Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қарашадағы N 1244 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 49) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасы бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасының теңіздегі және ішкі су айдындарындағы мұнай операцияларымен байланысты теңіз ғылыми зерттеулерін жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 маусымдағы № 693 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 26, 219-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 24 қарашадағы
№ 1244 қаулысымен
бекітілген

Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасы

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.10.24 № 1349 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 49) тармақшасына сәйкес әзірленді және Каспий және Арал теңіздерінің қазақстандық бөлігінде теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Теңіздегі ғылыми зерттеулер жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың теңізге әсерін және олардың қоршаған ортаға салдары мен биологиялық әртүрлілігін зерттеу мақсатында жүргізіледі.
      3. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді қазақстандық та, шетелдік те жеке және заңды тұлғалар, шетелдік мемлекеттік және құзыретті халықаралық ұйымдар жүзеге асыра алады.
      4. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі теңіздегі ғылыми зерттеулер саласындағы құзыретті орган (бұдан әрі – құзыретті орган) болып табылады.
      5. Теңізде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде мынадай теңіздегі ғылыми зерттеулер жүзеге асырылуы мүмкін:
      1) экологиялық зерттеулер (мұнайдың төгілуін зерттеу, қоршаған ортаны ластаушылармен күрес жөніндегі әдістер мен технологияларды әзірлеуге байланысты зерттеулер, авариялық жағдайларды зерттеу және басқалар);
      2) сулы ортаның және мұзды жағдайдың гидродинамикасын зерттеу;
      3) Каспий теңізі деңгейінің тербелістерін және оның теңіздегі мұнай-газ кәсіпшілігі гидротехникалық құрылыстарына және жағадағы мұнай-газ инфрақұрылымына тигізетін әсерін зерттеу және болжамдау;
      4) ғылыми-зерттеу мақсатында мұнай операциялары мен бұрғылауды жүргізудің су асты әдістерін әзірлеуге бағытталған зерттеулер;
      5) теңіз аясында түрлі құрылыс материалдарының жай-күйін зерттеуге бағытталған зерттеулер;
      6) су асты кәбілдері мен құбырларын төсеу жобасын (жобаларын) әзірлеудің ғылыми қамтамасыз етілуіне бағытталған зерттеулер;
      7) Каспий теңізінің қазақстандық секторында жасанды аралдар, құрылыстар мен қондырғылар жасау жобасын (жобаларды) әзірлеудің ғылыми қамтамасыз етілуіне бағытталған зерттеулер;
      8) гидрографикалық, геофизикалық, гидробиологиялық және геотехникалық зерттеулер;
      9) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға байланысты өзге де ғылыми зерттеулер.

2. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу тәртібі

      6. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізуге мүдделі тұлғалар (бұдан әрі – өтініш берушілер) жұмыстарды жүргізудің басталуы жөнінде құзыретті органға мыналарды:
      1) теңізде ғылыми зерттеулер жүргізудің сипаты мен мақсаты туралы ақпаратты;
      2) теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу жоспарланатын ауданның географиялық координаттарын, көрсетілген аудандарға баратын және кері қайтатын маршруттарды;
      3) зерттеу жүргізетін кемелердің алғашқы келетін және түпкілікті кететін болжамды күндері, қатыстырылатын кемелер мен жүзіп жүретін құралдардың түрлері, ғылыми жабдықтарды орналастыру және шығару мерзімдерін қамтитын хабарлама жібереді.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.02.2014 N 49 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізуге мынадай жағдайларда жол берілмейді:
      1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірсе немесе төндіруі мүмкін болса;
      2) қоршаған теңіз аясын қорғау, табиғи ресурстарды сақтау, сондай-ақ теңіздердің су ресурстарын кешенді пайдалану талаптарымен үйлеспейтін болса;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған жабдықты, қондырғыларды немесе іс-қимылдарды қамтитын болса;
      4) Қазақстан Республикасының теңіз акваториясының қазақстандық бөлігінде өзінің егеменді және айрықша құқықтарын жүзеге асыруда жүргізетін қызметіне кедергі келтіретін болса;
      5) жасанды аралдарды, қондырғыларды және құрылыстарды салуды, қолдануды немесе пайдалануды қамтитын болса.
      8. Хабарламаны алғаннан кейін құзыретті орган бес жұмыс күні ішінде оны жер қойнауын зерттеу және пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары, мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдарға жібереді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.02.2014 N 49 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Теңіздегі ғылыми зерттеулер тапсырыс беруші (теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізуді ұйымдастырушы тұлға) бекітетін жеке жобалар бойынша өткізіледі және нәтижесі қоршаған орта және су ресурстары саласындағы уәкілетті органмен келісіледі. Қоршаған орта және су ресурстары саласындағы уәкілетті орган жобаны 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодекстің 50-бабында белгіленген мерзімдерде қарайды.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.02.2014 N 49 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу нәтижелері туралы есеп жер қойнауын зерттеу және пайдалану, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, қоршаған орта және су ресурстары саласындағы уәкілетті органдарға жолданады.
      Ескерту. Қағида 10-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.02.2014 N 49 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады