттері) кедендер, кеден бекеттері;
      3) уәкілетті органның бірыңғай шоты - кеден одағына қатысушы мемлекеттердің бюджеттері арасындағы түсімдерді есепке алу және бөлу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде корреспонденттік шоты бар уәкілетті органдағы шот.
      Осы Қағидада қолданылатын өзге ұғымдар кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мәндерінде қолданылады.

2. Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен
өсімпұлдарды бюджетке аудару тәртібі

      3. Кедендік баждар, салықтар мен өсімпұлдар кедендік транзиттің кедендік рәсімінде шығарылған тауарларды қоспағанда, тауарларды шығару жүргізілетін немесе аумағында кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі анықталған кеден органында төленеді (өндіріп алынады).
      4. Кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлдарды бюджетке төлеуші қолма қол ақшамен және қолма қол ақшасыз ұлттық валютада, сондай-ақ есепке жатқызуды жүргізу жолымен төлейді.
      5. Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды төлеуші бюджетке Кодекстің 120131-баптарына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) 271298610-баптарына сәйкес мерзімдерде төлейді.
      6. Төлеуші кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды бюджетке аударуды Кодекстің 138-бабында және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
      7. Кеден органдары кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке төлеушіден немесе төлеушінің шотына үшінші тұлғадан уақтылы және толық түсуін бақылауды ұсынылған құжаттарға сәйкес төлеуге есептелген (есепке жазылған, толықтырып есептелген) кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың әрбір түрін салыстыру жолымен жүзеге асырады.

3. Кедендік әкету баждарының, салықтардың, кедендік алымдар мен
өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп
алынған сомаларын бюджеттен, аванстық төлемдердің
сомаларын қайтару (есепке жатқызу) тәртібі

      8. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын бюджеттен, аванстық төлемдердің сомаларын қайтару (есепке жатқызу) мақсатында төлеуші бюджетке артық (қате) төленген сомаларының бар екені туралы растауды (бұдан әрі - Растау) алу үшін өтінішпен кедендік декларациялауды, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүруді, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысанда кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың алдын ала шешім қабылдауды жүргізген кеден органына жүгінеді.
      9. Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша салыстыру актісі болған жағдайда төлеуші одан әрі кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомасын қайтару немесе артық (қате) төленген сомаларды басқа кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар бойынша міндеттемелер шотына есепке алу үшін бенефициар салық органына жүгіну мақсатында Растауды берген кеден органы жеке шотта көрсетілген соманы қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінен қазынашылықтың ықпалдастырылан ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі - ҚЫАЖ) қайтарулар мен есепке алулар бойынша ақпаратты алғанға дейін ескереді және көздейді.
      Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінен ҚЫАЖ-дан қайтарулар мен есепке алулар бойынша ақпаратты алғаннан кейін төлеушінің жеке шотынан көрсетілген сомалар есептен шығарылады.
      10. Төлеушінің қате төленген кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бар екені туралы жазбаша өтініші бойынша кеден органы мұндай қателер расталмаған жағдайда өтінішті алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны жазбаша түрде хабардар етеді.
      11. Егер қате төленген кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бюджетке сыртқы экономикалық қызметке қатысушы ретінде тіркелмеген төлеушілерден түскен болса, салық органы кеден органының жазбаша сұрау салуы бойынша мұндай сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушінің бюджетке басқа міндетті төлемдер мен салықтар бойынша салықтық берешегінің жоқ екені (бар екені) туралы жауап жолдайды.
      12. Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлеушінің сол бір төлем құжаты бойынша кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомаларын қайталап төлеуге әкеп соқтырған төлем құжатын қате орындаған жағдайда кеден органы банктің өтініші бойынша өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасын қайтару үшін Растауды ұсынады.
      13. Кеден органы қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінің нысандары бойынша кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомаларын тапқан жағдайда кеден органдары тапқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органдарын жазбаша түрде төлемнің тағайындалуы бойынша сомаларды есепке алу үшін хабардар етеді. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомасы бюджетке есептелгеннен кейін салық органы бес жұмыс күні ішінде кеден органдарын жазбаша түрде хабардар етеді.
      14. Кодекстің 397-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, кері импорттың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты, егер көрсетілген тауарлар мұндай тауарларды экспорттың кедендік рәсіміне орналастылған күннен кейінгі күннен бастап алты айдан кешіктірілмей кері импорттық кедендік режиміне орналастырылған болса, кедендік әкету баждарының сомасын қайтару (есепке жатқызу) жүргізіледі.
      15. Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша берешектің өндіріп алынған сомасын қайтаруға төлеуші сотқа шағым жасаған жағдайда кеден органы көрсетілген соманы соттың тиісті шешімі негізінде төлеушінің шотына қайтаруды жүзеге асырады.

Кедендік әкелу баждарының артық (қате) төленген немесе артық
өндіріп алынған сомаларын халықаралық шарттарда
белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып қайтару (есепке
жатқызу)

      16. Кедендік әкелу бажын төлеу есебіне салықтар мен алымдар, сондай-ақ 2010 жылғы 21 мамырдағы «Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы» Келісімге (бұдан әрі - Келісім) сәйкес бюджетке төлеуге жататын өзге де төлемдер есепке алынады.
      17. Кедендік әкелу баждары өзге төлемдерді төлеу шотына есепке алынбайды.
      18. Кедендік әкелу баждарын төлеушілер бюджетке жекелеген төлем құжаттарымен төлейді.
      19. Кедендік әкелу баждарын қайтаруды жүзеге асыру үшін қаражат жетіспеген жағдайда аталған қайтару есепті күннен кейінгі келесі күндері қайтаруды жүзеге асыру күніне уәкілетті органның бірыңғай шотына түскен (есепке жатқызылған) кедендік әкелу баждарының сомалары шегінде жүзеге асырылады. Төлеушіге кедендік әкелу баждарын төлеушіге уақтылы қайтармағаны үшін өсімпұлдар (пайыздар) уәкілетті органның бірыңғай шотынан төленеді және кедендік әкелу баждарының құрамына енгізілмейді.
      20. Осы Қағидада көзделген тәртіпте Кодекстің 401-бабының 2) тармақшасында көрсетілген, кері экспорттың кедендік режиміне орналастырылған және кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының, салықтардың төленген сомаларын қайтару (есепке жатқызу) жүргізіледі.

Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік   
алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате)  
төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын,
аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке аудару,
қайтару (есепке жатқызу) қағидасына    
қосымша                 

Нысан

Бекітемін                      
________________________ бастығы
(кеден органының атауы)    
________________________________
(Т.А.Ә.)           
________________________________
(МО, қолы)           
20 ____ жылғы «___» ____________

Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және
өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомасының бар
екені туралы
№ ______ растау

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1499 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

___________________________________________________________ беру үшін
                 (төлеушінің атауы / Т.А.Ә.)
беру үшін төлеушінің СТН ____________________________________________
ЖСН/БСН (бар болған жағдайда) _______________________________________
____________________________________________________________ берілді
             (бенефициар салық органының атауы)
бенефициар салық органының СТН ______________________________________
БСН (бар болған жағдайда) ___________________________________________

20 ___ жылғы «__» __________№ __________ салыстыру актісінің қорытындысы бойынша

(теңге)

Р/с

Кедендік төлемнің және/немесе салықтың атауы

Бюджетке төленді

Артық төленген сома

Төлем құжатының күні, нөмірі

Бюджеттік сыныптама коды (БСК)

Төлем тағайындау коды

Сома

1

2

3

4

5

6

7















      Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомасы мынадай себептер бойынша қалыптасты (тиісті ұяшықта (тарда) R көрсетіңіз:
      [ ] тауарларды еркін айналысқа шығарғаннан кейін кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар сомасының азаюы;
      [ ] кедендік төлемдерді, салықтарды, кедендік алымдарды аванспен төлеу;
      [ ] басқа себептер.

Р/с

Белгіленген себеп

Себептердің сипаттамасы*

1

2

3




      Кірістер бөлімінің бастығы ________________________________
                                          (Т.А.Ә. қолы)
      Ескертпе*
      *3-бағанды толтырған кезде артық төленген кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар қалыптасуының әрбір себебінің нақты сипаттамасын негізге алынып кедендік төлемдер, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар төленген құжаттардың; негізге алынып кедендік төлемдер, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар есептелген (есепке жазылған, толықтырып есептелген) құжаттардың, негізге алынып бастапқы құжаттарда өзгерістер болған құжаттардың деректемелерін көрсете отырып беру қажет.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 23 қарашадағы
№ 1229 қаулысымен 
бекітілген      

Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және
өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ
төлеушілердің кедендік баждардың, салықтардың, кедендік
алымдардың және өсімпұлдардың түрлері бойынша жеке
шоттарын жүргізу қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленді және кедендік баждардың, салықтардың және өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, төлеушілердің жеке шоттарын жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) қайтарылған сомалар - төлеушінің өтініші бойынша салық органы қайтарған және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қазынашылығының аумақтық бөлімшесінен (бұдан әрі - қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі) ақпаратпен берілген бюджетке артық (қате) төленген баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар сомасы;
      2) лауазымды адам - кеден органының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен бюджетке кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың дұрыс есептелуіне, толық және уақтылы түсуіне, сондай-ақ жеке шоттарды жүргізу жауапкершілігі жүктелген кеден ісі саласындағы уәкілетті органның (облыстар, мемлекеттік маңызы бар қалалар, астана бойынша) аумақтық бөлімшесінің, кеденнің, кеден бекеттерінің лауазымды адамы;
      3) есепке жазылған сомалар - Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес бюджетке төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есептелген сомалары;
      4) кеден органдары - кеден ісі саласындағы уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық бөлімшелері (кедендік бақылау департаменттері), кедендер, кеден бекеттері;
      5) азайтылған сомалар - кеден органы кедендік баждардың, салықтар мен кедендік алымдардың болашақтағы сомаларын төлеу есебіне жатқызған, бұрын есептелген және бюджетке төленген кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар;
      6) төленген сомалар - кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар, сондай-ақ кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке нақты енгізілген аванстық сомалары.
      Осы Қағидада пайдаланылатын өзге ұғымдар кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мәндерде қолданылады.

2. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен
өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу тәртібі

      3. Кеден органдарында кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есепке алу қағаз тасығышта және (немесе) автоматтандырылған жүйеде жүргізіледі.
      4. Кеден органдарының лауазымды адамдары төлеушілердің жеке шоттарындағы (бұдан әрі - жеке шоттар) кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есепке жазылған, азайтылған, төленген, қайтарылған және кейінге қалдырылған (бөліп-бөліп төленген) сомаларын есепке алуды жүргізудің дұрыстығы мен уақтылылығын қамтамасыз етеді.
      5. Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды кеден органдарында есепке алу:
      1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке шоттарда;
      2) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар сомасын есепке жазуға (азайтуға) тізілімінде (бұдан әрі - Тізілім);
      3) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық қорытынды кітаптарда жүргізіледі.
      6. Жеке шоттардағы барлық жазбалар кедендік декларациялар, кедендік құнды түзету, кедендік декларацияны түзету, кедендік кірістер ордерлерінің, төлем құжаттарының (екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктер) түбіртектері, электрондық терминалдардың чектері, төлем тапсырыстары) нысандары, қазынашылықтың  аумақтық органдарының электрондық төлем құжаттары қоса берілген нысандары, Тізілімнің және бұл жазбалардың заңдылығын растайтын басқа құжаттардың негізінде уақтылы, хронологиялық тәртіппен жүргізіледі.
      7. Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінен нысандар мен төлем құжаттарын алған кезде кеден органының лауазымды адамы:
      1) төлем құжаттарындағы деректемелердің қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінің нысандарында көрсетілген деректемелерге сәйкестігін;
      2) кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджеттік сыныптаманың тиісті кодтарына есептеу және кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың төленген сомаларын бөлу дұрыстығын тексереді.
      8. Қаржы жылы аяқталғаннан кейін жеке шоттар электрондық тасығыштарда мұрағаттауға жатады және кеден органдарында бес жыл сақталады.

3. Төлеушінің жеке шоттарын жүргізу тәртібі

      9. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке алынған және қайтарылғанды ескере отырып) сомаларын есепке алуға арналған құжат, оның ішінде электрондық нысандағы құжат төлеушінің жеке шоты болып табылады.
      10. Кеден органының жеке шотты жүргізуі:
      жеке шотты ашуды;
      кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есептелген, есепке жазылған, азайтылған, аударылған, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын кейіннен жеке шотта көрсетуді;
      жеке шотты жабуды қамтиды.
      11. Жеке шоттардағы кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар сомалары ұлттық валютада жүргізіледі.
      12. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есепке жазылған, азайтылған, төленген, қайтарылған және кейінге қалдырылған (бөліп-бөліп төленген) сомаларын жеке шоттар бойынша есепке алу әрбір төлеуші үшін Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бюджет түсімдерін жіктеудің тиісті коды (бұдан әрі - бюджеттік сыныптама коды) бойынша жеке жүргізіледі.
      13. Кеден органдарына бюджеттік сыныптама кодтары бойынша бюджетке түскен кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомалары бойынша күн сайынғы деректерді ұсынуды қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.
      14. Жеке шоттарды жүргізген кезде төлеуші үшін кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды қолма-қол ақшасыз нысанда төлеу бойынша міндеттемені орындау күні банктен төлем тапсырыстың акцепті алынған күн болып саналады, ал қолма-қол нысанда төлеуші көрсетілген сомаларды банкке енгізген сәтінен бастап есептеледі. Төлеушінің кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемесін орындау күндері олардың жеке шоттарына:
      1) төлеушінің кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды кеден органдарының ғимараттарында орнатылған, осы терминал беретін чекпен расталатын электрондық терминалдар арқылы төлем карточкаларын пайдалана отырып төлеген күн;
      2) төлеушінің кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды тікелей кеден органдарының ғимараттарында (үй-жайларында) орнатылған, банктердің осы кассаларының түбіртегімен расталатын банктердің кассалары арқылы төлеу күні міндеттемелерді орындау күні болып қабылданатын жағдайларды қоспағанда, Қазынашылық комитетінен есепті мәліметтер алынғаннан кейін енгізіледі.
      15. Кеден органының жеке шоттарындағы кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың азайтылған, есепке жазылған сомалары, оларды төлеу мерзімдерін өзгерту бойынша жазбалар кедендік декларациялар, кедендік кіріс ордерлері, кедендік құнды түзету және лауазымды адамдар кедендік ресімдеу үшін қабылдаған басқа қажетті құжаттардың негізінде жүргізіледі. Аталған құжаттар жоқ болса және (немесе) кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомасын есептеу, азайту (оның ішінде тексеру/камералды бақылау нәтижелері бойынша) кезінде аталған құжаттарды кедендік ресімдеуді жүргізбейтін кеден органдарының бөлімшелері жеке шоттарға мәліметтерді жазуды Тізілімнің негізінде жүзеге асырады.
      Жоғарыда аталған мақсаттар үшін Тізілімді кеден органы (кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды есепке жазуды (азайтуды) жүргізетін кедендік бақылау, кедендік ресімдеу, посткедендік бақылау ұйымдары) бөлімшелерінің лауазымды адамы толтырады және кедендік кірістер бөлімшесіне жібереді.
      Бұл ретте посткедендік бақылау бөлімшесі Тізілімді толтырады және Тексеру актісін берген күннен кейінгі күннен кешіктірмей төлеушіге жібереді.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1499 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      16. Тізілімді жасаған кеден органының құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомаларын есепке жазуды (азайтуды) жүзеге асыруға негіз болған құжаттармен қоса бірінші дананы жеке шоттарды жүргізуді жүзеге асыратын кеден органына жібереді.
      17. Тізілімнің екінші данасы оны жасаған кеден органының құрылымдық бөлімшесінде сақталады.
      18. Ай сайын және тоқсан сайын жеке шот бойынша кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есепке жазылған, азайтылған, төленген, қайтарылған сомалары бойынша есепті ай, тоқсан үшін және өсіп отыратын қорытындысы бар барлығы бір жыл үшін жалпы қорытынды шығарылады.

Төлеушілердің жеке шоттарын ашу

      19. Төлеуші үшін жеке шоттарды кеден органының кедендік кірістер бөлімдерінің лауазымды адамдары ашады.
      Резидент және резидент емес жеке адамдар үшін шалғайдағы кеден бекеттерінің лауазымды адамдарының жеке шоттар ашуына жол беріледі.
      20. Жеке шотты ашу кезінде төлеушінің кеден органдарында есептік тіркеу деректері негіздеме болады. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ резидент емес жеке тұлғалар үшін мынадай деректемелер көрсетіледі:
      1) жеке басын растайтын құжаттың нөмірі мен күні;
      2) тегі, аты мен әкесінің аты;
      3) бюджеттік сыныптама бойынша төлемнің немесе салықтың коды.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1499 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      21. Жеке шоттар әрбір жылға ашылады:
      1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есепке алу карточкасын бастапқы ресімдеген төлеушіге - кеден органында есептік тіркеуден өткен сәттен;
      2) есепте тұрған төлеушіге - өткен жылғы жеке шоттан кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша соңғы сальдоны аудара отырып, жаңа қаржы жылының басынан бастап не кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есептеу (есепке жазу) уақытынан бастап;
      3) кеден органында есептік тіркеуден өтпеген төлеушілерге - кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемелер пайда болған сәттен бастап. Жеке шотта аталған төлеуші есептік тіркеуде тұрған кеден органының коды көрсетіледі.
      22. Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша соңғы сальдо өткен қаржы жылындағы жеке шоттан келесі жылы ашылатын жеке шотқа аудару күні көрсетіле отырып аударылады.
      23. Ашылған кезде заңды тұлғалардың және Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың жеке шоттарында мынадай деректемелер көрсетіледі:
      1) толық атауы;
      2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болған кезде);
      3) бюджеттік сыныптама коды бойынша төлемнің немесе салықтың коды;
      4) кәсіпорындар мен ұйымдар сыныптауышының жалпы коды, экономикалық қызмет сыныптаушының жалпы коды;
      5) қосылған құн салығы бойынша жеке шот ашқан кезде қосылған құн салығы бойынша есепке тұруы туралы куәліктің (ол болған кезде) сериясы мен нөмірі.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1499 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      24. Дара кәсіпкерлерді қоса алғанда, жеке тұлғалардың жеке шоттарында:
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болған кезде);
      2) тегі, аты мен әкесінің аты;
      3) бюджеттік сыныптама коды бойынша төлемнің немесе салықтың коды;
      4) кәсіпорындар мен ұйымдар сыныптауышының жалпы коды, экономикалық қызмет сыныптауышының жалпы коды;
      5) қосылған құн салығы бойынша жеке шот ашқан кезде қосылған құн салығы бойынша есепке тұруы туралы куәліктің (ол болған кезде) сериясы мен нөмірі көрсетіледі.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1499 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      25. Қазақстан Республикасының резиденті емес және Қазақстан Республикасында есептік тіркеуі жоқ заңды және жеке тұлғалар төлейтін кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есепке алу бойынша деректер оның мүддесін білдіретін кеден өкілінің жеке шоттарында көрсетіледі.
      26. Резидент емес жеке тұлғалар декларант болған жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есепке алу бойынша мәліметтер аталған тұлғалар үшін ашылатын жеке шоттарда жеке басын куәландыратын құжаттар негізінде көрсетіледі.
      27. Резидент емес жеке тұлғалар үшін салық төлеушінің тіркеу нөмірі болмауына байланысты ашылатын жеке шоттарда мынадай деректемелер көрсетіледі:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттардың деректемелері;
      2) тегі, аты және әкесінің аты;
      3) бюджеттік сыныптама кодтары бойынша төлемнің немесе салықтың коды.
      28. Жеке шоттарды ашу, жүргізу, жабу кезінде кеден органы кеден органында бар есептік тіркеу не кеден органында қажетті деректер болмаған жағдайда кеден органының талабы бойынша төлеуші ұсынатын құжаттардан төлеуші туралы қажетті ақпаратты пайдаланады.

Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен
өсімпұлдардың есептелген, есепке жазылған, азайтылған,
аударылған, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған
сомаларын кейіннен жеке шоттарда көрсету

      29. Жеке шоттардағы жазбалар соманы 1 теңгеге дейін дөңгелектеу арқылы жүргізіледі: сомасы 50 және одан көп тиын 1 теңге ретінде алынады, 50 тиыннан кем сома есепке алынбайды.
      30. Жеке шоттардағы өсімпұлды есепке жазуды төлеушілердің жеке шоттарын жүргізуге жауапты кеден органының лауазымды адамы жүргізеді.
      31. Берешек пайда болған кезде өсімпұлды есепке жазуды  құрылымдық бөлімшенің лауазымды адамы жүзеге асырады.
      32. Өсімпұлды есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:
      П = (Н * Р / 100 * 2,5 * Д)/365, мұнда:
      П - есепке жазылған өсімпұл сомасы;
      Н - берешек сомасы;
      Р - қайта қаржыландыру ставкасы;
      Д - мерзімі өткен күндер саны.
      33. Бағдарламада өсімпұлды автоматты түрде есепке жазу көзделген жағдайда өсімпұлды қол режимінде есепке жазу талап етілмейді.
      34. Төлеушінің жеке шоттының «азайтылды» деген бағаны кейіннен азайтылған соманы кедендік төлемдер, салықтар, кедендік алымдар бойынша алда болатын міндеттемелер есебіне жатқыза отырып, кеден органының кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бұрын есепке жазылған және бюджетке төленген сомасын азайту бойынша операциялар жүргізуін көрсетеді. Бұл ретте бюджеттік сыныптаманың бір коды бойынша сомаларды төлемдер бойынша алда болатын міндеттемелер есебіне есепке жатқызуды бюджеттік сыныптаманың осы коды бойынша кеден органдары жүргізеді. Жеке шот бойынша азайтылған соманы кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар  бойынша алда болатын міндеттемелер есебіне төлемнің түрін және бюджеттік сыныптама кодын өзгерте отырып жатқызуға тыйым салынады.
      35. Жеке шот бойынша соманы азайту:
      1) кеден органдарының бөлімшелері соманы азайтқан жағдайда Тізілім негізінде;
      2) кеден органы кедендік декларация бойынша төленген кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар сомасын азайту үшін кедендік тазалауға қабылдаған кедендік декларацияны түзету, кедендік құнды түзету негізінде;
      3) сыртқы экономикалық қызметке қатысушының кедендік декларацияны кері қайтару туралы өтініші бойынша және төлеушінің жеке шотында деректерді көрсете отырып, кедендік баждардың, салықтар мен өсімпұлдардың бұрын есептелген және төленген сомасын кері қайтару көзделген кедендік рәсімдерге сәйкес жүргізіледі.
      36. Тізілімді тексеру және кедендік құнды түзету актісі негізінде берген жағдайда жеке шотқа жазба енгізу үшін кедендік құнды түзету нысаны басым құжат болып табылады.
      Тиісінше жеке шотта кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың қайталама есептелуін/азайтылуын болдырмау мақсатында жеке шоттың «есепке жазылды/азайтылды» деген бағанына кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың кедендік құнды түзету нысаны бойынша есепке жазылған/азайтылған сомасы енгізіледі.
      Бұл ретте, бұрын жеке шоттың «есепке жазылды/азайтылды» деген бағанында көрсетілген сомалар тексеру актісі негізінде нөлдеуге жатады.
      37. Кедендік баждар мен қосылған құн салығын төлеу мерзіміне өзгерісті кеден органы жеке шоттың «кейінге қалдырылды/бөліп-бөліп төленді» деген бағанына енгізеді және:
      1) кедендік баждарды төлеу мерзімін өзгерту туралы кеден органы қабылдаған шешім;
      2) қосылған құн салығын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту жөніндегі ақпарат;
      3) кедендік декларация негізінде жүзеге асырылады.
      38. Қосылған құн салығын төлеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылған жағдайда қосылған құн салығын төлеу бойынша ұсынылатын кейінге қалдыру сомасын есепке алу үшін салық органының жазбаша растауы негіз болып табылады. Бұл ретте қосылған құн салығын төлеу бойынша кейінге қалдыру сомасын өтеуді бақылауды салық органдары жүзеге асырады.
      39. Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есепке алуды жүргізу тәртібінің сақталуын бақылау мақсатында кедендік кірістер бөлімінің лауазымды адамы ай сайын жеке шоттардағы операцияларды көрсетудің дұрыстығын тексереді.
      40. Жеке шоттарды тексеру кезінде:
      1) кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есепке жазылған немесе азайтылған сомасын төлеу мерзімі бойынша, оның ішінде Тізілім негізінде жеке шоттардағы жазбалардың уақтылығын, дұрыстығын, толықтығын;
      2) бастапқы төлем құжаттары мен қазынашылықтың аумақтың бөлімшесінен нысандар негізінде кедендік баждардың, салықтар мен кедендік алымдардың төленген, қайтарылған сомаларының жеке шоттардағы жазбаларының уақтылылығын, дұрыстығын, толықтығын;
      3) кейінге қалдыруды (бөліп-бөліп төлеуді) ұсыну туралы құжаттар мен қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінің нысандары негізінде кедендік төлемдер мен қосылған құн салығын төлеуді кейінге қалдыру (бөліп-бөліп төлеу) бойынша сомалардың жеке шоттардағы жазбаларының уақтылылығын, дұрыстығын, толықтығын;
      4) төлеушілердің бюджетпен есеп айырысуды жүргізуінің дұрыстығын;
      5) жеке шоттардың барлық бағандары бойы қорытынды жасаудың дұрыстығын;
      6) өсімпұлдың сомаларын есепке жазу мен көрсетудің дұрыстығын;
      7) кедендік төлемдерді, салықтар мен кедендік алымдарды төлеу мерзімін көрсетудің дұрыстығын тексеру қажет.
      41. Жеке шоттардың барлығы тексеруге жатады.
      42. Кедендік кірістер бөлімінің лауазымды адамы жыл басынан бастап бюджетке түскен кедендік төлемдердің, салықтар мен кедендік алымдардың жеке шоттарда көрсетілген сомаларының тексеру күніне тиісті бюджеттік сыныптаманың кодтары бойынша қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінің деректеріне сәйкестігін тексеру қажет.
      43. Кедендік кірістер бөлімінің бастығы жарты жылда бір рет есептеу туралы деректерді таратудың, сондай-ақ бюджетке түсімдер туралы құжаттардың және басқа жеке шоттардағы және жиынтық қорытынды кітаптарындағы жазбалардың уақтылығына, дұрыстығына, толықтығына іріктеп тексеру жүргізеді.
      44. Кеден органының лауазымды адамы төленушімен бірге жылына бір рет Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша есептеулерді салыстыру актісін жасай отырып, жеке шоттар бойынша деректерді салыстыруды жүргізеді. Кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректері және сыртқы экономикалық қызметке қатысушының деректері бойынша кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша мәліметтердің ауытқуы анықталған жағдайда төлеуші кеден органына мынадай құжаттардың:
      1) кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар сомасын төлеуді растайтын төлем құжаты;
      2) кедендік декларациялар, кедендік кіріс ордерлері, кедендік құнды түзетулер және олар бойынша кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар есептелген және төленген кедендік ресімдеу үшін қажетті өзге құжаттар;
      3) кедендік алымдарды төлеу кедендік декларацияны мәлімдемей жүргізілген жағдайларда табыс етілетін, жүзеге асырылғаны үшін кедендік төлемдер төленген, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру, тауарларды сыныптау жөнінде немесе тауарлардың шығарылған елі туралы алдын ала шешім қабылдау кезінде ресімделген өзге құжаттар көшірмелерін он жұмыс күні ішінде ұсынады:
      Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар және өсімпұлдар бойынша салыстыру актісі екі данада жасалады, бір данасы кеден органында қалады, екіншісі төлеушіге беріледі.
      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1499 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Төлеушілердің жеке шоттарын жабу

      45. Қаржы жылы аяқталғаннан кейін жеке шоттарды жабу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) қалдықтары жоқ жеке шоттар қаржы жылы аяқталғаннан кейін жабылады және оларға күні көрсетілген, қол қойылған «Жеке шот жабылды» деген жазба қойылады;
      2) төлеушінің жеке шоты бойынша қалдық болған жағдайда сальдо жаңа қаржы жылында ашылған жеке шотқа аударылады;
      3) бұл жағдайда төлеушінің бұрынғы жеке шоты «Жеке шот жабылды. Қалдық ___ жылғы жеке шотқа аударылды» деген жазбамен ресімделеді.
      46. Қаржы жылының аяқталуымен жеке шоттар жабылғаннан кейін жеке шотта кез келген операциялардың жазбасы жүргізілмейді.
      47. Кедендік баждардың, салықтар мен кедендік алымдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары төленген күннен бастап бес жыл өткеннен кейін жеке шоттардан есептен шығарылады.
      48. Бес жыл (қоса алғанда) өткеннен кейін кедендік баждардың, салықтар мен кедендік алымдардың артық (қате) төленген сомаларын есептен шығару үшін кеден органында кеден органы басшысының не оны алмастыратын адамның бұйрығы негізінде комиссия құрылады. Комиссияның төрағалығына кеден органының басшысы немесе оны алмастыратын тұлға тағайындалады. Комиссияның құрамына міндетті түрде құқықтық қамтамасыз ету және кедендік кірістер басқармаларының (бөлімдерінің) лауазымды адамдары енгізіледі.
      Кедендік төлемдердің, салықтар мен кедендік алымдардың артық (қате) төленген сомаларын есептен шығару екі данада ресімделетін және комиссия төрағасы мен мүшелері қол қоятын есептен шығару актісі негізінде жүргізіледі. Кедендік баждардың, салықтар мен кедендік алымдардың артық (қате) төленген сомаларын есептен шығару актісін кеден органының басшысы бекітеді.
      Кедендік баждардың, салықтар мен кедендік алымдардың артық (қате) төленген сомаларын есептен шығарудың бекітілген актісінің даналары қатаң есептілік құжаттарын сақтау үшін көзделген тәртіппен кеден органдарында:
      біріншісі - кедендік кірістер бөлімінде;
      екіншісі - мұрағатта сақталады.
      49. Кодекстің 132, 172-баптарының нормалары кеден органдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізумен байланысты қалыптасқан кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алуды және есептен шығаруды үмітсіз деп тану туралы шешімдер қабылдау тәртібін айқындайды.
      Берешекті өндіріп алуды және есептен шығаруды үмітсіз деп тану туралы шешім қабылдау үшін:
      1) ұйымды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарату;
      2) банкрот деп тану;
      3) жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе соттың қайтыс болды деп жариялауы;
      4) кеден органдарының талап етуі бойынша бес жылды құрайтын талап қою мерзімінің өтуі негіздеме болып табылады.
      50. Кедендік баждардың, салықтар мен кедендік алымдардың берешегін өндіріп алуды және есептен шығаруды үмітсіз деп тану туралы шешімді алдында берешегі бар кеден органы қабылдайды.
      Берешек қалыптасқан күннен бастап бес жыл (қоса алғанда) ішінде өтелмеген берешекті өндіріп алуды және есептен шығаруды үмітсіз деп тану үшін кеден органында кеден органы бірінші басшысының не оны алмастыратын адамның бұйрығы негізінде комиссия құрылады. Комиссияның төрағасы болып кеден органының басшысы не оны алмастыратын адам тағайындалады. Комиссияның құрамына міндетті түрде заң қызметі, кедендік кірістер және посткедендік бақылау бөлімшелерінің лауазымды адамдары енгізіледі.
      Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар бойынша берешекті есептен шығару үш данада ресімделетін және комиссияның төрағасы мен мүшелері қол қоятын есептен шығару актісі негізінде жүргізіледі. Кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешекті есептен шығару актісін кеден органының басшысы бекітеді.
      Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар бойынша берешекті есептен шығарудың бекітілген актісінің даналары қатаң есептілік құжаттарын сақтау үшін көзделген тәртіппен кеден органында:
      біріншісі – кедендік кірістер бөлімшесінде;
      екіншісі – посткедендік бақылау бөлімшесінде;
      үшіншісі–мұрағатта сақталады.
      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1499 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Кедендік баждардың, салықтардың, 
кедендік алымдардың және өсімпұлдардың
бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ
төлеушілердің кедендік баждардың,
салықтардың, кедендік алымдардың және
өсімпұлдардың түрлері бойынша жеке 
шоттарын жүргізу қағидасына   
1-қосымша            

Нысан

________________________________________________ бойынша
(төлемнің (немесе салықтың) атауы және коды)
жеке шот

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1499 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Төлеушінің атауы (немесе жеке тұлғалар үшін Т.А.Ә.) _________________
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі ______________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда) ___________________________________________________________
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптауышының коды _______________
Экономикалық қызметтің жалпы сыныптауышының коды ____________________
Қосымша құн салығы бойынша есепке тұруы туралы куәліктің сериясы мен нөмірі және қосылған құн салығы бойынша есепке тұру күні ____________

Р/с

Жазба күні

Құжат үлгісі

Құжаттың №

Құжаттың күні

Операция басталғандағы төлем/ салық сальдосы (+, -)

Төленді

Есепке жазылды

Азайтылды

Қайтару/кейінге қалдыру

Операция соңындағы төлем/салық сальдосы

Өсімпұлдан сальдо

Негізгі төлемдер есепке жазылды

Есепке жатқызу әдісімен ҚҚС есепке жазылды

Өсімпұл есепке жазылды

Негізгі төлемді есепке жазу азайтылды

Өсімпұлды есепке жазу азайтылды

Қайтарылды

Кейінге қалдыр ылды/бөліп-бөліп төленді

1

2

3

4

5

6

7

8.1

8.2

9

10

11

12

13

14

15

1

















Жиыны:















Қорытындылар: _________________________________________ төленді
_______________________________ негізгі төлем есепке жазылды
___________________________________ өсімпұл есепке жазылды
________________________ негізгі төлемді есепке жазу азайтылды
___________________________ өсімпұлды есепке жазу азайтылды
____________________________________ бюджеттен қайтарылды
_______________ төлемдер кейінге қалдырылды/бөліп-бөліп төленді
_______________ кейінге қалдырылған/бөліп-бөліп төленген төлемдер есепке жазылды
_______________ кейінге қалдырылған/бөліп-бөліп төленген төлемдер өтелген жоқ
_______________ төлеушінің СТН
_______________ төлеушінің ЖСН/БСН (бар болған жағдайда)

Кедендік баждардың, салықтардың, 
кедендік алымдардың және     
өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке
алу, сондай-ақ төлеушілердің кедендік
баждардың, салықтардың, кедендік 
алымдардың және өсімпұлдардың  
түрлері бойынша жеке шоттарын  
жүргізу қағидасына      
2-қосымша           

Нысан

Кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың сомасын
есепке жазуға (азайтуға) тізілім

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1499 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Р/с №

Төлеушінің атауы

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі

Жеке сәйкестендіру нөмірі /Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда)

Төлем (салық) түрі

Бюджет кірістері сыныптамасының коды

Тауарлар декларациясы және басқа құжаттар бойынша есепке жазуға (азайтуға) (+, -)







құжат

төлеу мерзімі

төлем (салық) сомасы

өсімпұл сомасы







түрі

нөмірі

күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12














Жиыны:











Тізілімді:__________________________________________________ тапсырды
         (ресімдеу, посткедендік бақылау және т.б. бөлімдері қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы мен қолы)
Тізілімді:__________________________ қабылдап алды және жеке шоттарға
      (кірістер бөлімі қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы мен қолы) тарату жүргізді.
 

Кедендік баждардың, салықтардың, 
кедендік алымдардың және өсімпұлдардың
бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ
төлеушілердің кедендік баждардың,
салықтардың, кедендік алымдардың және
өсімпұлдардың түрлері бойынша жеке
шоттарын жүргізу қағидасына  
3-қосымша            

Нысан

Жиынтық қорытындылар кітабы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1499 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Жазба №

Төлеушінің атауы

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі

Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда)

Төлемнің/салықтың түрі мен коды

Төлемнің/салықтың түрі мен коды

Операция басталғандағы төлем/ салық сальдосы(+, -)

Кіріс

Шығыс

Операция аяқталғандағы төлем/ салық сальдосы (+, -)

Операция басталғандағы төлем/ салық сальдосы (+, -)

Кіріс

Шығыс

Операция аяқталғандағы төлем/ салық сальдосы (+, -)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1












2












3













Жиыны қаңтарда











1












2












3













Жиыны ақпанда











1












2












3













және т.б.












Жиыны қаржы кезеңінде











      кестенің жалғасы:

Төлемнің/салықтың түрі мен коды

Төлемнің/салықтың түрі мен коды

Барлығы жеке шоттар бойынша

Операция басталғандағы төлем/салық сальдосы (+, -)

Кіріс

Шығыс

Операция аяқталғандағы төлем/ салық сальдосы (+, -)

Операция басталғандағы төлем/ салық сальдосы (+, -)

Кіріс

Шығыс

Операция аяқталғандағы төлем/ салық сальдосы (+, -)

Операция басталғандағы төлем/салық сальдосы (+, -)

Кіріс

Шығыс

Операция басталғандағы төлем/салық сальдосы (+, -)

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

































































































Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 23 қарашадағы
№ 1229 қаулысымен 
бекітілген      

Нысан

Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар
бойынша салыстыру актісі

      Кедендік кірістер бөлімінің қызметкері ____________ және төлеуші ______________
20 ___ ж. «__» ___-дан 20__ж. «__» _____ аралығындағы кезең үшін кедендік төлемдер мен салықтар бойынша есептеулерді салыстыру жүргізді.


Кезең басындағы сальдо (бересі -, артық төлеу+)

Есепке жазылды

Азайтылды

Төленді

Қайтарылды

Кезең соныңдағы сальдо (бересі -, артық төлеу +)

Кедендік төлем немесе салық

өсім пұл

Кедендік төлем немесе салық

өсім пұл

Кедендік төлем немесе салық

өсім пұл

Кедендік төлем немесе салық

өсім пұл

Кедендік төлем немесе салық

өсім пұл

Кедендік төлем немесе салық

өсім пұл

Кедендік төлемнің немесе салықтың атауы мен коды

Кеден органының деректері бойынша













Төлеушінің деректері бойынша













Алшақтықтар (+, -)













Кедендік төлемнің немесе салықтың атауы мен коды

Кеден органының деректері бойынша













Төлеушінің деректері бойынша













Алшақтықтар (+, -)













және т.б.














ЖИЫНЫ













Салыстыру актісі жасалған күн 20__ж.«__» ________
Салыстыру актісінің кеден органында тіркелген күні жіне нөмірі 20__ж.«__» ___ №______
Кедендік кірістер бөлімінің бастығы: ____________
                                       (қолы)
      Төлеуші: ___________________
                   (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады