Бaғa белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалдау жүйелері бойынша газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу қағидасы туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1289 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалдау жүйелері бойынша газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу қағидасы туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Естайұлы Шөкеевке Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалдау жүйелері бойынша газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу қағидасы туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 30 қарашадағы
№ 1289 қаулысымен 
мақұлданған    

Жоба

Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда,
газ тасымалдау жүйелері бойынша газ тасымалдау саласындағы
табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу
қағидасы туралы келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
      1995 жылғы 6 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы Кеден одағы туралы келісімді, 1995 жылғы 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімді, 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартты, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты негізге ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісімнің мақсаты үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      «газ» - негізінен, метаннан тұратын, газ тасымалдау жүйелері бойынша сығылған газ тәріздес жағдайда тасымалданатын, Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердің аумағында өндірілетін және/немесе шығарылған газ тәріздес көмірсутектердің және басқа газдардың жанғыш қоспасы;
      «газ тасымалдау жүйелері» - магистральдық газ құбырларын қамтитын және газ тасымалдауға арналған құрылыстар мен газ тарату тораптарынан басқа, олармен бірыңғай технологиялық процесс арқылы байланысатын объектілер;
      «газ тасымалдау жөніндегі қызметтер» - газ тасымалдау жүйелері бойынша газды өткізу жөніндегі қызметтер;
      «Құзыретті органдар» - осы Келісімді іске асыруды бақылау үшін Тараптар уәкілеттік берген органдар;
      «ішкі қажеттіліктер» - Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының аумағында тұтынуға қажетті газ көлемі;
      «газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу» - газ тасымалдау үшін Тараптар мемлекеттерінің табиғи монополиялар субъектілері басқаратын газ тасымалдау жүйелерін пайдалану құқығын беру;
      «нарықтық (тең кірісті) бағалар» - ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, оның ішінде мынадай қағидаттарға негізделе отырып қалыптастырылған көтерме газ бағасы:
      Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы газ өндіруші мемлекеттер үшін нарықтық көтерме бағаны қалыптастыру осы мемлекеттерде алынатын баждың, алымдардың, салықтардың, басқа да төлемдер шамасының ішкі нарықтағы газды сату бағасынан және газ жеткізушінің сыртқы және ішкі нарықтағы газ тасымалдау құнының айырмашылығын ескере отырып, Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы газ өндіруші мемлекеттерден тысқары жерлердегі газ тасымалдау құнынан шегеру жолымен жүзеге асырылады;
      Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы газ тұтынушы мемлекеттер үшін - нарықтық көтерме баға сыртқы нарықта газ сату бағасынан бажды, алымдарды, салықтарды, басқа да төлемдерді, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы газ өндіруші мемлекеттен тысқары жерлерде газ тасымалдау құнынан шегеру арқылы жүзеге асырылады;
      «Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы газ өндіруші мемлекеттер» - аумақтарында газ өндіру мен шығаруға қарағанда аз тұтынылатын Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттер;
      «Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы газ тұтынушы мемлекеттер» — аумақтарында газ өндіру мен шығаруға қарағанда көп тұтынылатын Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттер.

2-бап

      Осы Келісімнің мақсаты баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалдау жүйелері бойынша газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу қағидасын белгілеу болып табылады.
      Газ тасымалдау саласындағы табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу осы Келісімнің Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердің аумағынан шыққан газға ғана қатысты шарттарына сәйкес ұсынылады. Осы Келісімнің ережелері Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарынан шыққан газға қолданылатын газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу қатынастарына және Бірыңғай экономикалық кеңістіктен тысқары жерлерге және одан тысқары жерлерден газ тасымалдау саласындағы қатынастарға таратылмайды.

3-бап

      Газ тасымалдау жүйелері бойынша газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету кезінде Тараптар мынадай негізгі қағидаттарға сүйенеді:
      өзара саудада кедендік әкелу және әкету баждарын (баламалы мәні бар өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) Тараптардың қолданбауы;
      бірінші кезекте Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердің ішкі газға қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
      Тараптар мемлекеттерінің ішкі қажеттілігін қанағаттандыру үшін газ тасымалдау бағасы мен тарифі Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес белгіленеді;
      Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердің газға нормалары мен стандарттарын біріздендіру;
      экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

4-бап

      Осы Келісімде көзделген Бірыңғай экономикалық кеңістіктің газ тасымалдау жүйелері бойынша газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету шарты Тараптардың шаралар кешенін іске асыруы болып табылады, ол мына іс-шараларды қамтиды:
      а) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде газды ішкі тұтыну туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат негізінде ақпарат алмасу жүйесін құру;
      б) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Келісімге сәйкес
индикативті болжамдық баланстарды дайындау үшін тетіктер құру;
      в) 2011 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердің газға нормалары мен стандарттарын біріздендіру;
      г) Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердің аумақтарында газдың нарықтық (тең табысты) бағасына көшу.
      Жоғарыда көрсетілген шаралар кешенін орындауды Тараптардың аяқтауы осы Келісімге Хаттамамен ресімделеді.

5-бап

      Тараптар Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы барлық мемлекеттердің аумақтарында газға нарықтық (тең кірісті) бағаға 2015 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
      Бұл ретте Қазақстан тарабы Қазақстан Республикасының аумағында газ сатудың бағасын Ресей Федерациясының аумағындағы газ бағасымен салыстырмалы деңгейге дейін кезең-кезеңімен көтеруді қамтамасыз етеді.

6-бап

      Осы Келісімнің 4-бабында баяндалған іс-шаралар кешенін барлық Тараптар орындағаннан кейін Тараптар қолда бар техникалық мүмкіндіктері, Бірыңғай экономикалық кеңістік елдерінің келісілген индикативті болжамдық газ балансын ескере отырып, газ тасымалдау жүйесінің бос қуаттары шегінде және шаруашылық жүргізуші субъектілердің азаматтық-құқықтық шарттары негізінде мына қағидалар бойынша Тараптар мемлекеттерінің ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған газды тасымалдау үшін басқа Тараптар мемлекеттерінің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында орналасқан газ тасымалдау жүйелеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді:
      Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне аумағы арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын Тараптың газ тасымалдау жүйесінің иелері болып табылмайтын газ өндірушілермен бірге, тарифтерді қоса алғанда, бірдей жағдайларда басқа Тарап мемлекетінің газ тасымалдау жүйесіне қол жеткізу ұсынылады;
      газ тасымалдауға арналған көлемдер, бағалар және тарифтер, сондай-ақ газ тасымалдау жүйелері бойынша газды тасымалдаудың коммерциялық және өзге де шарттары Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес Тараптар мемлекеттерінің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы азаматтық-құқықтық шарттармен анықталады;
      Тараптар өз мемлекеттерінің аумағында қызметін жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында магистральдық газ құбырлары бойынша газ тасымалдауға арналған қолданыстағы шарттардың тиісінше орындалуына жәрдемдеседі.

7-бап

      Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары Бірыңғай экономикалық кеңістік елдерінің индикативті болжамдық газ балансын (ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өндіру, тұтыну және жеткізу) 5 жыл мерзімге әзірлейді және келіседі, ол жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін нақтыланады.
      Тараптар келісілген газ балансын ескере отырып, Тараптар мемлекеттерінің ішкі нарықтарына газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қол жеткізуді ұсынады.

8-бап

      Тараптар мынадай салаларда ұзақ мерзімді өзара пайдалы ынтымақтастықты дамытуға ұмтылады:
      - Тараптар мемлекеттерінің аумақтары бойынша газ тасымалдау;
      - газ құбырларын, газдың жерасты қоймаларын және газ кешенінің басқа да инфрақұрылымдық объектілерін салу, қайта құру және пайдалану;
      - Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердің ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті сервистік қызметтерді ұсыну.
      Тараптар Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттер аумағында орналасқан газ тасымалдау жүйелерінің жұмыс істеуін регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттарды бірегейлендіруді қамтамасыз етеді.

9-бап

      Осы Келісім Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен міндеттерін қозғамайды.
      Тараптардың осы Келісіммен реттелмеген газ тасымалдау саласындағы қатынастарына Тараптардың ұлттық заңнамасы қолданылады.
      Тараптардың бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімі осы Келісімде көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, газ тасымалдауды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылады.

10-бап

      Осы Келісімнің орындалуын үйлестіруді мынадай құзыретті органдар жүзеге асырады:
      Беларусь тарапынан - Беларусь Республикасы Энергетика министрлігі;
      Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі;
      Ресей тарапынан - Ресей Федерациясы Энергетика министрлігі.
      Құзыретті органдар ауысқан жағдайда Тараптар бұл туралы бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы хабардар етеді.

11-бап

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар, бірінші кезекте, келіссөздер мен консультациялар арқылы шешіледі.
      Егер дау бір Тараптың келіссөздер мен консультациялар жүргізу туралы басқа Тарапқа ресми жазбаша өтініш жіберген күнінен бастап алты ай ішінде Тараптардың келіссөздері мен консультациялары арқылы реттелмесе, дау тараптары арасында оны шешу тәсіліне қатысты өзге уағдаластық болмаған жағдайда, дау тараптарының кез келгені бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға бере алады.

12-бап

      Осы Келісімде ештеңе Тарапты осы Келісімнен туындайтын қағидаларды және/немесе артықшылықтарды осы Келісімге қатысушы болып табылмайтын үшінші мемлекеттерге немесе осындай үшінші мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне олардың тауарларын немесе қызметтерін таратуға міндеттейтіндей болып түсіндірілмеуге тиіс.

13-бап

      Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Келісімге Хаттамамен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

14-бап

      Осы Келісімнің күшіне сну, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамамен айқындалады.

      ________ қаласында 2010 жылғы «___» _______ орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
      Келісімнің түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетінде сақталады, ол оның депозитарийі болып табылады және әрбір Тарапқа оның расталған көшірмесін жібереді.

      Беларусь                  Қазақстан                 Ресей
  Республикасының           Республикасының           Федерациясының
    Үкіметі үшін              Үкіметі үшін              Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады