Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 535 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1269 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Аккумулятор батареяларының кейбір түрлерінің импортына қатысты іс қарауды бастау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 535 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 315-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақта:
      1)тармақшада:
      бірінші абзацтағы «Мынадай» деген сөз «Беларусь Республикасынан және Ресей Федерациясынан шығарылатындарын және әкелінетіндерін қоспағанда, мына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы «аяқталғанға дейін» деген сөздерден кейін «Беларусь Республикасынан және Ресей Федерациясынан шығарылатындарын және әкелінетіндерін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешім туралы белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың интеграциялық комитетін хабардар етсін.
      3. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады