Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1280 Қаулысы

      «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне осы қаулыға қосымшаға сәйкес сот актілерін орындау үшін 2010 жылға арналған республикалық бюджетте соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 3 221 646 (үш миллион екі жүз жиырма бір мың алты жүз қырық алты) теңге бөлінсін.
      2. Зиян келтірген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен оқшауландырылған қаражатты өтеу жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастан қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 30 қарашадағы
№ 1280 қаулысына  
қосымша       

Орындауға жататын сот актілерінің тізбесі

Р/с №

Сот органының атауы және шешім шығарылған күн

Талапкер

Мемлекет кірісіне мемлекеттік баж шегерілген сома (теңге)

Мемлекет кірісіне мемлекеттік баж (теңге)

1

2

3

4

5

1

Ақтөбе қалалық сотының 2010 жылғы 12 мамырдағы шешімі,
Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық сот алқасының 2010 жылғы 24 маусымдағы қаулысы,
Ақтөбе облыстық сотының кассациялық сот алқасының 2010 жылғы 11 тамыздағы қаулысы,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының 2010 жылғы 7 қазандағы қаулысы

Т.Т. Қарамырзиев

1 858 973


2

Петропавл қалалық № 2 сотының 2009 жылғы 11 тамыздағы шешімі,
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2009 жылғы 7 қазандағы қаулысы

С.И. Саракун


11

3

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның № 2 аудандық сотының 2009 жылғы 19 қазандағы шешімі,
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы қаулысы,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының 2010 жылғы 28 қазандағы қаулысы

В.В. Горбаченко

1 000 000


4

Қарағанды облысы Сәтпаев қалалық сотының 2004 жылғы 20 қаңтардағы шешімі,
Қарағанды облысы Сәтпаев қалалық сотының 2005 жылғы 1 ақпандағы ұйғарымы,
Қарағанды облысы Сәтпаев қалалық сотының 2010 жылғы 19 қазандағы ұйғарымы

Ж.С. Тілегенов

362 662


Жиыны:


3 221 635

11

Жалпы сомасы:

3 221 646


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады