2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1315 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 тамыздағы № 904 Қаулысымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011.08.03 № 904 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Жоба

2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы
Хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер,
      Халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
      2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Соты Статутының 29-бабын басшылыққа ала отырып,
      2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шарттан туындайтын халықаралық шарттарды ескере отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 5-баптың 3-тармағының г) тармақшасындағы «қосымша қарауды талап етеді» деген сөздер алып тасталсын;
      2) 14-баптың 2-тармағының в) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «в) шаруашылық жүргізуші субъектілердің өтініші бойынша қарайды.»;
      3) 24-бапта:
      бірінші бөлігінде «туындайтын нақты дауды шешу үшін» деген сөздер «нақты істі қарау немесе нақты дауды шешу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлігі алып тасталсын.

2-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады, ратификациялауға жатады және депозитарий үшінші ратификациялық грамотаны алған күнінен бастап күшіне енеді.

      20 жылғы «___» _______ _________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінде сақталады.

      Беларусь               Қазақстан             Қырғыз
   Республикасы            Республикасы        Республикасы
       үшін                    үшін                 үшін

      Ресей                   Тәжікстан
  Федерациясы               Республикасы
      үшін                      үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады